Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 (2007.26.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1 Бөлiм (1 - 10 баптар) 1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 10 баптар) 2 Бөлім (11 - 30 баптар) 2-тарау. Тұрғын үйге жеке меншік құқығын алу (11 - 17 баптар) 3-тарау. Тұрғын үйге жеке меншік құқығының мазмұны (18 - 22 баптар) және оны жүзеге асыру шарттары 4-тарау. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын (23 - 27 баптар) ұйлерді жалдау 5-тарау. Тұрғын үйге жеке меншік құқығының (28 - 30 баптар) тоқтатылуы 3 Бөлім (31 - 66 баптар) 6-тарау. Кондоминиум (31 - 41 баптар) 7-тарау. Кондоминиум объектісін басқару (42 - 51 баптар) 8-тарау. Тұрғын үй жӘне тұрғын үй-құрылыс (52 - 66 баптар) кооперативтері 4 Бөлiм (67 - 114 баптар) 9-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (67 - 70 баптар) тұрғын үй беру 10-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (71 - 79 баптар) тұрғын үй беру тәртібі 11-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үйлерді (80 - 96 баптар) жалдаушылардың құқықтары мен міндеттері 12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын (97 - бап) үйлерге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу 13-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй (98 - 101 баптар) берудің және оны пайдаланудың ерекшеліктері 14-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын (102 - 108 баптар) үйлерді пайдалану құқығын тоқтату және олардан шығару 15-тарау. Қызметтік тұрғын үйлерді және мемлекеттік (109 - 114 баптар) тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын бөлмелерді пайдалану 5 Бөлiм (115 - 116 баптар) 16-тарау. Тұрғын үй беру жөніндегі шарттық (115 - 116 баптар) міндеттемелер 6 Бөлiм (117 - 121 баптар) 17-тарау. Өтпелі ережелер (117 - 121 баптар)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдары 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қатысуымен: 1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне; 2) тұрғын үйлердi пайдалану құқығының жүзеге асырылуына; 3) тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға; 4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне; 5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттік органдардың бақылауына байланысты қатынастарды реттейдi. 2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де заңдармен реттеледi. 3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi заңдармен реттеледi. 4. Мейманханаларда, пансионаттарда, интернаттарда, қарттар үйлерiнде және осындай мақсаттағы басқа да үй-жайларда тұру заңдарымен реттеледi.
07.06.99 ж. № 391-I ҚР Заңымен; 2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-бап өзгертілді; 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап жаңа редакцияда; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар Осы Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды білдіреді: әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары; бөлек (өзіндік) меншік — жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны — кондоминиум құрылған тұрғын жай (тұрғын үй) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі; жалға беруші — тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл жасаушы болып табылатын тарап; жалға берілетін үй - жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын жай), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер); жалдаушы (жалға алушы) - тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдалануға алушы тарап; жатақхана — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе қожайынымен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын жай; жер учаскесі - тұрғын үйге заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы; коммуналдық қызметтер — тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер; кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі (бұдан әрі — кондоминиум объектісі) жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны; көп балалы отбасы - бірге тұратын (соның ішінде уақытша басқа жақта жүрген) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы; қосымша жалдаушы - тұрғын үйді қосымша жалдау шартындағы тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын тарап; қызметтік тұрғын үй - азаматтардың еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй; қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй - мемлекеттік тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға берілетін тұрғын үй; оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; ортақ мүлік — тұрғын үйдің бөлек меншіктегі үй-жайлардан басқа барлық бөліктері. Ортақ мүлік құқығы заңнамада көзделген жер учаскесіне құқықты да қамтиды; табысы аздар — мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңнамада осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдар; толық емес отбасы — балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, соның ішінде ажырасқан, жесір ата-ана тәрбиелейтін отбасы; тұрғын үйдің тұрғын алаңы — тұрғын үйдегі (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының қосындысы; тұрғын емес үй-жай — тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) ортақ мүлік болып табылатын бөлігін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай (дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар); тұрғын үй — тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй (жеке-дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме); тұрғын үйді жалдау (жалға беру) — жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру; тұрғын үйді жалдау (жалға беру) шарты - оған сәйкес жалға беруші тұрғын үйді не оның бір бөлігін жалдаушыға (жалға алушыға) тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт; тұрғын үйді жекешелендіру — азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы, ол заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады; тұрғын үйді қосымша жалдау шарты — тараптардың, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін, шарты; тұрғын үйдің жалпы алаңы - тұрғын үйдің пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендеткіш коэффициенттерді қолданып есептелетін балкондардың (лоджылар, дәліздер, террассалар) алаңдарының қосындысы тұрғын үйдің құны — тұрғын үйдің мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны; тұрғын үйдің пайдалы алаңы — тұрғын үйдің тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының қосындысы; тұрғын үйдің тұрғын емес алаңы — тұрғын үй-жайдағы ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңы; тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) жалпы алаңы — тұрғын үйдегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының қосындысы; тұрғын үйді реквизициялау — төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын үйді заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мәжбүр етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін өзге де өтем түрлерін төлеу; тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар — тұрғын үйді пайдалануға, оны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға қажет төлемдер қосындысы; тұрғын үй-жай (пәтер) - тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын үйдің тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай; тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) — азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, ал жекелеген жағдайларда — белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау шығынына қатысады; тұрғын үй қоры — Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер; тұрғын үй (тұрғын жай) — негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс; уақытша тұрғындар — жалдаушы (тұрғын үйдің меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін олардан ақы алмай, тұрғын үйде уақытша тұру құқығын берген азаматтар; үй-жай — тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі бөлінбеген беті, егер заңнамада немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады; үй-жайлар иелерінің кооперативі - көп пәтерлі тұрғын үйдегі (үйлердегі) үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылатын коммерциялық емес бірлестігі; шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік - ортақ мүліктің жеке меншік иесінің (меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген ретпен берілетін жекелеген бөліктері.
3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры 1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры мыналарды қамтиды: 1) жеке тұрғын үй қоры - азаматтар мен заңды тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi, мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйлер; 2) мемлекеттік тұрғын үй қоры - меншiк құқығымен мемлекетке қарасты және жергiлiктi атқарушы органдардың қарамағындағы (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) не мемлекеттік кәсiпорын қарамағындағы (мемлекеттік кәсiпорынның тұрғын үй қоры) тұрғын үйлер. 2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар кiрмейдi. 3. Жеке тұрғын үй қорының және мемлекеттік кәсiпорындардың тұрғын үй қорының үйлеріндегі тұрғын үй-жайларды жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың немесе өзге де ұйымдардың мәжбүр етiп алуына, осы Заңда және басқа заң актілерінде көзделгендегiден басқа жағдайларда тыйым салынады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 4-бап. Тұрғын үйлердi пайдалану 1. Тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) немесе оның бiр бөлiгiн тұрғын емес мақсатқа пайдалануға осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi. 2. Тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау мен қайта жоспарлауды үй-жай иесiнiң келісімiмен және жобаның құрылыс нормалары мен ережелерiне сәйкес келуiне жауап беретiн заңды немесе жеке тұлға орындаған жоба болған жағдайда жүзеге асыруға болады. Жобаның мiндеттi талаптарға сәйкестiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган растайды. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау жөнiнде нақты атқарылатын жұмыстардың жобаға сәйкестiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен меншiк иесi мен жұмысты атқарушы жауап бередi. Үй-жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлау басқа меншiк иелерiнiң мүдделерiн қозғайтын жағдайда олардың алдын-ала жазбаша келісімi талап етiледi.
5-бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану Үй-жайлардың иелерi (азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет) тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану үшiн заңдарда тыйым салынбаған кез келген бiрлестiкке бiрiгуге құқылы.
6-бап. Тұрғын үй қорын басқару Тұрғын үй қорын басқаруды меншiк иесi тiкелей, не өзi құратын (тағайындайтын, сайлайтын) органдар арқылы, сондай-ақ сенім бiлдiрiлген адамдар арқылы жүзеге асырады.
7-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады.
8-бап. Тұрғын үй дауларын шешу 1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi. 2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртібімен ғана шығаруға болады.
9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi 1. Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетелдiктер, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады. 2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. Тұрғын үйге жеке меншiк құқығын алу
11-бап. Тұрғын үйдi сатып алу құқығы 1. Азамат немесе заңды тұлға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. 2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгіндегі тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды. 3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен реттеледi.
12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша: 1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу; 2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен заңдарға қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу; 3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу; 4) жалға алушының мемлекеттік тұрғын үй қорының үйiнде өзi тұратын тұрғын үйдi немесе тұрғын үй-жайды жекешелендiру (сатып алу немесе тегiн алу) жолымен меншiгiне алуы; 5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң тұрғын үй-жай үшiн пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi; 6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру; 7) заңды тұлғалардың мемлекеттік емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi; 8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi заңдарда белгiленген шарттармен өз қызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi; 9) жеке меншiкте болған тұрғын үйдiң бұзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айырылудың өтемi ретiнде тұрғын үй беру; 10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады.
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен 13-бап өзгертілді; ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен. 13-бап толықтырылды 13-бап. Жалға алушының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне меншiк құқығын жекешелендiру тәртібімен алуы 1. Осы Заңда көзделген реттерде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы, кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келісімiмен, тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген шарттармен және тәртiппен жекешелендiруге құқылы. Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi. 2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмеген болса, бiрлескен ортақ меншiгiне көшедi. 3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң алып қойылуына барлық меншiк иелерiнiң келісімiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иесi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiне қатысты болса, қорғаншы және қамқоршы органның келісімi талап етiледi. 4. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер осы Заңның 101-бабының 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн. 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің бөлек (жеке) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді. Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. |