|
|
|
Кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерінің импортына уақытша қорғау шараларын енгізу туралы
«Тауарлар импорты жағдайында ішкі нарықты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кондитерлік бұйымдардың кейбір түрлерінің импортына 2009 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде кедендік құнының 28 пайызы, бірақ 1 килограмм үшін 0,3 евродан кем емес мөлшерде уақытша қорғау шаралары енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік баждың қолданыстағы ставкасының үстінен алынатын осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша қорғау шараларын депозитке салсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық коғамдастықтың Интеграциялық комитетін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетін Қазақстан Республикасының уақытша қорғау шараларын енгізгені туралы хабардар етсін. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 850 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты уақытша қорғау баждары енгізілетін тауарлардың тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |