|
|
|
Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы (2015.15.06. берілген өзгерістермен)
ҚР 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 232-ІV Заңымен ратификацияланды 2011 жылғы 24 қаңтарда күшіне енді
2009 жылғы 9 маусымда Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шарт (бұдан әрі - Қор құру туралы шарт) негізінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының (бұдан әрі - Қор) құрылтайшылары болып табылатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Армения Республикасы (бұдан әрі - Қор қатысушылары), бір тараптан, және 2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісімге сәйкес құрылған, халықаралық ұйым болып табылатын Еуразия даму банкі (бұдан әрі - Банк) Банкке қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуына, олардың экономикалық өсуі мен олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ету мақсатында екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, мыналарды: Қор құру туралы шартта Қордың қаражатын басқаруды Қор құру туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қор туралы ережеде (бұдан әрі - Қор туралы ереже) көзделген тәртіппен Қордың қаражатын басқарушымен бірлесе отырып, Қор Кеңесі жүзеге асыратыны және Қордың қаражатын басқарушының функцияларын орындау Қордың құрылтайшы мемлекеттері мен Банк арасында жасалатын Қордың қаражатын басқару туралы Келісімнің негізінде Банкке жүктелетіні көзделгендігін; Банк Жарғысының 9-бабы 4-тармағына сәйкес Банк Кеңесінің шешімі бойынша Банктің мақсаттары мен функцияларына сәйкес міндеттерді шешу үшін Банк қатысушылары, қатысушылар тобы немесе басқа ұйымдар қалыптастырған арнаулы қорларды басқару бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға құқылы болатынын; Банк Кеңесінің Қор қаражатын басқару бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы шешім (2009 жылғы «___»________ №___) қабылдағанын назарға ала отырып, мына төмендегілер туралы уағдаласты:
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап Келісімнің мәні
1. Осы Келісіммен Тараптар Қордың қаражатын бірлесе басқару тәртібін белгілейді. 2. Қорға қатысушылар Қордың қаражаттың басқаруды өкілеттігі Қор туралы ережеде анықталған Қор Кеңесі арқылы жүзеге асырады. Банк осы Келісім белгіленетін тәртіппен және талаптарда Қор қаражатын басқарушының Қор қаражатына дебилік ету және оны әкімшілік басқару функцияларын орындауды өзіне қабылдайды. 3. Осы Келісімде көзделген функцияларды жүзеге асырған және бұл үшін қажетті мәмілелерді жасасқан кезде Банк өзінің Қор қаражатын басқарушы ретінде әрекет етіп отырғанын көрсетеді. Жазбаша ресімдеуді талап етпейтін іс-әрекеттер жасаған кезде Банк олардың осы ретте жасалғаны туралы басқа тарапты хабардар етеді, ал жазбаша құжаттарда өзінің атауынан кейін «ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқарушы» деген белгі қояды. 4. Қор қаражатын басқарушы функцияларын орындау кезінде Банк Қор Құжаттарына сәйкес, тек қана Қорға қатысушылардың мүдделері мен Қор құру мақсаттарын басшылыққа ала отырып әрекет етеді және Қор қаражатын тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын күш-жігерін салады. 5. Қорға қатысушы болып табылатын мемлекеттер осы арқылы Банктің құрылтай құжаттарында көзделген иммунитеттерін, артықшылықтары мен жеңілдіктерін Қордың қаражатына және Қордың операцияларына таратады және олардың өз заң құзыры шегінде әрекет етуіне кепілдік береді. 6. Банк Қор туралы ережеге және Қор қолданатын басқа да құжаттарға сәйкес Қор Кеңесі хатшылығының функцияларын орындайды. Банк көрсетілген функцияларды орындау кезінде өзінің Қор Кеңесінің хатшылығы ретінде әрекет ететінін көрсетеді.
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап Қор қаражатына билік ету
1. Банкке Қорға қатысушылар өздерінің орталық (ұлттық) банктеріндегі шоттарға Қорға ақшалай жарна ретінде енгізген ақша қаражатын коса алғанда, Қордың барлық қаражатына билік ету құқығы беріледі. Банктің Қорға қатысушылар өздерінің орталық (ұлттық) банктеріндегі шоттарға Қорға ақшалай жарна ретінде енгізген ақша қаражатына билік ету құқығын Қорға қатысушылар орталық (ұлттық) банктермен жасасатын тиісті банктік шот шарттарында көздейді. 2. Қор қаражаты Қорға қатысушыларға тиесілі. Банкке Қордың қаражатына билік ету құқығын беру оларға меншік құқығының Банкке өтуіне әкеп соқтырмайды. 3. Банк Қордың қаражатына билік ету шеңберінде Қорға қатысушылардың атынан және солардың тапсырмасы бойынша мынадай заңды іс-әрекеттерді жүзеге асырады: а) Қор құжаттарына және осы Келісімнің талаптарына сәйкес, Қор Кеңесі бекіткен банктердегі Қордың қаражатымен жасалатын операцияларды жүзеге асыру үшін шоттарды ашады және АҚШ доллары мен еурода жүргізеді (бұдан әрі - Қор шоттары), көрсетілген шоттар бойынша, сондай-ақ осы Келісімнің 1-бабында аталған Қорға қатысушылардың орталық (ұлттық) банктердегі шоттары бойынша операцияларды жүзеге асырады; б) мыналарды: - Қорға қатысушылар Қорға өздерінің орталық (ұлттық) банктеріндегі шоттарға енгізген ақшалай жарналарын қоспағанда, жарналарды; - Қордың уақытша пайдаланылмайтын қаражатын орналастырудан (инвестициялаудан) түсетін түсімдерді; - Қордың қаражатын беру туралы келісімдер бойынша барлық төлемдерді қоса алғанда, Қордың қаражатын қайтарымды негізде беруден түсетін түсімдерді; - Қорға қайырмалдылықтарды; - Қорға түсетін өзге де түсімдерді қоса алғанда, Қорға түсетін барлық ақша қаражатын дереу Қордың Шоттарына есептейді. Қорға АҚШ долларымен немесе еуромен жүргізілмеген барлық төлемдерді Банк осы Келісімнің 3-бабының 4-тармағына сәйкес анықталған бағам бойынша АҚШ долларына және/немесе еуроға айырбастайды; в) Қор Кеңесі шешімдерінің негізінде Қорға қатысушылар берген вексельдерді төлеуге ұсынады; г) Қор Кеңесі шешімдерінің негізінде Қорға қайырмалдылықтарды қабылдайды; д) Қор Кеңесі шешімдерінің негізінде Қордың қаражатын алушылармен Қордың қаражатынан қаржыландыру беру туралы келісімдер (бұдан әрі - Қордың қаражатын беру туралы келісімдер) жасасады, жасалатын келісімдердің Қор туралы ереже мен Қор Кеңесінің шешімдерінде көзделген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етеді; е) Қордың қаражатын беру туралы келісімдер бойынша осы Келісімдердің талаптарына сәйкес Қордың қаражатын беруді жүзеге асырады; ж) Қордың қаражатын беру туралы келісімдер, Қордың қаражатын пайдалана отырып жасалатын өзге де мәмілелер бойынша және басқа да Қор шеңберінде жүзеге асырылатын қызметке байланысты мәселелер бойынша Қорға Қатысушылардың мүдделерін білдіреді және қорғайды; з) Қор Кеңесі бекітетін тәртіпке сәйкес таяу арада қаржыландыруды беру мақсаттарына пайдалану үшін талап етілмейтін Қордың қаражатын инвестициялайды және/немесе депозиттерге орналастырады; и) Қорға қатысушы Қорға қатысушылардың құрамынан шыққан жағдайларда Қор Кеңесінің шешімі негізінде мұндай Қорға қатысушының үлесін төлеу мерзімі мен тәртібі туралы келісімдер жасасады, осындай келісімдер бойынша төлемдерді жүргізеді; к) Қор операциялары тоқтатылған көзде Қор Кеңесі анықтайтын тәртіппен және талаптарда Қорға қатысушының әрқайсысына Қордың қаражатындағы оның үлесін аударады; л) осы Келісімнің 9-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Қордың қаражаты мен Қордың қаражатына билік ету жөніндегі қызметі нәтижесінде құралған активтерді Қор Кеңесі анықтайтын тәртіппен Қор Кеңесі тағайындаған тұлғаға (тұлғаларға) береді; м) Қор Кеңесінің, Қордың Сараптамалық кеңесінің құзыретіне жататын және Қор қаражатын басқарушыға берілмеген іс-әрекеттерден басқа, Қордың қаражатына тиімді билік ету үшін талап етілуі мүмкін басқа да іс жүзіндегі және заңды іс-әрекеттерді жасайды. Банк Қордың қаражаттары есебінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды басқаруды оның өз ережелері мен сатып алу рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырады және мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Қордың қаражатын беру туралы келісімдерде Қор қаражатын алушылардың сатып алудың көрсетілген рәсімдерін сақтауы жөніндегі міндеттемелерді көздейді. 5. Төтенше жағдайда Қор Кеңесі туындаған жағдайды қарағанда және ол қажетті шараларды қабылдағанға дейін Банк Қор Кеңесінің шешімі бойынша Қордың қаражатын беру туралы жаңа келісімдерді жасасуды және Қор қаражатымен басқа мәмілелер жасауды тоқтата тұрады.
