|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2021.13.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 646-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын; 74-тармақтағы «жүргізуге тиіс» деген сөздер «жүргізеді» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2021.13.08. № 552 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1004 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 119-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 41-тармақтың 2) тармақшасындағы «(пиктограммамен сәйкестікке)» деген сөздер алынып тасталсын. 7. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |