|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы (2009.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсін. 2.0сы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 754 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау 2. Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері 8. Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 ақпандағы №310 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуіштердің болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді. Орта мерзімді фискалдық саясат республикалық бюджетті қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде салық және бюджет саясатын қалыптастырған және іске асырған кезде үйлестіруші құжат болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 1-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау және болжау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты басты факторы елде жүргізіліп отырған реформалардың тиімділігі, еңбек өнімділігінің, инновациялар мен адами капиталдың өсуі тиіс экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталды.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-кесте жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 2001 — 2007 жылдардағы өзгеру серпіні
1-кесте
Үкіметпен экономиканың шикізат емес салаларының дамуын ынталандыруға және экономика мен бюджетке түсетін түсімдер өсуінің экономиканың шикізат жалпы бағытталған саясаты мақсатты түрде жүргізіліп отыр. 2005 жылдан бастап құрылыста, өнеркәсіпте және қызметтер саласында жоғары өсу қарқыны байқалды. Қызметтер саласында экономиканың өсуіне сауда, көлік пен байланыс, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар айтарлықтай үлес қосты. ЖІӨ құрылымындағы қызметтер өндірісінің үлес салмағы 2001-2006 жылдар кезеңінде орта есеппен 51,4%-ды құрады. Көрсеткіштердің бірі жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің деңгейі болып табылатын әлемнің барынша дамыған елдерінің деңгейінде азаматтар тұрмысының жоғары стандарттарын жасау елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан жоғары табыстарға жетті. Мәселен, жан басына шаққандағы ЖІӨ 2000 жылғы деңгейден 4,3 есеге асып, 2006 жылы 5292 АҚШ долл. құрады. Орта мерзімді перспективада елдің экономикалық саясаты жеделдетілген өсуден стратегиялық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қалыпты даму қарқынына өту жолымен экономиканың сапалы, теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-сурет жаңа редакцияда 1-сурет. Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы
ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 2008-2010 жылдары жылына орташа 5,6%-ды құрайды, бұл 2008 жылы ЖІӨ-ні 2000 жылға қарағанда екі еселеу жөніндегі міндетті орындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2010 жылға қарай болжам бойынша 10 мыңнан астам АҚШ долларын құрайды, бұл 2006 жылғы деңгейден екі есеге жоғары. Мұнайға әлемдік баға жоспарланатын кезеңде бір баррель үшін 95-60 АҚШ доллары шегінде болжанып отыр. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін 2007 жылғы 67,5 млн. тоннадан 2010 жылғы 81,3 млн. тоннаға дейін ұлғайту көзделіп отыр. 2005-2006 жылдары инфляция деңгейі жоспарланған шекте ұсталып отырды. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2005 жылы 7,6%-ды, 2006 жылы 8,6 %-ды құрады. Инфляциялық процестерге экспорттық пайда және жеке меншік сектордың сыртқы қарыз алуы түріндегі шетелдік валютаның едәуір ағыны әсер етті. Орта мерзімді кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, инфляцияны 10%-дан аспайтын деңгейде ұстауға бағытталған инфляцияға қарсы кешенді саясатты іске асыруды жалғастырады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-кесте жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы
2-кесте
Тұтастай, 2008-2010 жылдары экономиканың орнықты әрі теңгерімді өсуін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін қажетті қолайлы макроэкономикалық жағдай жасалатын болады.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тарау өзгертілді 2. Орта мерзімді фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты шығыстардың деңгейін ұлғайтпай оның тиімділігін арттыру есебінен мемлекеттің қаржылай мүмкіндіктерін кеңейтетін мемлекеттік басқарудың институционалдық негізін нығайту және жаңғырту жолымен ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, елдің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ету болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге ықпал ететін болады: нәтижеге бағдарланған бюджеттеу әдісін енгізу мақсатында бюджет заңнамасын жетілдіру, бұл мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, бюджеттік жоспарларымен стратегиялық, орта мерзімді даму жоспарларын үйлестіру жүргізуге, мүмкіндік береді; қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарға өтуіне байланысты салық заңнамасын жетілдіру және бухгалтерлік заңнаманы үндестіру; адами капиталдың, инфрақұрылымының, мемлекеттік басқарудың, инновациялардың өсуінің барынша жоғары көрсеткіштерін ынталандыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті орнықты түрде арттыру; аралық (жылдың қорытындысы бойынша) нәтижелерді және орта мерзімді кезең өткеннен кейінгі нәтижелерді қарастыра отырып, нақтылы нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілікті күшейте отырып, мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды жетілдіру; қадағаланбайтын экономиканың деңгейін оның барлық құрамдауыштары бойынша жасырын және заңсыз қызметті тудыратын және оны ынталандыратын экономикалық жағдайларды жою, “көлеңкелі” қызмет түрлерін құқықтық тетіктермен жолын кесу арқылы төмендету; макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканың өсу қарқынының күрт төмендеуі мен қаржылық жүйе дағдарысының шиеленісуін болдырмау.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тарау өзгертілді
Орта мерзімді перспективада бюджеттің теңгерімділігіне мұнай емес түсімдердің есебінен біртіндеп көшу саясаты жалғасатын болады, ол мемлекеттің ағымдағы шығыстарын мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлеміне қарамастан оңтайлы деңгейде қолдауды білдіреді. 2007 жылы Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мұнай және мұнай емес кірістердің ара жігін нақты ажыратуға мүмкіндік береді. Ұлттық қорға жіберілетін түсімдер өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдерімен және мұнай операцияларынан және шикі мұнай мен газ конденсатынан түсетін басқа да түсімдермен, оның ішінде бұрын бюджеттік бюджеттік кіріс бөлігіне түскен мұнай келісім-шарттың талаптарын бұзудан түсетін түсімдермен толықтырылды. Мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, оларың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларын қабылдауды талап етеді. Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлғаюда, бұл 2000-2006 жылдар бойы жүргізіліп келген бюджет процесін (Бюджет кодексі, бюджеттік бағдарламалардың паспорттары, тиімділікті бағалау және т.б.) жетілдіру бір жағынан бюджет жүйесін ретке келтірді, екінші жағынан мемлекеттік органдардың жауапкершілігін шектеуге әкеп соқты және олардың мемлекет қаржысын басқару икемділіктерін тудырды. Қазіргі ережелер, нормалар мен нормативтер қиындықпен немесе бюджет қаражатын пайдаланудың нақты нәтижелілігін төмендету есебінен формальды түрде орындалуда. Бюджет процесін егжей-тегжейлі регламенттеу қажеттілігі бюджет қаражатының жетіспеушілігімен қатар жүрген кең ауқымды құрылымдық қайта құрылулар кезеңінде орынды болды, ел қаржысын басқару кредиторлық берешектің өсуімен және қаржы көздерімен қамтылмаған мемлекеттік міндеттемелер салдарынан сипатталған. Берілген проблемаларды реттемей экономиканы тұрақтандыру және одан әрі өсіру мүмкін емес. 2006 жылға қарай қалыптастырылған рәсімдер бюджетті қалыптастыру мен атқарудың ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ бюджет есептілігінің жеделдігі мен сенімділігінің белгілі бір деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Алайда, бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды