|
|
|
«Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы (2013.23.07. берілген өзгерістермен)
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1198 қаулысымен бекітілген
«Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Темір-бетон, бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) темір-бетон және бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Осы Техникалық регламентте мыналар: 1) темір-бетон және бетон конструкциялары, олардың қауіпсіздігін айқындайтын техникалық сипаттамалары; 2) темір-бетон және бетон конструкцияларын өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестері (тіршілік циклдері) техникалық реттеу объектілері болып табылады. Оларға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленетін темір-бетон және бетон конструкцияларының тізбесі осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген. 2. Осы Техникалық регламентте темір-бетон және бетон конструкцияларының тіршілік циклі сатыларындағы қауіпті факторлардың (қатерлердің) туындау мүмкіндігі есепке алынған. 3. Темір-бетон және бетон конструкцияларының тіршілік циклі сатыларыңда туындауы мүмкін қауіпті факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады: 1) өндірістік жабдықтың жылжымалы бөліктерімен, қозғалатын машиналармен және тетіктермен, адамға соққылық әсер етуге қабілетті жылжытылатын дайындамалармен және материалдармен байланыстың болуы; 2) адамның уақытша еңбек қабілетсіздігіне әкелетін жарақаттар салуы мүмкін қалыптардың, арматураның, деталдар мен бұйымдардың бетінде үшкір жиектер мен бұрыштардың, қылтанақтар мен кедір-бұдырлардың болуы; 3) нормативтік мәннен асатын өндірістік шудың болуы; 4) өндірістік үй-жайларда (цехтарда) жол берілген деңгейлерден және адамға әсер ету уақытынан асатын жалпы және жергілікті дірілдің болуы; 5) жұмыс аймағы ауасының ШРК концентрацияларынан асатын мөлшерде шаңдануы мен газдануы; 6) темір-бетон және бетон конструкцияларды жылумен өңдеу үшін қолданылатын ыстық будың әсері; 7) қысыммен жұмыс істеп тұрған және жарылған жағдайда адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін автоклавтың жақын орналасуы; 8) жұмыс орындары мен өндірістік үй-жайлардың (цехтардың) жеткіліксіз мөлшерде жарықтандырылмауы; 9) құрамында уытты заттар бар қышқылдар ерітінділерінің, химиялық қосындылар мен қоспалар әсері; 10) жұмыс орындары мен өндірістік үй-жайларда (цехтарда) өрт шыққан жағдайда ашық жалынның әсері; 11) жерге қосылмаған электрлі қозғалтқыштарға және жабдықтың, қондырғылардың, машиналар мен тетіктердің сырты жоқ өткізгіштерді жанасу кезіндегі электр тоғының әсері; 12) материалдар мен жабдықты көтеру, түсіру және тасымалдау кезіндегі ауырлықтар әсері; дайын құрастырмаларды цех бойынша жылжыту, жинау және монтаждау кезінде. ҚР Үкіметінің 2011.08.02. № 91 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Темір-бетон және бетон конструкцияларды сәйкестендіру Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ ТН) кодтарын және ҚР МЖ 04-2008 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышы (ЭҚТ ӨС) бойынша, таңбалаулары мен ілеспе құжаттары бойынша, өлшемдер, көрсеткіштер мен жиынтығында оларды тану үшін жеткілікті болатын талаптар бойынша оларға сәйкес кодтарды пайдалану жолымен жүргізіледі. 5. Осы Техникалық регламент өнеркәсіптік, азаматтық, көліктік, гидротехникалық және өзге де құрылыс салаларында қолданылатын, барлық бетон мен арматура түрлерінен жасалған және кез келген түрдегі жүктемелер мен әсер етулерге ұшыраған темір-бетон және бетон конструкциялардың барлық түрлеріне қолданылады. 6. Осы Техникалық регламент бұрын пайдалануда болған және құрылыста қайтадан қолданылатын темір-бетон және бетон конструкцияларға қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2013.23.07. № 735 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Осы Техникалық регламентте «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарында көрсетілген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады: 1) алдын ала керілген арматура - пайдалану сатысында сыртқы жүктемелердің қосылуына дейін конструкцияларды дайындау процесінде бастапқы (алдын ала) керілістерге ие болатын арматура; 2) бетон - белгілі бір тепе-теңдікте алынған байланыстырғыш материалдың, судың, толтырғыштар мен арнайы қоспалардың тығыздалған қоспасының қатуы нәтижесінде алынатын жасанды құрылыс материалы; 3) бетон конструкциялары - арматурасыз немесе конструктивті ниетпен орнатылатын және есепте ескерілмейтін арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар, бетон конструкциялардағы барлық жүктемелерден және әсер етулерден болатын есептік күштерді бетон өзіне қабылдауы тиіс; 4) ең аз қажетті талаптар - азаматтардың өмірі немесе денсаулығын қорғау үшін, қоршаған ортаны, жануарларды немесе өсімдіктерді қорғау үшін, тұтынушыларды өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты адастыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу үшін жол берілген зиян келтіру қатері бағалауға негізделген қауіпсіздік талаптары; 5) жалпы (елеулі) талаптар - қажетті қауіпсіздіктің мәнін, оны қамтамасыз етудің нақты тәсілдері мен сипаттамаларын егжей-тегжейсіз сипаттау түрінде ұсынылған ең аз қажетті талаптар; 6) жұмыс арматурасы — есеп бойынша орнатылатын арматура; 7) қалдықтарды жою - зарарсыздандырылған қалдықтарды қайталама шикізат, пайдалы өнім алу және (немесе) қауіпті және басқа да қазіргі уақытта пайдаланылмайтын қалдықтарды жою мен көму мақсатында кәдеге жарату бойынша құжатталған ұйымдық-технологиялық рәсімдер кешенімен байланысты қызмет; 8) қатерді бағалау - қатерді талдау мен оны бағалаудың жалпы процесі; 9) қауіпсіздікті қамтамасыз ету - адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге залал келтіру мүмкіндігімен байланысты жол берілмейтін қатерді болдырмау жөніндегі инженерлік-техникалық және ұйымдық шаралар кешенін қабылдау; 10) қауіптілік объектісі - адам өмірі мен оның денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдік пен жануарлар әлеміне зиянды әсерін тигізуі, сондай-ақ тұтынушылардың өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты адастыруға әкелетін әрекеттерді тудыруы мүмкін қасиеттерге ие өнім, оны өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен кәдеге жарату процестері; 11) қауіптілік субъектісі - қауіптілік объектісі әсер ететін адамдар, жануарлар мен өсімдіктер, қоршаған орта; 12) конструктивтік арматура - сындарлы мақсатпен есепсіз орнатылатын арматура; 13) конструкцияның қауіпсіздігі - ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану процесінде әртүрлі есептік әсер етулер кезінде азаматтардың өміріне немесе денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіру қатерімен байланысты кез келген сипаттағы қирауларды болдырмайтын бастапқы сипаттамалар; 14) конструкциялардың отқа төзімділік шегі - осы конструкция үшін шекті күйлердің бір немесе дәйекті бірнеше нормаланатын белгілерінің біліне бастауына дейінгі жылумен әсер ету уақыты; 15) конструкцияның өрт қауіптілігінің сыныбы - стандарттық сынақтардың нәтижелері бойынша айқындалатын конструкциялардың өрт қауіптілігінің жіктемелік сипаттамасы; 16) механикалық қауіпсіздік - темір-бетон және бетон конструкцияларға адамды оларды өндіру, тасымалдау мен сақтау, пайдалану және кәдеге жарату кезінде туындайтын механикалық (соққылық) әсер етуден қорғауды қамтамасыз ететін сындарлы іс-шаралар мен талаптар кешені; 17) рұқсат етілген қатер - деңгейі объектіні пайдаланудан алатын пайда үшін қоғам осы қатерге баруға дайын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сүйене отырып, рұқсат етілген және негізделген қатер; 18) санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік - халық пен персоналдың денсаулығының адамға оның өмір сүру ортасы факторларының зиянды әсері болмайтын және оның өмір сүруіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетіндей күйі; 19) сәйкестік презумпциясы - оған сәйкес үйлестірілген ұлттық стандарттардың егжей-тегжейлі (нақты) талаптарын орындау Техникалық регламенттің тиісті жалпы (елеулі) талаптарын сақтау болып есептелетін заң жүзінде немесе тұжырымдамалық бекітілген ереже; 20) табиғи радионуклидтердің үлестік тиімді белсенділігі - үлгідегі табиғи тектес негізгі радионуклидтер белсенділігінің үлгінің олардың адам ағзасына биологиялық әсер етуін есепке ала отырып, айқындалатын салмағына қатынасының жиынтық шамасы; 21) темір-бетон - бетон мен болат арматура монолиттік түрде біріктірілген және конструкцияда біртұтас жұмыс істейтін құрылыс материалы; 22) темір-бетон конструкциялар - жұмыс және конструктивтік арматурасы бар бетоннан жасалған конструкциялар (арматураланған бетон конструкциялар). Темір-бетон конструкциялардағы барлық жүктемелер мен әсер етулерден болатын есептік күштерді бетон және жұмыс арматурасы қабылдап отыруы тиіс; 23) егжей-тегжейлі (нақты) талаптар - өнімнің рұқсат етілген ауытқулармен бірге шектік немесе номиналдық мәндер түрінде көрсетілген ең аз қажет болатын талаптар; 24) ыстыққа төзімді бетон - жоғары температуралардың ұзақ әсер етуі кезінде қажетті физикалық-механикалық қасиеттерін сақтай алатын бетон; 25) экологиялық қауіпсіздік - тұлғаның өмірлік маңызы бар мүдделері мен құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер етулерінің нәтижесінде туындайтын қауіп-қатерлерден қорғалушылық күйі.
3. Өнімнің Қазақстан Республикасының нарығында айналымда болу шарттары
8. Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс объектілерін салу кезінде қолданылатын темір-бетон және бетон конструкциялар осы Техникалық регламенттің талаптарына, сондай-ақ темір-бетон және бетон конструкцияларға арналған нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс. 9. Өткізу нарықтарына айналымға шығарылатын темір-бетон және бетон конструкциялар (оның ішінде импортталатындар) мыналармен: 1) зиян келтірудің ықтимал қатерлерін бағалау және тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін қажетті тұтынушыға арналған ілеспе құжаттармен (техникалық және нормативтік құжаттарға сәйкес сапасын растайтын құжаттар, сәйкестік сертификаты немесе сәйкестігі туралы декларация); 2) темір-бетон және бетон конструкцияларды өткізгеннен кейін олардың әлеуеттік қаупі анықталған жағдайда қауіпсіздік шараларын қабылдау мақсатында тұтынушыға ақпарат беру жөніндегі нұсқаулықпен; 3) тікелей бұйымға салынған немесе ілеспе құжаттарда көрсетілген сәйкестендіру таңбаларымен (сынып, таңбасы, салмағы, партиясы, дайындалған күні); 4) темір-бетон және бетон конструкцияларды пайдалану (монтаждау) жөніндегі қажетті техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. 10. Темір-бетон және бетон конструкцияларын, егер олар тиісті түрде таңбаланған және қажетті ілеспе құжаттары болса құрылыста пайдалануға рұқсат етіледі. 11. Ескерту таңбасына енгізілетін ақпараттың құрамы мен мазмұнына қатысты қойылатын ең аз талаптар «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысына сәйкес болуы тиіс. 12. Ескерту және сәйкестендіру таңбалары мәтін, символ, пиктограмма түрінде салынады (жазылады). 13. Тұтынушыға арналған ақпарат анық және оңай оқылатын болуы тиіс. Бұл ретте қауіпсіздік талаптары басқа қаріппен, түспен немесе өзге тәсілмен көрсетілуі тиіс. 14. Ақпаратты жазу құралдары сақтау, тасымалдау, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін пайдалану кезінде таңбаның төзімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
4. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар
15. Темір-бетон және бетон конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексіне, «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес белгіленеді. 16. Осы Техникалық регламентте механикалық қауіпсіздігін (соққылық әсер ету), өрт қауіпсіздігі мен отқа төзімділігін, радиациялық қауіпсіздігін, термикалық қауіпсіздігі мен жарылу қауіпсіздігін, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін темір-бетон және бетон конструкциялардың тіршілік циклінің барлық сатыларындағы сипаттамалары мен процестеріне қатысты ең аз қажетті талаптарды белгілейді. 17. Темір-бетон және бетон конструкциялар қауіпсіздігі бойынша бастапқы сипаттамалары ғимараттар мен құрылыстарды салу мен пайдалану процесінде әртүрлі есептік жүктемелер мен әсер етулердің азаматтардың өмірі немесе денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірумен байланысты болып келетін кез келген сипаттағы қирауларды болдырмайтындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиіс. 18. Темір-бетон және бетон конструкциялардың қауіпсіздігі және басқа да белгіленетін талаптар жобалауға арналған тапсырмаға, нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады және мына талаптардың орындалуымен қамтамасыз етілуі тиіс: 1) бетон мен оның құрамдастарына қойылатын талаптар; 2) арматураға қойылатын талаптар; 3) конструкциялар есебіне қойылатын талаптар; 4) сындарлы талаптар; 5) технологиялық талаптар; 6) пайдалану бойынша талаптар; 7) сақтау, тасымалдау, жинақтау және пайдалану бойынша талаптар. 19. Есептеулер мен конструкциялау нәтижелері бойынша бетон және темір-бетон құрылымдарын жобалау кезінде бетон сипаттамасының конструкциясының қауіпсіздігін, пайдалануға жарамдылығын және ұзақ уақыттылығын қамтамасыз ететін нормаланатын және бақыланатын мәндер белгіленуі тиіс. Бетон және темір-бетон конструкцияларының негізгі нормаланатын және бақыланатын сипаттамалары ретінде мыналар белгіленуі тиіс: жарықшаққа төзімділігі, қаттылығы және аязға төзімділігі. 20. Жарықшақтардың болмауына қойылатын талаптар толық созылу қимасында өткізбеушілігі қамтамасыз етілуі тиіс темір-бетон конструкцияларға (сұйықтықтың немесе газдардың қысымы түсетін, радиация әсер ететін және тағы басқа), ұзақ уақыттылығына жоғары талаптар қойылатын бірегей конструкцияларға, сондай-ақ өте агрессивті ортаның әсер етуімен пайдаланылатын конструкцияларға қойылады. Қалған темір-бетон конструкцияларында жарықшақтардың болуына рұқсат етіледі және оларға жарықшақтардың ашылу енін шектеу бойынша талаптар қойылады. 21. Конструкция ұзақ уақытқа жарамдығы бойынша белгіленген уақыт ішінде ол әртүрлі есептік әсер етулердің конструкцияның геометриялық сипаттамаларына және материалдарының механикалық ықпалын есепке ала отырып, қауіпсіздік пен пайдалануға жарамдылыққа қойылатын талаптарды қанағаттандыратындай бастапқы сипаттамаларға ие болуы тиіс (жүктеменің ұзақ әрекет етуі, қолайсыз климаттық, технологиялық, температуралық және ылғалды әсер етулер, ауыспалы мұздануы мен еруі, агрессивтік әсер етулер және басқа да әсер етулер). 22. Темір-бетон және бетон конструкцияларының беріктігін, қаттылығын және жарықшаққа төзімділігін бағалау қиратқыш жүктеменің, иілудің және бұйымының жобалау құжаттарында белгіленген тиісті бақылау мәндерімен бақылау жүктемесіндегі жарықшақтардың ашылу енінің нақты мәндерін салыстыру негізінде сынақтар нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. 23. Темір-бетон конструкцияларының қауіпсіздігін арматура мен бетонға қатысты қамтамасыз ету осы Техникалық регламентке тиісті 2 және 3-қосымшаларда келтірілген. 24. Темір-бетон және бетон конструкциялардың қарастырылып отырған қауіп түрлеріне қатысты қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары «Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысына сәйкес болуы тиіс.