Қор қаражатын есепке алу
1. Банктің билігіне берілген Қор қаражатын Банк жеке теңгерімде көрсетеді және олар бойынша дербес есеп жүргізеді. 2. Банк Қор қаражатын Банктің мүлкінен (активтер, капитал және әдеттегідей ресурстар) және Банктің құрылтай құжаттарына сәйкес құрылған басқа арнайы қорлардың ресурстарынан оқшаулайды. 3. Банк Қор қаражатын есепке алуды, өз кітаптары мен шоттарына қолданатын бухгалтерлік (қаржылық) есепті жүргізу мен бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті жасаудың сол принциптеріне сәйкес жүзеге асырады. Көрсетілген принциптер Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес есеп құжаттары мен бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды көздейді, ол біртіндеп қолданылады және тиісті түрде Қорға байланысты қызметті, ресурстар мен шығыстарды көрсетеді. 4. Көз келген валютаның басқа валютаға қатысты бағамын анықтау қажеттілігі туындаған барлық жағдайларда, Банк өз қазынашылық операциялары үшін қолданатын принциптерді қолдана отырып, Банк валюта бағамын анықтайды.
Қор қаражатын әкімшілік басқару
1. Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметті әкімшілік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде Банк мынадай функцияларды орындайды: а) Қордың Шоттарын ашу үшін банктер бойынша негізделген ұсыныстар дайындайды және оларды Қордың Сараптамалық кеңесінің қарауына береді; б) Қорға қатысушылардың тізілімі мен Қор Кеңесіндегі Қорға қатысушылар дауысының санын есепке алуды жүргізеді; в) Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметтің жыл сайынғы бағдарламаларының жобаларын және Қор қаражатын басқару бойынша Қор қаражатын басқарушының әкімшілік шығыстары сметасын, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді дайындайды және оларды Қордың Сараптамалық кеңесінің қарауына береді; г) жыл сайын Қор операциялары туралы жылдық қаржы есебін дайындайды және оларды Қордың Сараптамалық кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынады; д) құрылтайшылар мен Қорға қатысушылардың Қорға жарна енгізу бойынша міндеттемелерін орындауы туралы Қор Кеңесіне ақпарат береді; е) Қор қаражаты есебінен тұрақтандыру кредиттері мен егемен қарыздар беру тәртібінің жобаларын, мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Қор қаражатын ұсыну тәртібін, уақытша пайдаланылмайтын Қор қаражатын орналастыру (инвестициялау) тәртібін (Инвестициялық декларация) дайындайды және Қордың Сараптамалық кеңесінің қарауына ұсынады; ж) Қордың ресурстық әлеуетін бағалауды жүргізеді және қажет болған жағдайда төлемдерді жүргізу үшін Қор Кеңесінің алдында төлемге вексельдер ұсыну туралы мәселені көтереді; з) Қордың қаражатынан қаржыландыруды ұсыну туралы өтінімді қарайды, олардың Қор мақсаттарына, қаржыландыруды беру бағыттарына, Қор құру туралы шартта, Қор туралы ережеде және Қор Кеңесінің шешімдерінде айқындалған Қор қаражатын беру тәртібі мен шарттарына, қаржыландырудың басымдылығы мен тиімділігіне, ұсыныстардың дайындалу дәрежесіне және басқа мәселелерге сәйкестігін анықтау мақсатында көрсетілген өтінімдерді бағалауды жүргізеді, Қор Кеңесіне ұсынымдарды қарау және дайындау үшін тиісті қорытындыларды дайындайды және оларды Қордың Сараптамалық кеңесіне ұсынады; и) Қордың қаражатын беру туралы келісімдердің жобаларын әзірлейді, осы Келісімдер шарттарының Қор туралы ережеде белгіленген талаптарға және қаржыландыруды беру туралы Қор Кеңесінің шешімдеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда көрсетілген Келісімдерге өзгерістер жобасын әзірлейді; к) Қордың қаражатын беру туралы келісімдер бойынша алушылар берешегінің есебін жүргізеді, алушыларға берешектің мөлшері және тиесілі төлемдер туралы ақпарат береді, борышты өтеу және қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді орындау мониторингін жүзеге