|
|
|
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 1 қазандағы № 983 қаулысы
ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшiн әлемдiк экономикалық дағдарыстың дамуына тұрақты мониторинг ұйымдастыру және оның елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына тигiзетiн зардаптарын жұмсарту жөнiнде қажеттi ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрылсын: ҚР Үкіметінің 24.02.99 ж. № 170; 22.10.99 ж. № 1585; 29.10.99 ж. № 1624; 20.12.99 ж. № 1942; 06.01.00 ж. № 16; 26.05.00 ж. № 801; 22.01.01 ж. № 101; 02.09.01 ж. № 1133; 04.12.01 ж. № 1559; 07.02.02 ж. № 176; 28.06.02 ж. № 704; 08.07.02 ж. № 732 қаулыларымен құрам өзгерді ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1083 қаулыcымен құрам жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1163 қаулысымен құрам толықтырылды
Кеңестің мүшелері:
2. Кеңеске капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыноктарында қалыптасатын жағдайына талдау жасау үшiн заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардың мамандарын, отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға рұқсат етiлсiн. 3. Кеңестiң басшысы мемлекеттiң Басшысына жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы апта сайын баяндап отырсын және қажеттiлiгiне қарай тиiстi шешiмдер қабылдау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |