Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы (2008.25.09. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 254 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларына сәйкес, Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса берілген стандарттары бекітілсін: 1) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу; 2) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Б. Иманәлиевке жүктелсін. 3. Осы қаулы әділет органдарында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 25 сәуір № 124 қаулысымен бекітілген
Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: аталған стандарт жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негіздемесі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабы. 4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы: осы Стандарттың № 1 қосымшасына сәйкес аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері. 5. Аяқтау нысаны: жұмыссыз ретінде тіркеу немесе тіркеуден бас тарту. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|