Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Ведомстволары туралы ережелерді бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 1180 қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН 1. Қоса берілген мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Экспорттық бақылау және лицензиялау комитеті туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті туралы ереже; 4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық ісі комитеті туралы ереже; 5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті туралы ереже бекітілсін. 2. Комитеттердің басшылығы осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Жауапты хатшысы В.К. Советскийге жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Индустрия және сауда министрлігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 18 бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және енеркәсіп комитеті туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция және өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды мемлекеттік қолдау, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі, сондай-ақ мемлекеттің индустриялық даму салаларында бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|