|
|
|
Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы (2014.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты сипаттағы маңызды мәселелерi жөніндегі келісілген көзқарастар мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрылсын. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 934 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса берiліп отырған: 1) Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамы; 2) Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсiн. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 20.06.03 ж. № 590; 19.08.04 ж. № 869 (бұр. ред. қара); 2005.22.02. № 158 (бұр. ред. қара); 2006.21.03. № 193 (бұр.ред.қара); 2006.30.05. № 473 (бұр.ред.қара); 2006.23.11. № 1117 (бұр. ред. қара); 2007.18.01. № 32 (бұр.ред.қара); 2007.28.02. № 157; 2007.15.10. № 948 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 326 (бұр. ред. қара) ; 2008.03.11. № 326 (бұр. ред. қара); 2009.17.03. № 343 (бұр.ред.қара); 2009.02.07. № 1021 (бұр.ред.қара); 2010.06.05. № 382 (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 (бұр.ред.қара); 2011.28.11. № 1383 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.17.06. № 607 Қаулысымен (бұр.ред.қара), 2013.26.08. № 830 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.12.04. № 349 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.15.08. № 934 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысымен бекiтілген
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің лауазымдық
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Кеңес мүшелері:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
ҚР Үкіметінің 2014.12.04. № 349 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттары, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін стратегияны және оны іске асыру шараларын, тетіктерін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарайды. 2. ЭСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
3. ЭСК-тің негізгі міндеттері: 1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жөнінде келісілген тәсілдерді әзірлеу; 2) экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелері, экономикадағы дағдарысты құбылыстардың туындауын болдырмау немесе олардың ықтимал теріс салдарын жұмсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
4. ЭСК қойылған міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) әлеуметтік-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді; 2) ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындаған ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың туындау ықтималдығын талқылайды және оларды болдырмау бойынша барабар шаралар әзірлейді.
5. ЭСК-тің заңнамада белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының неғұрлым өзекті мәселелерін енгізуге; 2) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы тиісті шешімдер қабылдауға; 3) ЭСК құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өзге де органдардың мамандарын тартуға; 4) ЭСК жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5. ЭСК-тің жұмысын ұйымдастыру
6. ЭСК лауазымдық құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Бекітілген лауазымдық құрамның негізінде ЭСК-тің дербес құрамы ЭСК-тің хаттамалық шешімімен айқындалады. 7. ЭСК төрағасы оның қызметін басқарады, ЭСК-тің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды. ЭСК төрағасы болмаған кезде оның функцияларын ЭСК төрағасының орынбасары орындайды. 8. ЭСК хатшысы ЭСК отырысы өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы ЭСК мүшесі болып табылмайды. 9. ЭСК-тің мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. 10. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай ай сайын, бірақ оның мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. 11. ЭСК-тің жұмыс жоспарын тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерінің ұсыныстары бойынша жұмыс органы қалыптастырады. ЭСК-тің кезекті отырысының күн тәртібін ЭСК төрағасымен келісім бойынша жұмыс органы қалыптастырады. 12. ЭСК-тің отырысына материалдарды (хаттама жобасына ұсыныстар және ақпараттық-талдамалық материал) мүдделі мемлекеттік және өзге де органдар жұмыс органы айқындаған мерзімде жұмыс органына ұсынады. Материалдар уақтылы ұсынылмаған жағдайда, мәселе ЭСК отырысының күн тәртібінен алынып тасталуы мүмкін. 13. ЭСК отырысының күн тәртібі, хаттаманың жобасы және «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар материалдарды қоспағанда, ЭСК отырысына материалдар оның мүшелеріне және шақырылғандарға электрондық түрде ғана «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы және/немесе ресми (қызметтік) электрондық мекенжайларға жіберіледі. 14. ЭСК-тің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға ЭСК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру ЭСК отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдары мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, ЭСК-тің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. ЭСК мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген ЭСК-тің есеп-хатына қоса берілуі тиіс. ЭСК отырысын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға және хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ЭСК-тің хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын ЭСК-тің мүшелеріне келісу үшін жібереді. ЭСК-тің мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісу немесе себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 934 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-тің жұмыс органы болып табылады. 16. Дауыс беру парақтарымен қоса, ЭСК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды жұмыс органы жүзеге асырады.
Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тiзбесi
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 24 қарашадағы № 1192 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 ақпандағы № 170 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы № 1585 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 29 қазандағы № 1624 қаулысы. 6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1942 қаулысы. 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 16 қаулысы. 8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 мамырдағы № 801 қаулысы. 9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 101 қаулысы. 10. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 сәуірдегі № 467 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 13, 164-құжат). 11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 2 қыркүйектегi № 1133 қаулысы. 12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1559 қаулысы. 13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 ақпандағы № 176 қаулысы. 14. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметiне байланысты жекелеген мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 20, 215-құжат). 15. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 8 шілдедегi № 732 қаулысы. 16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 қазандағы № 1083 қаулысы. 17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы № 983 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1163 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |