Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 19 Қаулысымен күші жойылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 527 қаулысына 2 қосымша
«Миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт Шығыс Қазақстан облысының аумағында миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою тәртібін айқындайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1, 4-2-баптарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің ережесінің 17-1-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті «Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) көрсетеді Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, 237а-кабинет, www.akimvko.gov.kz. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны (нәтижесі) Шығыс Қазақстан облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою туралы куәлік беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеулер мерзімдері: 1) Шығыс Қазақстан облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны есептік тіркеу туралы куәлік тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап 7 күн ішінде беріледі; 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 10 минут; 3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің ең көп жол берілетін уақыты 10 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|