4.1. Темір-бетон және бетон конструкцияларын өндіру кезіндегі қауіпсіздік талаптары
25. Темір-бетон және бетон конструкцияларын өндіру кезінде жобалық және нормативтік-техникалық құжаттама мен олардың негізінде әзірленген технологиялық регламенттің талаптарын, сондай-ақ осы Техникалық регламенттің талаптарын қатаң түрде орындауды қамтамасыз ету қажет. 26. Темір-бетон және бетон конструкцияларын өндіру кезінде нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тұтас кешені орындалуы тиіс. Кәсіпорында темір-бетон және бетон конструкцияларды өндіру процесіндегі қауіпсіздік тәуелді болатын барлық технологиялық операцияларды бақылау жүйесі жұмыс істеуі тиісті. 27. Темір-бетон және бетон конструкцияларды өндірудегі қауіпсіздік тиісті технологиялық процестерді, өндірістік жабдықтың жұмыс істеу тәсілдері мен режимдерін таңдап алумен, оны ұтымды түрде орналастырумен, бастапқы материалдар мен дайын өнімді сақтау және тасымалдаудың ұтымды әдістерін таңдап алумен, жұмысшыларды кәсіби түрде іріктеп алумен, оқытумен және қорғану құралдарын қолданумен қамтамасыз етілуі тиіс. 28. Өндірістік процестердің қауіпсіздігі және технологиялық жабдықты, машиналар мен тетіктерді қауіпсіз пайдалану нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. 29. Өндірістік жабдықтың айналмалы біліктері, маховиктері, жалғыстырғыш муфталары, жетектердің сына-белдіктік, шынжырлық, фрикциялық және ашық тісті берілістері нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қоршалған болуы тиіс. 30. Жиналмалы темір-бетон және бетон конструкциялар мен монолиттік темір-бетон және бетон конструкцияларды дайындаумен байланысты барлық жұмыстар нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттардың, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативті-құқықтық актілер талаптарына сәйкес болуы тиіс. 31. Тиеу-түсіру және қоймалық жұмыстарды қауіпсіз түрде жүргізу тәсілдері нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жұмыстарды қауіпсіз түрде орындау тәртібі мен тәсілдері кәсіпорынның технологиялық құжаттамаларында баяндалуы тиіс. 32. Алдын-ала керілген темір-бетон конструкцияларын дайындау кезінде сақтандырудың ерекше шараларын сақтау қажет. Кергіш құрылғылармен жұмыс істеуге, арматураны әзірлеу мен керу, электрлік-термикалық және электрлік-термомеханикалық қондырғыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарға тек арнайы оқытылған жұмысшылар ғана жіберіледі. 33. Арматураның үзілу жағдайында сақтандыру шараларын алдын-ала ескеріп және қатаң түрде сақтау қажет. 34. Арматураны алдын ала керу орындалатын қалыптар арматураның үзілген ұшының ұшып шығу мүмкіндігін болдырмайтын қорғағыш құрылғылармен (ұстағыштармен) жабдықталуы тиіс. 35. Егер темір-бетон және бетон конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заттай сынауларды жүргізу талап етілсе, онда олар толық көлемде, сынақтар әдістері жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 36. Кәсіпорында қабылданған бақылау жүйесіне немесе қолданыстағы сапа менеджменті жүйесіне сәйкес барлық қауіпсіздік талаптарының орындаудың талдауы және қажет болған жағдайда, егер мұндай талаптар тиісті нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген болса, темір-бетон және бетон конструкцияларды өткізу алдында қатерді бағалау жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. 37. Құрастырма темір-бетон және бетон конструкцияларды өндіру кезінде жобадан ауытқулар жобаның авторларымен келісілген болуы тиіс. 38. Жаңа технологиялық процестерді енгізу, жаңа материалдарды қолдану, жабдықтың, машиналар мен тетіктердің жаңа түрлерін енгізу кезінде оларға қойылатын қауіпсіздік талаптары осы Техникалық регламенттің және нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс. 39. Темір-бетон және бетон конструкциялар өзге де нормативтік құжаттар бойынша, егер олар үйлестірілген нормативтік құжаттарда көрсетілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болса, ал олар болмаған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген нормалардан төмен болмаған кезде дайындалуы мүмкін.
4.2. Өрт қауіпсіздігі мен отқа төзімділік талаптары
40. Темір-бетон және бетон конструкциялардың өрт қауіпсіздігі мен отқа төзімділігі «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңында, осы Техникалық регламентте, өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. 41. Темір-бетон және бетон конструкцияларын өндіру кезінде нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек. Сонымен қатар қалыптарды майлау үшін пайдаланылатын заттарды, химиялық қоспаларды қолданумен, олардың су ерітінділерін және химиялық қоспалар қосылған бетондарды әзірлеумен байланысты талаптарды қатаң түрде сақтау керек. 42. Өрт қаупі бар химиялық қоспалар, жанар-жағар май материалдары мен эмульсол нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес желдетілетін, жабық және құрғақ қоймаларда сақталуы, жабық ыдысқа құйылған түрінде тасымалдануы және босатылуы тиіс. 43. Газды бетондарды өндіру кезінде қолданылатын өрт қаупі және жарылыс қаупі бар алюминий ұнтағын сақтау, өңдеу және ол жаңа бастағанда сөндіру нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. 44. Ашық отты пайдаланумен байланысты дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстар өрт қауіпсіздігі саласындағы тиісті нормативтік құжаттардың талаптарымен орындалады. 45. Темір-бетон және бетон конструкциялары отқа төзімді және өрттің әсеріне төтеп беретіндей болуы тиіс. Отқа төзімділік көрсеткіші осы сол конструкция үшін нормаланатын мынадай: 1) көтергіш қабілетін жоғалтулар; 2) жылу оқшаулағыш қабілетін жоғалтулар; 3) біртұтастығын жоғалтулар шектік жай-күйлер белгілерінің айқындала бастау уақыттары (сағаттары) бойынша белгіленетін отқа төзімділік шегі болып табылады. Темір-бетон конструкциялары жекелеген түрлерінің отқа төзімділік шектері осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасына келтірілген. 46. Темір-бетон және бетон конструкциялар жанудың жасырын таралуына ықпал етпеуі тиіс. Құрылыстық конструкциясының бекітілу торабының отқа төзімділігі осы конструкцияның отқа төзімділігінен төмен болмауы тиіс. 47. Темір-бетон және бетон конструкциялар белгілі бір отқа төзімділік дәрежесінің ғимараттарда, құрылыстарда және өрт бөліктерінде қолданылуы үшін немесе ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің отқа төзімділік дәрежесін анықтау үшін отқа төзімділік дәрежесі жөніндегі талаптарға жауап беруі тиіс.
4.3. Радиациялық қауіпсіздік талаптары
48. Темір-бетон және бетон конструкциялардың тіршілік циклының барлық сатыларындағы радиациялық қауіпсіздігі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңында белгіленген талаптарды орындаумен қамтамасыз етілуі тиіс. 49. Темір-бетон және бетон конструкциялар адам ағзасы мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәннен асатын радиоактивтік сәулелену көзі болуға тиіс емес. 50. Темір-бетон және бетон конструкциялар жасауда қолданылатын байланыстырғыш материалдарда, толтырғыштар мен арматуралық болаттың табиғи радионуклидтерінің үлестік тиімді белсенділігі мыналар үшін белгіленген шамалардан аспауы тиіс: 1) салынып жатқан және қайта жаңғыртылатын тұрғын үйлерде және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылатын темір-бетон және бетон конструкциялар (І сынып) - 370 Бк/кг; 2) елді мекендер аумақтарының және перспективалы құрылыс аймақтарының шектерінде жол құрылысында, сондай-ақ өндірістік құрылыстарды тұрғызу кезінде қолданылатын темір-бетон және бетон конструкциялар (II сынып) - 740 Бк/кг;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |