|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 754 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 355-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау» деген 1-тарауда: 1 және 2-кестелер осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 1-сурет осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері» деген 2-тарауда: мемлекеттік тілдегі мәтінде бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ету болып табылады.»; үшінші абзацтағы «, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдауыштарын күшейту үшін қаржы ресурстарын оңтайландыру есебінен оларды босатуға» деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға өтуіне байланысты салық заңнамасын жетілдіру және бухгалтерлік заңнаманы үндестіру;»; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың өсу қарқынының күрт төмендеуі мен қаржылық жүйе дағдарысының шиеленісуін болдырмау.»; «Бюджет жүйесін жетілдіру» деген 3-тараудың жиырма тоғызыншы абзацындағы «макроэкономикалық болжам және фискалдық саясаттың негізгі параметрлері» деген сөздер «әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Кірістер саясаты» деген 4-тарауда: он екінші абзац «(экономиканың шикізат емес секторына салықтық жүктемені азайту мақсатында үш жыл ішінде корпоративтік табыс салығы ставкасын қолданыстағыға қарағанда екі есеге дәйектілікпен азайту болжанады)» деген сөздермен толықтырылсын; он төртінші абзац алып тасталсын; он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде жайпақ шәкілді 11 % ставкамен белгілеу ұсынылады;»; он алтыншы абзац «, роялтидің орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық енгізу, ренталық салықты және үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу әдіснамасын өзгерту» деген сөздермен толықтырылсын; жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Корпорациялық табыс салығы бойынша шартты шығындар 2009 жылы ставканың 30 %-дан 20 %-ға дейін төмендеуі нәтижесінде 348,7 млрд. теңгені, 2010 жылы ставканы 20 %-дан 17,5 %-ға дейін төмендетуден 78,1 млрд. теңгені құрайды.»; жиырма бірінші абзацтағы «Сонымен қатар» деген сөздер «Мұнайға қатысты емес табыстардың болжамдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-сурет осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жиырма алтыншы абзацтағы «7,3» деген сандар «7,2» деген сандармен ауыстырылсын; жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Азаю 2008 жылы әлемдік мұнай бағасының 2008 жылы 105 АҚШ долларынан 2009 - 2010 жылдары бір баррелінің 60 АҚШ долларына дейін төмендеуімен байланысты болып отыр. ЖІӨ-нің болжанып отырған өсу қарқыны олардың абсолютті мәнде ұлғаюы болжамына қарамастан, мұнайға қатысы емес сектор табыстарының өсу қарқынынан асып түседі.»; мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын: «2008 және 2009 жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру бағдарламасының бірінші кезектегі шараларын қаражатпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт түрінде он миллиард АҚШ доллары бөлінетін болады. Нысаналы трансфертті осындай көлемде тарту қордың жинақталуының ЖІӨ үлесіндегі жалпы көлемінің 2007 жылғы 21,3 %-дан 2010 жылы ЖІӨ-ге қатысты 16,3 %-ға дейін төмендеуіне ықпалын тигізеді.»; «Шығыстар саясаты» деген 5-тарауда: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Орта мерзімді кезеңде жүргізілетін шығыстар саясаты қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге, экономиканы жаңғыртуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясатты ұзақ мерзімді және орта мерзімді басымдықтарға сәйкес жоспарланатын нәтижелерге тікелей байланысты және салалық жоспарлау сапасын жақсарту және өнімсіз шығыстарды қысқарту есебінен бюджеттердің әлеуметтік және инвестициялық құрамдас бөліктерін күшейте отырып, мемлекеттік міндеттемелерді толық орындауға бағытталатын болады.»; екінші абзац алып тасталсын; алпыс алтыншы абзац алып тасталсын; алпыс жетінші абзацтағы «Жасыл мұнай» жүйесін енгізу бойынша шаралар кешені әзірленді және» деген сөздер алып тасталсын; алпыс сегізінші абзацтағы «Картахен хаттамасы бойынша, биологиялық әралуандық бойынша БҰҰ Конвенциясына және» деген сөздер алып тасталсын; сексенінші абзацтағы «енгізілетін болады» деген сөздер «енгізілді» деген сөзбен ауыстырылсын; тоқсан алтыншы абзац «Серпінді жобаларды» іске асыру міндеттері шеңберінде және экономиканың шикізат емес салаларындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру мақсатында Қорлар қоры жобасының шеңберінде Қазақстан-Қытай инвестициялық қоры құрылды. «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын одан әрі дамыту жүзеге асырылады.» алып тасталсын; бір жүз жиырма екінші абзац «кепілдендіруі қажет» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Сондай-ақ ішкі нарықты реттеу және нан-тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 600 мың тонна көлемде тұрақты астық ресурстары құрылды.»; бір жүз елу үшінші абзацтағы «33,3» деген сандар «43,6» деген сандармен ауыстырылсын; 6-сурет осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; бір жүз алпыс үшінші, бір жүз алпыс төртінші, бір жүз алпыс бесінші, бір жүз алпыс алтыншы абзацтар: «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту есебінен: басымды, тәуекел және бастамашыл ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме жобалар бойынша қаржыландыру көлемі ұлғайтылатын болады; қосымша қаражат есебінен «электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік Бағдарламасы аясында мемлекеттік органдардың электрондық қызметін дамытуға және қалыптастыруға бағытталатын болады. Даму бағдарламалары бойынша республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемінде қаржы активтерін сатып алуға арналған шығыстардың үлесі 2008 жылы - 20,3 %, 2009 жылы - 19,2 %, 2010 жылы - 18 %-ды құрайды.» алып тасталсын; бір жүз алпыс жетінші абзацтағы: «571,7», «19,1» деген сандар тиісінше «1075,7», «29,6» деген сандармен ауыстырылсын; «2008 жылдың басында» деген сөздер алып тасталсын; бір жүз алпыс сегізінші, бір жүз алпыс тоғызыншы, бір жүз жетпісінші, бір жүз жетпіс бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Экономика мен оның мұнай-газ секторы, металлургия, химия, мұнай-химия, инфрақұрылым сияқты түйінді салаларын дамыту жөніндегі міндеттер шеңберінде 2008 жылы мемлекеттік активтерді біріктіретін және өңірлік және елдің жалпы серпінінің локомотиві болатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жаңа мемлекеттік холдингі (бұдан әрі - холдинг) құрылды. Қаржы секторын тұрақтандыру мақсатында холдинг банктермен шағын және орта бизнесті дамыту, Астана және Алматы қалаларындағы объектілер құрылысын аяқтау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан он миллиард АҚШ долларын бөлуді болжайтын тұрақтандыру бағдарламасының шеңберінде оның бес миллиард АҚШ доллары жоғарыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін Холдингті капиталдандыруға жіберілетін болады. Банк секторы активтерінің сапасын жақсарту және банк секторына инвесторлардың сенімін арттыру мақсатында 2008 жылы Үкімет тарапынан қаржылық тұрақтылықтың кепілі ретінде тұрақтандыру функцияларының орындалуын қамтамасыз ететін нарықтық институт ретінде Стрестік активтер қоры (бұдан әрі - Қор) құрылатын болады.»; мынадай мазмұндағы бір жүз жетпіс екінші абзацпен толықтырылсын: «Қор өз функцияларын іске асыру үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 2008 - 2010 жылдары бір миллиард АҚШ долларынан асатын оның жарғылық капиталы қалыптастырылады.»; бір жүз жетпіс екінші абзацтағы «23,5» деген сандар «27,0» деген сандармен ауыстырылсын; 5-кесте осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; «Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару» деген 8-тарауда: 11 және 12-суреттер алып тасталсын; он екінші абзацтағы «Үкіметтің қарыз алуы орта мерзімді кезеңде бес жылдық кезең үшін орташа жылдық мәнде ЖІӨ-нің 1 %-ынан аспайтын мөлшерде шектей отырып республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.» деген сөздер алып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 968 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001 — 2007 жылдардағы өзгеру серпіні
1-кесте
Үкіметінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 968 қаулысына 2-қосымша
1-сурет. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 2008 - 2010 жылдарға арналған болжамы
Үкіметінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 968 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы
2-кесте
Үкіметінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 968 қаулысына 4-қосымша
4-сурет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
Үкіметінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 968 қаулысына 5-қосымша
6-сурет. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі ағымдағы және инвестициялық шығыстар үлесінің өзгеруі
Үкіметінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 968 қаулысына 6-қосымша
2008 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарының болжамы
5-кесте
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |