| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2009 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы (2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 қазандағы № 1664 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2009 жылға арналған шығыстар сметасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін және оның аппаратын қаржыландыруды қоса беріліп отырған шығыстар сметасына сәйкес 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 013 «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық және басқа да органдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 108 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2009.17.07. № 1093 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2009 жылға арналған шығыстар сметасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |