|
|
|
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы (2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулысымен Бекітілген
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді. Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды: 1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты; 2) ішетін сүт және ішетін кілегей; 3) сүт қышқылды өнімдер; 4) сүзбе және сүзбе енімдері; 5) қаймақ; 6) сиыр сүтінен жасалған май; 7) ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) майлы паста; 9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы; 10) ірімшік және ірімшік өнімдері; 11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.04. № 451 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады. ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Осы техникалық регламент балалар тағамдарына арналған, емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы үй жағдайында дайындалған сүтке және сүт өнімдеріне, жеке тұтынуға арналған сүт және сүт өнімдеріне, сүтті және сүтті құрайтын, құрамында сүт бар консервілерге, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) қолданылатын тағамдық қоспаларға, бояғыштар мен хош иістендіргіштерге қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен мазмұн 1-1-бөлімен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-1. Қауіпті факторлар (қатерлер)
4-1. Сүт және сүт өнімдерінің өмірлік циклы процесінде туындайтын, адамның, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азайтылатын қауіпті факторларға (қатерлерге): улы элементтердің, микотоксиндердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, жануарлардың өсуін тездеткіштердің, гормонды препараттар мен дәрілік заттардың құрамы, сүт және басқа шикізаттың, технологиялық құралдардың, азықтық қоспалардың, дайын өнімдердің механикалық, микробиологиялық ластануы жатады. 4-2. Ықтимал қатерлер өнімнің өмірлік циклының мынадай сатылары (процестері) кезінде туындайды: 1) сүт өнімдерін әзірлеу (жасау); 2) өндіріске дайындауда, қоймаларда, өндірісітік үй-жайларда болғанда, машиналармен, жабдықтармен, материалдармен жұмыста; 3) сүт шикізаты мен сүтке жатпайтын шикізаты, оның ішінде сүт және сүт өнімдерінің өндірісіне арналған азықтық қоспалар мен ингредиенттерді қабылдау және дайындау; 4) сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау); 5) сақтау, тасымалдау, сату; 6) кәдеге жарату, жою.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен мазмұн 1-2-бөлімен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 1-2. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру
4-3. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру мынадай мақсаттарда жүргізіледі: 1) сүт және сүт өнімдерін осы техникалық регламенттің қолданылу саласына жатқызу; 2) сүт және сүт өнімдерінің, оның ішінде олардың атаулары мен сәйкестендіру көрсеткіштерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін анықтау; 3) сүт және сүт өнімдерінің тұтынушыларға арналған ақпаратта, дайындаушы немесе сатушы ұсынған сәйкестік туралы декларацияда немесе сәйкестік сертификатында қамтылған мәліметтерге сәйкестігін анықтау; 4-4. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру осы техникалық регламент талаптарына сүт және сүт өнімдерінің сәйкестігін бағалау және растау кезінде, сондай-ақ, егер ақпаратта сүт және сүт өнімдері туралы толық емес сипаттама болған жағдайда жүргізіледі. 4-5. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіруді: 1) сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сәйкестікті растау рәсімін жүргізу кезінде сынақ зертханалары (орталықтары); 2) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында бақылауды жүзеге асыру кезінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді. 4-6. Сүт және сүт өнімдерін сәйкестендіру стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған ілеспе құжаттарда, сүт және (немесе) сүт өнімдеріне арналған жеткізу шарттарында, келісім-шарттарда, өзіндік ерекшеліктерде, тұтыну орамының затбелгілеріндегі ақпартта және сүт және (немесе) сүт өнімдерінің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттарда келтірілген белгілерді ескере отырып жүргізіледі. 4-7. Сүт және сүт өнімдерінің жасандылығын анықтау мақсатында мынадай сәйкестендіру көрсеткіштері және басқа да көрсеткіштер бойынша сынақтар (зерттеулер) жүргізіледі: 1) дайын сүт өнімінде, сүт құрамды өнімдерде немесе құрамында сүт бар өнімдерде сүттің құрғақ заттарының (құрғақ сүт қалдығының) құрамы, олардың дайын өнімдегі пайызбен массалық үлесі (құрамында сары майы бар сүт өнімін қоспағанда); 2) сүтке жатпайтын майлардың құрамы және болуы, олардың сүттегі және сүт өнімдеріндегі пайызбен массалық үлесі; 3) сүт және сүт өнімдерінің май фазасындағы май қышқылы құрамы (майдың массалық үлесі кемінде 1,5 пайызды құрайтын сүт өнімдерін және майдың массалық үлесі кемінде 8 пайызды құрайтын балмұздақты қоспағанда); 4) ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2010.15.11. № 1201 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-8. Сүт және сүт өнімдеріне жүргізілген сәйкестендіру жүргізу нәтижелері сәйкестендіру жүргізу хаттамасы түрінде талданады және рәсімделеді, оның мазмұны мыналарды: 1) сүт және (немесе) сүт өнімдеріне сәйкестендіру жүргізген ұйым туралы мәліметтерді; 2) заңды тұлғаның тұрғылықты жері (мекен-жайы) және деректемелері, дара кәсіпкер жеке тұлғаның мекен-жайы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген сүт және (немесе) сүт өнімдерін дайындаушы туралы ақпаратты; 3) сәйкестендірілетін өнімдердің атауын, олардың жіктеу белгілерінің атауын; 4) оларға сәйкестендіру жүргізу кезінде пайдаланылған сүт немесе сүт өнімдері туралы мәліметтерді; 5) сүт немесе сүт өнімдерінің шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, оларды сақтау шарттары, нақты таңбалауды, арнайы таңбалауды көрсету (арнайы таңбалау болған кезде); 6) сүт және (немесе) сүт өнімдерін аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықта) (өткізу керек болса) сынаудың (зерттеудің), оның ішінде органолептикалық көрсеткіштерін сынаудың (зерттеудің) нәтижелерін; 7) орам туралы, оның ішінде орам түрі туралы, сүт және сүт өнімдерін тұтыну орамындағы немесе тасымалдау ыдысындағы таза салмағы немесе көлемі туралы мәліметтерді; 8) осы өнім партиясының мөлшерін; 9) таңбалаудың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтерді; 10) соған сәйкес осы өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік құжаттардың (олар болған кезде) немесе осы өнімнің, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген өнімнің сипаттамасын қамтитын басқа да құжаттың (жеткізу келісім-шарты, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы, қауіпсіздікті растайтын құжат, осы өнімге өзіндік ерекшелік) атауын; 11) қосымша сынақтар (зерттеулер) (талап етілген жағдайда) жүргізу туралы қорытындыны, оның қажеттілігін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар белгілейді; 12) осы өнімнің өтінім берілген атауға және (немесе) осы өнімнің нақты партиясына және оның декларияланатын көрсеткіштеріне сәйкестігі туралы қорытындыны қамтиды. 4-9. Сүт және сүт өнімдері Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өндірістен және (немесе) айналымнан шығарылуы тиіс. 4-10. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкессіздік анықталған жағдайда жалған сүт және сүт өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді тоқтату бойынша шаралар қабылдайды және бұл жөнінде тұтынушыларды хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.25.01. № 21 Қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер пайдаланылады: 1) байыту - сүтке және сүтті қайта өңдеу өнімдеріне витаминдерді, микро- және макроэлементтерді, пробиотикалық заттарды, белокті, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтерді, пробиотикалық дақылдарды енгізу процесі; 2) биоөнім - ашытатын микроорганизмдерді пайдалана отырып, ашытқылау процесінде және (немесе) одан кейін монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердің тірі дақылдарын және (немесе) пребиотиктерді қоса отырып дайындалатын сүтті қайта өңдеудің байытылған өнімі; 3) зарарсыздандыру - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететін тығыз жабылған ыдыстарда 100оС-дан жоғары температура кезінде сүтті термикалық өңдеу процесі; 4) контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндіруі мүмкін кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнімдеріне әдейі қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар; 5) қайта қалпына келтіру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнімін дайындау процесі; 6) қалыпқа келтіру - сүттегі немесе сүтті қайта өңдеу өнімдеріндегі сүттің құрама бөлшектерінің қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесі; 7) пастерлеу - өнімнің бастапқы құрамынан кемінде 99,0% микроорганизмдердің патогендік және вегетативтік жасушаларын жоюды қамтамасыз ететін 65оС-дан 100оС-қа дейінгі температура кезінде термикалық өңдеу процесі; 8) пребиотикалық заттар (пребиотиктер) - адам тамаққа тамақ құрамында жүйелі тұтынғанда ас қорыту жолдарындағы қалыпты микрофлораның биологиялық белсенділігінің өсуіне және (немесе) артуына ықпал ету нәтижесінде адам ағзасына қолайлы әсер ететін зат немесе заттар кешені; 9) пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіру әсерімен адам организміне оң әсер ететін, тамақпен бірге келіп түсетін патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер; 10) сүт өнімі - сүтке жатпайтын майларды және ақуызды пайдаланбай-ақ, функционалды қажетті ингредиенттерді қоса отырып немесе қоспай, сүттен және (немесе) оның құрамдас бөліктерінен өндірілген тамақ өнімі; 11) құрамдас сүт өнімі - өнім құрамындағы сүттің құрамдық бөліктері 50%-дан астамын құрайтын сүттің құрамдық бөлігінде, сүттің құрамдық бөлігін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдеріне және сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдық өнім; 12) суыту - технологиялық процестердің талаптарына сәйкес температураны төмендету; 13) құрамында сүті бар өнімдер - өнімнің құрғақ заттарындағы сүттің құрғақ заттарының үлес салмағы кемінде 20%, сүт құрамына жатпайтын майларды және (немесе) белоктарды қоса алғанда, сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен және (немесе) сүт құрамына жатпайтын құрамдас бөліктерден дайындалған тағамдық өнім; 14) ашыған сүт өнімдері - тірі ашытқы микроорганизмдерін қамтитын, рН-ді және белок коагуляциясын азайтуға әкеп соғатын ашытқы микроорганизмдерін пайдалана отырып, сүттің құрамдас бөліктерін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті және (немесе) сүт өнімдерін және (немесе) олардың сүтке жатпайтын құрамдас бөліктердің қоспаларын ашыта отырып әзірленетін сүт немесе сүттің құрамдас өнімі; 15) сүт өнімдері - сүт өнімдерін, құрамдас сүт өнімдерін, құрамында сүті бар өнімдерді, сүттен қайта өңделген жанама өнімдерді қамтитын сүтті қайта өңдеу өнімдері; 16) сүтті қайта өңдеу - сүттің бастапқы қасиетін өзгертетін технологиялық операциялар кешені; 17) сүт шикізатын тазалау - сүтті механикалық қоспалардан және (немесе) микроорганизмдерден тазарту процесі; 18) сүт-шикізат (шикі) - термикалық өңдеуге түспеген сүт; 19) табиғи сүт - сүттің құрамдас бөлшектері реттеуге ұшырамаған сүт; 20) табиғи сүт өнімі - табиғи сүттен дайындалған сүт өнімі; 21) термоөңдеу - сүтті немесе сүт өнімдерін термикалық өңдеу процесі (мұздату, термизациялау, пастерлеу, зарарсыздандыру, ультрапастерлеу немесе ультражоғары температуралық өңдеу) 22) ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен алып тасталды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 25) ультражоғары температуралық өңдеу (УЖТ, ультрапастерлеу) - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары мен спораларын жоюды қамтамасыз ететін 125-140оС-дан астам температурада кемінде 2-5 секунд ұстай отырып, сүтті және оның ағынындағы қайта өңдеу өнімдерін термоөңдеу; 26) ферментті препараттар - сүтті қайта өңдеу өнімдерін дайындау кезінде орын алатын биохимиялық процестерді жүзеге асыру үшін қажетті белоктық заттар. ҚР Үкіметінің 2009.20.03. № 371 Қаулысымен мазмұн 27)-61) тармақшалармен толықтырылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 27) сүт - осы өнімге қандай да қоспа қосылмай немесе одан қандай да бір заттар алынып тасталмай, сауу кезіндегі лактация кезеңінде алынған, ауыл шаруашылығы жануарлары сүтіндегі темірдің қалыпты физиологиялық секрециясы өнімі; 28) қалпына келтірілген сүт - қоюлатылған немесе қойытылған немесе құрғақ табиғи сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан өндірілген сүт өнімі; 29) сүтті қайта өңдеудің жанама өнім - сүтті қайта өңдеу өнімдерін өндіру процесінде алынған жанама өнім; 30) қайталама сүт шикізаты - ішінара жойылған сәйкестендіру белгілері немесе тұтынушылық қасиеттері бар қайта өңдеуден кейін пайдалануға арналған сүтті қайта өңдеудің жанама өнімі, сүт өнімі (оның ішінде олардың жарамдылық мерзімі шегінде қайтарып алынған, бірақ азық-түлік шикізатына қойылатын қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өнімдер); 31) ішетін сүт - майдың массалық үлесі 9 пайыздан аспайтын, сүт шикізатынан дайындалған және термикалық өңдеуге ұшыраған, құнарландырылған немесе қойытылған сүттен немесе құрғақ қаймағы алынбаған сүттен немесе құрғақ майсыздандырылған сүттен және судан жасалған әрі тұтынушылық ыдысқа құйылған сүт өнімі; 32) ішетін кілегей - термикалық өңдеуге ұшыраған және тұтынушылық ыдысқа құйылған кілегей; 33) ұйытылған өнім - сүт қышқылды өнім өндіру технологиясына сәйкес өндірілген және олармен үйлес органолептикалық, физика-химиялық қасиеттерге ие, құрамында сүті бар өнім; 34) қаймақ - сүт өнімдерін қоса отырып немесе оларды қоспай ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және гермофилді қышқылды сүт стрептококтарды пайдалана отырып кілегейді ұйыту жолымен өндірілген және онда майдың массалық үлесі кемінде 9 пайызды құрайтын сүт қышқылды өнім; 35) сүзбе - ашытатын микроорганизмдер - лактококтарды немесе лактококк қоспаларын және термофилді қышқылды сүт стрептококтарды және өздігінен нығыздау, нығыздау, центрифугалау және (немесе) ультрафильтрациялау жолымен сарысуды кейіннен жою арқылы ақуыздар коагуляциясының қышқыл немесе қышқыл-мәйекті әдістерін пайдалана отырып өндірілген сүт қышқылды өнім; 36) сүзбе өнімдері - сүт өнімдерін қоса отырып немесе оларды қоспай, сүтке жатпайтын компоненттерді, оның ішінде сүтке жатпайтын майларды және (немесе) ақуыздарды қоса отырып немесе оларды қоспай, кейіннен термикалық өңдеу арқылы немесе оларсыз, сүзбе өндірісі технологияларына сәйкес сүзбеден және (немесе) сүтті қайта өңдеу өнімдерінен өндірілген сүт өнімі, құрамдас сүт өнімдері немесе құрамында сүті бар өнім. Егер дайын сүтті немесе құрамдас сүтті сүзбе өнімінде массалық үлесі кемінде 75 пайыз сүттің құрамдас бөлігі болса және ондай өнім арнайы органолептикалық және физика-химиялық қасиеттерге қол жеткізу мақсатында термикалық өңдеуге және пісіп-жетілуге ұшырамаса, мұндай өнімдерге қатысты «сүзбе ірімшігі» үғымы пайдаланылады; 37) сүтке жатпайтын компоненттер - сүтті қайта өңдеу өнімдеріне қосылатын, минералдан, өсімдіктен, малдан алынатын тамақ өнімдері; 38) майлы паста - сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе оларды қоспай тұрақтандырғыштарды пайдалану жолымен сиыр сүтінен, сүт өнімінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен ендірілген эмульсиялы май негізіндегі сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі, онда майдың массалық үлесі 39-дан бастап 40 пайызға дейін құрайды; 39) сары май-өсімдік спреді - эмульсиялы май негізіндегі сүтті қайта өңдеу өнімі, онда жалпы майдың массалық үлесі 39-дан бастап 95 пайызға дейін және май фазасындағы сүтті майдың массалық үлесі 50-ден 95 пайызға дейін құрайды; 40) құрғақ табиғи сүт - құрғақ сүт өнімі, онда құрғақ заттардың массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 34 пайызды және майдың массалық үлесі 20 пайызды құрайды; 41) құрғақ майсыздандырылған сүт - құрғақ сүт өнімі, онда сүттің құрғақ заттарының массалық үлесі кемінде 95 пайызды, сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарындағы ақуыздың массалық үлесі кемінде 32 пайызды құрайды және майдың массалық үлесі 1,5 пайыздан артық емес болады; 42) қорытылған май - май фазасын еріту жолымен сары майдан өндірілген және арнайы органолептикалық қасиеттерге ие сиыр сүтінен алынған май, онда майдың массалық үлесі кемінде 99 пайызды құрайды; 43) кілегей - сүттен және сүт өнімдерінен өндірілген, май әмульсиясын және сүт плазмаларын білдіретін сүт өнімі және онда майдың массалық үлесі кемінде 9 пайызды құрайды; 44) кілегей шикізаты - кемінде 45оС температура кезінде термикалық өңдеуге ұшырамаған шикізат; 45) ірімшік - сүт ұйытушы ферменттердің көмегімен немесе оларды пайдаланбай сүт ақуыздарының коагуляциясын қамтамасыз ететін арнайы ұйытқылар, технологияларды пайдалана отырып немесе сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай кейіннен сүт салмағын сарысудан бөліп алу, оны калыпқа түсіру, нығыздау, тұздау, жетілдіру немесе жетілдірмеу арқылы қышқылды немесе термоқышқылды тәсілмен сүттен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен өндірілген сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі; 46) балқытылған ірімшік - балқыту үшін сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай қоспаларды ұсату, араластыру, балқыту және эмульгациялау жолымен сүт өнімдерін және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерін, эмульгациялайтын тұздарды немесе құрылым құрушыларды пайдалану арқылы ірімшіктен және (немесе) сүзбеден өндірілген сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі; 47) ірімшік өнімі - ірімшік өндірісі технологиясына сәйкес өндірілген құрамында сүті бар өнім; 48) сиыр сүтінен алынған май - басым құрамдас бөлігі сүттен алынатын май болып табылатын, сиыр сүтінен, сүт өнімдерінен және (немесе) сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдерінен олардың май фазасын бөліп алу және сүттің құрамдас бөлігін ауыстыру мақсатында емес сүтке жатпайтын компоненттерді коса отырып немесе оларды қоспай ондағы сүт плазмасын бірдей бөлу жолымен өндірілген эмульсиялы май негізіндегі сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі; 49) сары май - майдың массалық үлесі қоса алғанда 50-ден 85 пайызға дейін құрайтын, сиыр сүтінен алынған май; 50) қалыпқа келтірілген сүтті қайта өңдеу өнімі - майдың, ақуыздың және (немесе) сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарының немесе олардың қатынасының массалық үлесінің көрсеткіштері стандарттармен, нормативтік құжаттармен, ережелер жиынтығымен және (немесе) техникалық құжаттармен сәйкес келтірілген сүтті қайта өңдеу өнімі; 51) пломбир - балмұздақ (сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі), ондағы сүт майының массалық үлесі 12 пайыздан 20 пайызға дейін құрайды; 52) балмұздақ - көпіртілген, мұздатылған және мұздатылған түрде қолданылатын тәтті сүт өнімі, құрамдас сүт өнімі немесе құрамында сүті бар өнім; 53) кілегейлі балмұздақ - ондағы сүт майының массасының үлесі 8 пайыздан 11,5 пайызға дейін құрайтын балмұздақ (сүт өнімі немесе құрамдас сүт өнімі);
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |