Осы редакция 2008 жылғы 25 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуір № 121 қаулысымен Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Аталған стандарт бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйінде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 21 бабының 1 тармағының 3) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-п «Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі» бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті аудандық әкімияттар, аудандық маңыздағы қала әкімдері ұсынады. Бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға үйінде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асыратын жұмысшы орган болып аудандар мен Тараз қаласы әкімияттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (әрі қарай бөлімдер) осы Стандарттың № 1 қосымшасына сәйкес табылады. 5. Өтініш иесі алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқтау нысаны болып үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау туралы хабарлама табылады. 6. Мемлекеттік қызмет мүгедектерге, соның ішінде мүгедек балаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 күн; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|