|
|
|
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 716 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен ереже алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.14.05. № 610 Қаулысымен біліктілік талаптары жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын
Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - лауазымды тұлғалар мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының; 2) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - мәлімделген жұмыстарды орындау үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес қажетті өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, буып-түйетін жинақтар, ыдыс); 3) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау жүйесінің (өтініш беруші бекіткен есепке алу және сақтау жөніндегі нұсқаулықтар, қабылдау, беру, сақтау актілері, қалдықтардың шығу тегі, түрі, мөлшері, радионуклидтік құрамы және белсенділігі туралы құжаттамалар); 4) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен жұмыстың негізгі әдістерін, қалдықтарды жинау, сорттау, сақтау, өңдеу, қайта өңдеу, көму тәсілдерін, үй-жайларды, жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыруды қоса алғанда, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен шарттарын айқындайтын мәлімделген жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентінің; 5) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - өтініш беруші бекіткен радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, радиациялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және жою жоспарының; 6) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - мәлімделген жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық жағдайды бақылау жүйесінің (өлшеу құралдарының, жүргізу кестелері мен әдістемелерінің); 7) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - тиісті білімі және мәлімделген жұмыс бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес (өтініш берушінің бұйрығымен) мәлімделген жұмысты жүзеге асыруға жіберілген техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 8) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес мәлімделген қызметті жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 9) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есептеу жүйесінің (үй-жайларының, аспаптар мен құралдарының, өлшеу әдістемесінің) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылауды жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың; 10) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму пунктінің жобалық құжаттамасының; 11) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиоактивті қалдықтарды сақтау немесе көму пунктін пайдалануға беру актісінің; 12) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - радиациялық және физикалық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттер мен қағидалардың талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен радиоактивті қалдықтарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жоспарының; 13) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың; 14) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - міндетті экологиялық сақтандыру шартының; 15) осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |