Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ (2007.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар) 2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (6-13 баптар) 3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының (14-20 баптар) 4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (21-27 баптар) 5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы (28-32 баптар) 6-тарау. Опциондардың, фьючерстердің, своптардың, (33-35 баптар) қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының және өзге де туынды бағалы қағаздардың айналысы 7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді (36-40 баптар) тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау 8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық (41-44 баптар) 9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті (45-56 баптар) 10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау (57-62 баптар) 11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк (63-64 баптар) 12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің (65-68 баптар) жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет 13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі (69-72 баптар) қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық 14-тарау. Кастодиандық қызмет (73-75 баптар) 15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет (76-77 баптар) 16-тарау. Орталық депозитарий (78-82 баптар) 17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы (83-90 баптар) 18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы (91-100 баптар) 19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат (101-107 баптар) 20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің (108-112 баптар) 21-тарау. Қорытынды ережелер (113-114 баптар)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындайды. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация; 2) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы; 3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшiн жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде өмiр сүруiн тоқтату; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер; 4) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз; 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) мінсіз іскерлік бедел - кәсіби білікті, адалдығын растайтын факторлардың болуы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы; 5) оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу; 6) брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы; 7) iшкi құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң, оның органдарының, құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдарының, өкiлдiктерiнiң), қызметкерлерiнiң қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуiн және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтiн құжаттар; 8) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар; 9) жеке шоттан үзiндi - бағалы қағаз болып табылмайтын, тiркеушi немесе нақтылы ұстаушы беретiн және тiркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгiлi бiр уақыт кезіндегі құқықтарын растайтын құжат; 10) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған iс-әрекетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы; 11) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмi - уәкiлеттi орган қалыптастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердiң жиынтығы; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 13) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiнен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау; 14) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдары куәландыратын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды 14-1) депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөніндегі қызмет; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды 14-2) депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 15) депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым; 16) депозитке салу - орталық депозитарийдiң депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарын есепке алуы; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 17) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор; 18) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 19) дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кіру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы; 20) құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзіндегі) бағалы қағаздар; 21) тiркелген тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстау есебi жүйесiнде жеке шоты бар тұлға; 22) өтiнiш берушi - бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға; 23) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 24-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 24) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгіндегі немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi; 25) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 26) жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) шетелдiк мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз; 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды 26-2) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шартын жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға; 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен 26-3) тармақшамен толықтырылды 26-3) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалған мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі негізгі активтері осы бағалы қағаздар болып табылатын осы бағалы қағаздардың немесе туынды бағалы қағаздардың рыноктағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат; 27) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға; 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 27-1) тармақшамен толықтырылды 27-1) инфрақұрылымдық облигация — эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объектінің құнының сомасына сәйкес жасалған инфракұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 28) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация; 29) қазақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 30-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 30) кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы; 31) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 32) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтi пайдаланушы немесе пайдаланғысы келетiн тұлға; 33) қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебi; 34) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектiсiнде айқындалған талаптармен және тәртiппен оның басқа түрдегi бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы; 35) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай; 36) бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы; 37) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға; 38) левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 39) листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгізу, оған енгізу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген; 40) лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 41) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмiлелердi тiркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тiркелген тұлғаны сөзсiз бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 42) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға белгiленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған iс-әрекеттерi; 43) ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық код; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 44) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 44) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 45) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 45) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы; 46) облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 47) бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебiнен белгілi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiн тiркеу; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 48) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 48) қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигация; 49) облигациялық бағдарлама - эмитент бiрнеше облигациялар шығаруды, оның iшiнде шығарылымның тиiстi проспектiсi белгiлейтiн әртүрлi құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару; 50) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау; 51) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 52) опцион - шарт, оған сәйкес бiр тарап (опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң) белгiлi бiр санын осы шартта келісілген баға бойынша сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы) сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн; 53) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы; 54) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы; 55) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 56) бастапқы бағалы қағаздар рыногы - эмитенттiң бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы; 57) төлем агентi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым; 58) облигацияларды өтеу - эмитенттiң орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның нақтылы құнын төлеу (кейiннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сол эмитенттiң акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөніндегі iс-әрекетi; 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 59) тармақша толықтырылды 59) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi - эмитентпен жасалған шарт негiзiнде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесiнде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн көздеп iс-әрекет жасайтын ұйым; 60) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат; 61) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз; 62) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жай-күйi, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртібі туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 63) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 63) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 63) бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн бағалы қағаздар рыногында лицензия негiзiнде не заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет iстейтiн (трансфер-агенттi , сондай-ақ Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерді және (немесе) дилерді қоспағанда) заңды тұлға; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 64) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 64) пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 65) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 65) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бастапқы бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздарды сату; 66) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бастапқы бағалы қағаздар рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар; 67) тiркеушi - бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргізудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы; 68) рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сан және әрiп көрсеткiшi; 69) 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 70) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған заңды тұлға; |