Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы Қазақстан (2007.15.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 7 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрылсын. 2. Қоса берiліп отырған: 1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң құрамы; 2) Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсiн. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметiнің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысымен бекiтілген ҚР Үкіметінің 20.06.03 ж. № 590; 19.08.04 ж. № 869 (бұр. ред. қара); 2005.22.02. № 158 (бұр. ред. қара); 2006.21.03. № 193 (бұр.ред.қара); 2006.30.05. № 473 (бұр.ред.қара); 2006.23.11. № 1117 (бұр. ред. қара); 2007.18.01. № 32 (бұр.ред.қара); 2007.28.02. № 157 ; 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестiң
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрі, жетекшi
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Өмірзақ Естайұлы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары
Коржова -Қазақстан Республикасының Қаржы Наталья Артемовна министрі;
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
Кеңес мүшелерi: Школьник - Қазақстан Республикасы Президентінің Владимир Сергеевич Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Бозымбаев - «Самұрық» мемлекеттік Қанат Алдабергенұлы активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Әнуар Ғалимоллаұлы Төрағасы (келісім бойынша) Келімбетов - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік Қайрат Нематұлы қоғамының басқарма төрағасы Орынбаев - Қазақстан Республикасының Премьер- Ербол Тұрмаханұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы
Дунаев - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы Арман Ғалиасқарұлы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Ғалым Ізбасарұлы Индустрия және сауда министрі
Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрi - ЭCK) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi мәселелерi бойынша ұсыныстарды қарайды. 2. ЭCK өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ереженi басшылыққа алады. 3. ЭСК-тiң негiзгi мiндеттерi: 1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеу және iске асыру жөнінде келiсілген көзқарастарды әзiрлеу; 2) экономиканы және әлеуметтiк саланы дамытудың орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелерi, экономикадағы дағдарысты жайттардың пайда болуын болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу немесе олардың мүмкiн терiс салдарларын жұмсарту болып табылады. 4. ЭCK қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлейдi; 2) iшкi және сыртқы факторлардың әсерiмен туындаған елдің экономикасындағы дағдарысты жайттардың туындау мүмкіндігін талқылайды және оларды болдырмау жөнiнде ұқсас шаралар әзiрлейдi. 5. ЭCK заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнiң шегінде: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерiнiң қарауына елдің әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым өзекті мәселелерiн енгізуге; 2) өзiнің жұмысына ел ұйымдарының басшыларын, ғалымдарды, мамандарды, отандық және шетелдiк консультанттарды шақыруға; 3) ұсынымдық сипаттағы қаралатын мәселелер бойынша тиiстi шешiмдер қабылдауға құқығы бар. 5. ЭСК-тің жұмысын ұйымдастыру 6. ЭСК-тiң дербес құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi. ҚР Үкіметінің 2007.18.01. № 32 қаулысымен 7-тармақ өзгертілі (бұр.ред.қара) 7. ЭСК-тiң басшысы оның қызметiне басшылық етедi, ЭСК-тiң мәжiлістерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, ЭCK жүзеге асыратын қызметке жауап бередi. 8. ЭСК-тiң мәжілісi қажеттілігіне орай өткiзiледi, бiрақ оның мүшелерiнің кемiнде жартысы болған кезде тоқсанына бiр реттен жиi болмайды. 9. ЭСК-тің кезектi мәжілісiнiң күн тәртібiн оның басшысы Қазақстан Республикасы Президентiнің тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша қалыптастырады. 10. ЭСК-тiң шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшiн ЭСК-тiң мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда ЭСК-тiң басшысы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 11. ЭСК-тiң жұмыс органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады. 12. Жұмыс органының функциясы күн тәртіптерiне сәйкес ЭСК-тiң мәжiлістерiне материалдар дайындау және оларды ЭСК-тiң мүшелерiне тарату, ЭСК мәжілістерiнің қорытындылары бойынша хаттамалар дайындау болып табылады. Қабылданған шешiм төрағалық етушi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тiзбесi
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 24 қарашадағы № 1192 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 170 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы № 1585 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 қазандағы № 1624 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1942 қаулысы. 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 16 қаулысы. 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 мамырдағы № 801 қаулысы. 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 101 қаулысы. 10. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 сәуірдегі № 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 164-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегi № 1133 қаулысы. 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1559 қаулысы. 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 ақпандағы № 176 қаулысы. 14. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне байланысты жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 215-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 шілдедегi № 732 қаулысы. 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 қазандағы № 1083 қаулысы. 17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1163 қаулысы.
|