Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2023.16.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) мен «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) қосу жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе); 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін. 3. «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды; 2) Қор Жарғысын бекітуді; 3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|