бақылаудың қазіргі жүйесі бюджет шығыстарының ресурстарға қажеттілікке сәйкес толық қамтамасыз етеді, бұл бекітілген көрсеткіштер мен нақты кассалық шығыстардың арасындағы максималды дұрыс сәйкестікті қамтуды білдіреді. Сонымен қатар, бұл ұстаным бюджетті қалыптастыру және оны атқару кезінде жүргізіліп отырған мемлекет саясатының мақсаттарына жету дәрежесін толық көлемде қадағалауға мүмкіндік бермейді және қолда бар ресурстарды тиімді әрі нәтижелі пайдалануға кепілдік бермейді. Бұл ретте, әкімшілердің жекелей алғандағы көбіне мемлекеттік органның ішкі міндеттерін шешуге тұтастай, елдің және қоғамның міндеттерін шешпеуге бағытталған өз қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігіне қатысты шын мәнінде маңызды нормаларды орындаудың формальдылығы байқалады. Мұндай ұстаным бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелілігінің орнына, қаржы ағындарына бақылауды қалыптастыру мен сақтауға мүдделілігі көрінетін “бюджеттік шектеулердің босаңдығын” айқындап берді. Аталған жүйелі кемшіліктерді жоюға бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін және нақты, өлшенетін қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуде бюджет процесіне барлық қатысушылардың орнықты мүдделілігі мен қызығушылығын жасаумен тұжырымдалатын жүргізіліп отырған әкімшілік реформаның іс-шаралары бағытталған. Бюджет жүйесі формальды емес, нормативтік белгіленген қағидаттар мен ережелерді орындау тұрғысынан іс жүзінде бірыңғай болады. Берілген міндетке жету үшін біріншіден, әкімшілерге белгілі бір нәтижелер үшін бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын бөлу мен пайдалануда кеңірек тәуелсіздік беру жолымен, және екіншіден, аталған нәтижелерге қол жеткізу мемлекеттік органдардың дербес жауапкершілігін күшейту жолымен жоспарланып отыр. Бюджетті жоспарлау және атқару бюджет қаражатын пайдаланудың бағыттары мен нәтижелері туралы толық ақпаратпен сүйемелденеді, оның негізінде бюджет саясатын өзгерту туралы шешім қабылданады, ал мемлекеттік органдар өз функцияларының сапалы орындалуына жауапты болады. Бюджетті жоспарлау мен атқару рәсімдерін жетілдіру шаралары мынадай қағидаттарға негізделеді: стратегиялық, орта мерзімді мақсаттармен, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсіру міндеттерімен үйлестіру; республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экономиканың бәсекеге қабілеттігін орнықты өсірудің стратегиялық, орта мерзімді міндеттерінің индикаторларына сәйкес келетін түпкі нәтижелерге және нысаналы индикаторларға қол жеткізу; корпоративтік басқару; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарын қалыптастырудың объективтілігіне қол жеткізу; бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі рәсімдерді ықпалдастыру; мемлекеттік органның ішінде және мемлекеттік органдардың арасында бюджетті атқару рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды болдырмау; ақпараттық жүйелерді оңтайлы қолдана отырып, бюджетті жоспарлау және атқару кезеңінде еңбек өнімділігін арттыру. Нәтижелерге бағдарланған бюджеттеу - бұл бюджет ресурстарын мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен бюджет қаражатын пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері мен функциялары бойынша бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және атқарылуын бақылау әдісі. Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді, бюджет қаражатын жұмсаудың ең тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелердің деңгейін және олардың сапасын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді. Бюджет процесін реформалау қаржы менеджментінің қағидаттарын енгізу алғышарттарын жасайды, яғни, орындайтын функцияларды әкімшілендірілетін бағдарламалардың тиімділігі жөнінде мемлекеттік органның қызметі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін нақты мүмкіндіктерге бейімдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейту.
2-сурет. Бюджет процесін реформалау құрылымы
Елдің саяси жүйесіндегі және мемлекеттік жоспарлаудағы өзгерістер (нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге), жоспарлаудың қазіргі жүйесіне жүргізілген талдауға және Дүниежүзілік Банктің инвестициялық жобалар жөніндегі ұсыныстарына орай инвестициялық жобаларды ісі асыруға, сондай-ақ Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға да және іске асыруға да тәсілдер жетілдірілетін болады. Тұтастай, инвестициялық жобаларды іріктеу және мониториг қағидаттары мен тетігі қайта қаралады. Инвестициялық сипаты бар іс-шараларды іске асыру қажеттігі әзірленетін стратегиялық құжаттар, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаралатын болады. Инвестициялық бағдарламалардың қымбаттау проблемалары экономикалық сараптама жүргізу сатысында уақтылы анықталатын болады, бұл жобаларды іске асыруға арналған бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауды қысқарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, «шығындарды басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» өтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа моделін енгізу мақсатында жаңа Бюджет кодексі әзірленетін болады. Жаңа редакциядағы Бюджет кодексі мыналарды қамтамасыз етеді: бюджет процесінде нақты өзара байланысты қалыптастыру үшін құқықтық негіз жасау: стратегиялық бағдарламалық құжаттар - әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамы - мемлекеттік органның стратегиялық жоспары (мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар/көрсеткіштер - бюджетті жоспарлау - бюджеттің атқарылуы - нәтижелерге қол жеткізуді бақылау (есеп және есептілік); мемлекеттік органдардың қызметін бюджет қаражатын игеруден нақты нәтижелерге қол жеткізуге қайта бағдарлау, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру; бюджеттің атқарылу мониторингін бюджеттің кассалық атқарылуынан Стратегиялық жоспарлардың атқарылуына, яғни стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, нақты нәтижелерді алуға қайта бағдарлау; қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігін жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 (бұр.ред.қара); 2008.21.10. № 968 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 4-тарау өзгертілді
Кірістер саясаты 2008-2010 жылдары елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруды жалғастыруға, бәсекеге қабілеттілікті және экономикадағы берілген салық жүктемесінің ұтымды теңгерімін жасауға бағытталады. Шағын және орта бизнеске салық салудың қазақстандық жүйесі салық салудың төменгі ставкасымен ғана емес, сондай-ақ едәуір оңайлатылған есептілігімен сипатталатын жеңілдетілген жүйе түрінде ұсынылған. 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСЖ) қолданатын шағын бизнес субъектілеріне арналған арнайы салық режимін қолданудың саласын жалдамалы қызметкерлердің саны мен шекті кірісті ұлғайту жолымен кеңейту жүргізілді. Оңайлатылған салық режимінің қолданылуы жағдайында шағын бизнес субъектілерінің қызметті жүзеге асырудың оң тәжірибесін ескере отырып, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап патент негізінде АСЖ-дағы салық ставкасының ставкасы 3-тен 2%-ға дейін төмендетілді, оңайлатылған декларация негізінде АСЖ-дағы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға арналған бөлетін прогрессивтік шәкілдің орнына 3%-дан 5%-ға дейінгі және 3%-дан 7%-ға дейінгі ставкаларымен тиісінше 3% деңгейінде бірыңғай ставка белгіленді. Бұл шара өзінің кәсіпкерлік қабілеті мен идеяларын іске асыруға ұмтылатын халықтың бастамашыл бөлігіне қолдау көрсетеді. 2007 жылы қосылған құн салығының ставкасы 14 пайызға дейін, 2008 жылдан бастап 13 пайызға дейін төмендетілді және 2009 жылдан бастап 12 пайызға дейін төмендетілетін болады. Бұл шара кәсіпорындарға өндірісті жаңғыртуға жұмсалған қаражатты айналымнан оны кеңейтуге және дамытуға босатуға мүмкіндік берді. 2007 жылдан бастап әлемдегі ең төменгілердің бірі болған 10 пайыз деңгейіндегі жеке табыс салығының жайпақ шәкілі енгізілді. Бұл ретте салық салынатын кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына ең төменгі жалақы мөлшері алып тасталады. Адамдардың өзіндік материалдық әл-ауқатын арттыруға уәждемесін арттыруға бұл норманы енгізудің негізгі әсері болды. Жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндіріс үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстанда 3 арнайы экономикалық аймақ құрылды, оларда корпорациялық табыс салығынан, жер салығынан, мүлікке салынатын салықтан, қосылған құн салығынан және кеден баждарына босату жүзеге асырылады. Салық саясатының 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары әділ әрі сыннан өткен кұрал, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандырушы және мемлекеттік функцияларды толық орындауды қамтамасыз етуші ретінде әлеуметтік маңызы бар салықтарды нығайту қажеттігін ескере отырып, фискалдық саясаттың міндеттерін шешуге бағдарланған бұл мыналармен тұжырымдалады: елдің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық жүйесін жасау; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал етуі тиіс салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру; жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізат емес секторына салық жүктемесін төмендету, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру (экономиканың шикізат емес секторына салықтық жүктемені азайту мақсатында үш жыл ішінде корпоративтік табыс салығы ставкасын қолданыстағыға қарағанда екі есеге дәйектілікпен азайту болжанады); қосылған құн салығын үздік әлемдік практикаға сәйкес келуі; әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде жайпақ шәкілді 11 % ставкамен белгілеу ұсынылады; жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау, роялтидің орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық енгізу, ренталық салықты және үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу әдіснамасын өзгерту; әкімшілендіру рәсімдерін оңайлату, салық қызметтерінің сапасы мен салық рәсімдерінің ашықтығын арттыру, салық есептілігінің санын қысқарту, салықтық тексерулерді ретке келтіру. Жоғарыда көрсетілген міндеттер әзірленетін жаңа Салық кодексі шеңберінде шешілетін болады, бұл қолайлы инвестициялық ахуалды жасауға, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және елдер арасында капиталдың еркін ағылуы жағдайында экономиканың шикізат емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға, бәсекелестіктің дамуына, ЖІӨ-нің, бюджеттің кіріс бөлігінің ұлғаюына және халықтың экономикалық белсенділігінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Қосылған құн салығы бойынша шартты шығындар 2008 жылы ставканың 14-тен 13 пайызға дейін төмендеуі нәтижесінде 57,7 млрд. теңгені, 2009 жылы ставканың 13-тен 12 пайызға дейін төмендеуінен 78,0 млрд. теңгені құрайды. Корпорациялық табыс салығы бойынша шартты шығындар 2009 жылы ставканың 30 %-дан 20 %-ға дейін төмендеуі нәтижесінде 348,7 млрд. теңгені, 2010 жылы ставканы 20 %-дан 17,5 %-ға дейін төмендетуден 78,1 млрд. теңгені құрайды. Мұнайға қатысты емес табыстардың болжамдарында, 2009-2010 жылдары мемлекеттік басқару жүйесінің және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жыл сайын 25 %-ға жалақыны жоғарлатудың есебінен жеке табыс және әлеуметтік салықтардың қосымша түсімдері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 2007 жылы белгіленген 3% аударымның орнына 2009 жылы - 4%, 2010 жылы - 5% аударымдардың есебінен 2009-2010 жылдары жергілікті бюджеттерге әлеуметтік салық түсімінің азаюы ескерілді.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 3-кесте жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Мемлекеттік бюджетке түсетін мұнайға қатысты емес кірістердің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы, ЖІӨ-ге %
3-кесте
Салықтық емес түсімдердің 2008 жылы ЖІӨ-ге 0,5 %-дан 2009 жылы ЖІӨ-ге 0,3 %-ға дейін төмендеуі жүйесіз сипаттағы бір жолғы төлемдерге байланысты. Жүргізіліп отырған салық саясатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының болжамды көрсеткіштеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі №1641 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының қолданылуында 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері айқындалды.
ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 464 қаулысысмен 3-сурет жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-сурет. Мұнай немесе кірістердің болжанатын серпіні, ЖІӨ-ге %-бен
2006 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпорындардан түсетін тікелей салықтарды Ұлттық қорға есепке алуды көздейтін Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жұмыс істеуінің жаңа жүйесіне көшуге байланысты экономиканың мұнай секторына тәуелділігін жою мақсатында мемлекеттік бюджет мұнай емес кірістерден қалыптастырылады. Мұнай секторы кірістерінің 2008-2010 жылдарға арналған болжамы мұнай және мұнай емес кірістердің аражігін нақты ажыратуды жүзеге асыруға бағытталған бюджет заңнамасына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасының шарттарын негізге алып айқындалды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |