Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есептілігі, оны ұсыну нысандары мен мерзімдері туралы (2013.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.28.04. № 172 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.12. № 383 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Ислам банктері пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі мынадай есептіліктерді ұсынады: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекелді есепке ала отырып мөлшерленген активтер талдамасы; 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредиттік тәуекелді есепке ала отырып мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер талдамасы; 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уақыт аралығы бойынша (валюталар бойынша) ашық позицияларды бөлу; 5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша исламдық бағалы қағаздарының жалпы нарықтық тәуекелі есебінің талдамасы; 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша акциялардың нарықтық құнының немесе акция индексінің өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелдің талдамасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|