«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының (ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1440 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 16 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекітілсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келісім бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн; атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын; өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау және төлеу ережесi Осы Ереже "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Заңның 2-бабында көрсетiлген жеке адамдардың атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар. 2. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi. 3. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар ұсыну арқылы расталады. 2. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртібі 4. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн өтiнiш иесi өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жеріндегі уәкiлеттi органға немесе ол болмаған ретте кент, ауыл (село) әкіміне барып, осы Ереженiң 1-4-қосымшаларына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш және басқа да құжаттар бланкiлерiн (бұдан әрi - құжаттар) тегiн алады. Құжаттарды өтiнiш берушінің өзi толтырады және жеке басының куәлiгi мен әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) берiлгендiгi туралы куәлiгiн көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село) әкіміне тапсырады. Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi. 5. Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село) әкімі құжаттарды тiркейдi және өтiнiш иесiне құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес растау қағазын бередi. Уәкiлетті орган немесе кент, ауыл (село) әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейiн учаскелiк комиссияларға атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытындылар дайындауды және қажет болған ретте өтiнiш берушiлер мен олардың отбасыларының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi тапсырады. Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек беру қажеттiгi туралы қорытындыны (бұдан әрi - қорытынды) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша дайындайды, қажет болған ретте уәкiлетті орган немесе кент, ауыл (село) әкімі тапсырған күннен бастап бес күн мерзiмде өтiнiш берушiлер мен олардың отбасыларының материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi және қорытындыны уәкiлетті органға немесе кент, ауыл (село) әкіміне бередi. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1440 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Кент, ауыл (село) әкімі өтiнiш берушiлерден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей, өтiнiш берушiлердің құжаттарын учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен қоса уәкiлеттi органға тапсырады. Уәкiлеттi орган кент, ауыл (село) әкімінен алған өтiнiш берушiлердiң құжаттарын тiркейдi. 7. Уәкiлеттi орган құжаттарды өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село) әкімінен қабылдап алған күннен бастап он күн iшiнде оларды қарайды және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша шығарады, бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда оның себебiн көрсетедi. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешiмге уәкiлеттi органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды. Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындатуға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшіндегі жиынтық табысын уәкiлеттi орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен есептейдi. 8. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi. Қаражат жетiспеген кезде атаулы әлеуметтiк көмек өтiнiш тiркелген хронологиялық тәртiппен берiледi. 9. Атаулы әлеуметтiк көмектің айлық мөлшерiн уәкiлеттi орган отбасының әрбiр мүшесi бойынша немесе адамға жан басына шаққанда орташа табысы мен облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгiленген кедейлiк шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi. 3. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу тәртібі 10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы, өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерiн көрсете отырып берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. 11. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуiне қарай жүргiзiледi. Ережеге 1-қосымша ______________________________________ (тұрғылықты жерi, облыстық, аудандық) Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі уәкiлетті органға ______________________________________ (тұрғылықты жері, ауданы) ______________________________________ (көшесi, үй және пәтер N, телефоны) мекен-жайы бойынша тұратын ______________________________________ (Өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң аты, тегi) жеке куәлiгiнiң N ________________ _________________ берген берiлген күнi ________________________ ӘЖК N ________________________ Қызмет түрі __________________ ӨТIНIШ Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды өтiнемiн. Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады. Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын - 3 данада 2-4 қосымшалар. Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім. 200 __ ж. "___"_____________ _____________________ (өтiнiш иесінiң қолы) Құжаттар қабылданды 200 __ ж. "___"_____________ _____________________ (құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т. және қолы) _________ Отбасының тiркелу нөмiрi ___________________________________________________________________________ (қию сызығы) Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм өтiнiш иесiнің қолы ___________________ Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____ дана, отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші 200 __ жылғы "___"_____________ қабылданды Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы _________________ Ережеге 2-қосымша 1-нысан Отбасының тіркелу нөмірі ____________ Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер _________________________ _________________________ (Өтініш иесінің А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
Отбасының құрамы туралы М.О. мәліметті растауға уәкілетті органның лауазымды адамының А.Ә.Т. _____________________ (қолы) Ережеге 3-қосымша 2-нысан Отбасының тіркелу нөмірі ____________ Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200__ жылғы ___ тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер ____________________________ _______________________________ (А.Ә.Т.) (мекен-жайы, телефон)
Өтініш иесінің қолы ____________________________ Күні ________________________________ Ережеге 4-қосымша 3-нысан Отбасының тіркелу нөмірі ____________ Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер ____________________________ ____________________________ (А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
Өтініш иесінің қолы _____________________________ Күні ______________________ Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. "Аз қамтылған азаматтарға жергiлiктi (аймақтық) деңгейде арнайы әлеуметтiк көмек ұйымдастырудың тәртібі туралы Үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 ақпандағы № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 7, 77-құжат); 2. "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 мамырдағы № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 21, 185-құжат); 3. "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 13, 91-құжат); 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 мамырдағы № 604 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 604 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 16, 136-құжат); 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 7 сәуірдегі № 292 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 10, 80-құжат); 6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 22 ақпандағы № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 мамырдағы № 490 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 16, 142-құжат); 7. "Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 322-құжат). |