асырады, қажет болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен берешекті және көрсетілген Келісімдер бойынша басқа да тиесілі төлемдерді өтеу бойынша шаралар қолданады; л) жобаларды іске асыру мониторингін, басқа операцияларды, Қор қаражатын беру шарттарын орындау мониторингін қоса алғанда, Қордың қаражатын беру туралы келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тұрақты мониторингті қамтамасыз етеді, осындай ақпаратқа Қорға қатысушылардың үнемі қол жетімділігін қамтамасыз етеді, Қордың қаражатын беру туралы келісімдерді басқа да қажетті әкімшілік сүйемелдеуді көрсетеді; м) Қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалар мен операциялардың тиімділігін бағалауды ұйымдастырады және Қордың Сараптамалық кеңесіне осындай бағалаудың нәтижелерін ұсынады; н) осы келісімдердің талаптарына сәйкес қаржыландыруды тоқтата тұру және тоқтату мүмкіндігіне әкеп соғатын Қордың қаражатын беру туралы келісімдер шарттарын алушылардың бұзуы туралы ақпаратты Қордың Кеңесі үшін қажетті ұсыныстарды қабылдау үшін Қордың Сараптамалық кеңесіне ұсынады; о) қажет болған жағдайда Қорға қатысушылардың Қор қаражатындағы үлесін анықтау тәртібін, сондай-ақ үлестерді төлеу тәртібі мен шарттары туралы келісімдердің жобаларын әзірлейді және Қордың Сараптамалық кеңесінің қарауына ұсынады; п) қажет болған жағдайда Қордың операцияларын тоқтату рәсімін әзірлейді және Қордың Сараптамалық кеңесінің қарауына ұсынады; р) қажет болған жағдайда Қор құру туралы шартқа, Қор туралы ережеге, осы Келісімге және Қордың басқа құжаттарына өзгерістер жобаларын әзірлейді және Қордың Сараптамалық кеңесінің қарауына ұсынады; с) қажет болуына қарай Қордың қаражатын басқарушы ретінде өз міндеттерін орындау үшін Қорға қатысушылармен, Қор Кеңесіндегі Қорға қатысушылардың өкілдерімен, Қор қаражатын алушы мемлекеттер үкіметтерін қоса алғанда, Қор қаражатын алушылармен, өңірлік билік органдарымен және алушы мемлекеттердің муниципалды органдарымен, сондай-ақ басқа мемлекеттік және жеке ұйымдармен байланыста болады және Қордың Сараптамалық кеңесіне осындай өзара іс-қимыл туралы баяндайды; т) өз жарияланымдарында, сондай-ақ өзінің алушы мемлекеттермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстарында Қор және Қорға қатысушылар туралы (жылдық есеп, ақпараттық бюллетеньдер және т.б.) жеткілікті ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді; у) Қордың Сараптамалық кеңесімен өзара іс-қимыл жасайды, оның ішінде Қор Кеңесінің қарауына Банк шығаратын барлық мәселелерді, құжаттар мен материалдарды сараптамаға ұсынады, Қордың Сараптамалық кеңесінің ескертулері бойынша оларды пысықтауды жүзеге асырады, Қордың Сараптамалық кеңесінің сұраулары бойынша көрсетілген мәселелер, құжаттар мен материалдар бойынша қажетті қосымша ақпаратты және түсіндірмені ұсынады; ф) Қор Кеңесінің, Қордың Сараптамалық кеңесінің және Қор кеңесі хатшылығының құзыретіне жататын функциялардан басқа Қор қаражатын тиімді әкімшілік басқару үшін талап етілуі мүмкін басқа да функцияларды орындайды. 2. Банк тиімді әкімшілік басқару және Қордың қаражатына билік ету үшін қажетті және орынды деп есептейтін, Қордың құжаттарына сәйкес келетін ішкі нормативтік құжаттарды, ережелер мен рәсімдерді қабылдауға құқылы. 3. Банк өкілдері Қор Кеңестерінің отырыстарына қатысады. 4. Қор қаражатын басқарушы ретінде Банк қажет болған көзде Қор Кеңесінің Төрағасына Қор Кеңесі отырыстарын кезектен тыс өткізу туралы және Қор туралы ережеде көзделген тәртіппен Қор Кеңесі отырыстарының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу туралы ұсыныстарды жібереді. 5. Қор қаражатын басқарушының функцияларын жүзеге асыру үшін Банк өз персоналын, қажетті дағдылары мен білімі бар үшінші тұлғаларды - сарапшыларды (кеңесшілерді) және басқа қажетті ресурстарды тартады.
Қорды басқарушының Қор қаражатына билік ету жөніндегі қызметінің аудиті
1. Банктің есепке алуды жүргізуін тексеру және жылдық қаржылық есептілігінің Қор қаражатын Басқарушының қызметін жүзеге асыру бөлігінде дұрыстығын растау үшін Банк жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының аяғына дейін тәуелсіз сыртқы аудиттің жүргізілуін қамтамасыз етеді. Аудитті жүргізуге арналған шығыстар жыл сайын Басқарушының Әкімшілік шығыстар сметасында көзделеді және Қор қаражатынан төленеді. 2. Сыртқы аудит Банктің жылдық қаржылық есептілігінде қолданылатын тәртіппен жүргізіледі. Аудиторлық тексеруге арналған шығыстар Қордың қаражаты есебінен төленеді және осы Келісімнің 6-бабының 1-тармағында ескерілген Қор қаражатын Басқарушының Әкімшілік шығыстар сметасында көзделеді. Банк ішкі рәсімдерге сәйкес аудитті жүзеге асыру үшін аудиторлық компанияны дербес анықтайды. 3. Ішкі аудитті Банктің ішкі аудит қызметі өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес жүргізеді. 4. Қорға қатысушыларға Банк Қор қаражатын басқару жөніндегі қызмет туралы жылдық есепті және аудиторлық қорытындыны оларды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді. Есеп пен қорытындыны Қордың Сараптамалық кеңесі мен Қордың Кеңесі қарайды. 5. Банк айқындылық принципін негізге ала отырып, Қор қаражатын басқару жөніндегі қызмет туралы жылдық есепті және Қордың мақсатына кол жеткізу және Қор қаражатын басқарушының функцияларын орындауы үшін жариялануын орынды деп таныған өзге де кез келген есепті жариялайды.
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап Қор қаражатын басқарушының шығыстарына ақы төлеу және оның есептілігі
1. Банк өзінің Қор қаражатын басқарушының және Қор Кеңесі хатшылығының функцияларын орындау жөніндегі ағымдағы шығыстарына Қор Кеңесі бекіткен Қор қаражатын басқару жөніндегі Қор қаражатын басқарушының және Қор Кеңесі хатшылығының әкімшілік шығыстары сметасына сәйкес Қор қаражатынан төлейді. Көрсетілген шығыстарға ақы төлеуден басқа Қор Кеңесі Банкке Қор қаражатын басқарушы қызметінің жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізгенін көтермелеу түрінде Қордың қаржы жылының аяқталу қорытындысы бойынша сыйақы тағайындай алады. Көрсетілген сыйақы Қор қаражаты есебінен төленеді. 2. Банк Қор қаражатын басқарушы ретінде оның қызметін толық көлемде көрсететін құжаттаманы жүргізеді және Қор қаражатын басқарушы ретінде өз қызметі туралы қажетті есептілікті Қор Кеңесіне ұсынады. 3. Банк осы баптың 1-тармағында аталған шығыстарды растайтын барлық алғашқы есеп құжаттамасын және Қордың қаражатын пайдалануға байланысты басқа операцияларды (келісім-шарттарды, актілерді, шоттарды, шот-фактураларды, жүк құжаттарды, түбіртектерді және басқа да құжаттарды қоса алғанда), Қор операцияларының барлық кезеңі ішінде және оның аяқталуынан кейін және Қор Кеңесі Қор қаражатының соңғы шығыстары жүргізілген кезеңге аудиторлық қорытындыны алғаннан кейін бір жыл ішінде сақтайды.
Заңсыз іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл
1. Банк халықаралық құқыққа және Қорға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес Қор қаражатын пайдалануға қатысы бар заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу және жолын кесу үшін тиісті шаралар қолданады. Банк көрсетілген талапты барлық Қор қаражатын алушылардың орындауын қамтамасыз етеді. Банк көрсетілген талапқа сілтемелерді Қор қаражатын беру туралы келісімге қосады. Бұл ретте Қор қаражатын алушыға Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді берушілермен жасалатын барлық келісім-шартқа тиісті ережені енгізу міндеті жүктеледі. 2. Заңсыз іс-әрекет жасаудың барлық жағдайларын Банк Қордың Сараптамалық кеңесі мен Қор кеңесінің назарына жеткізеді.
Тараптардың жауапкершілігі
1. Тараптар осы Келісімге сәйкес өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін бірлесіп жауап береді. Егер тиісті міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау дүлей күштің салдарынан немесе екінші Тараптың іс-әрекетінен туындаған жағдайда, Тараптар көрсетілген жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың міндеттемелерді орындау мерзімі осындай мән-жайлар әрекет еткен уақытпен бірдей ауыстырылады. 2. Осы Келісім бойынша Банктің өз міндеттемелерін орындамауына әкеп соқтыратын жағдайлар туындаған көзде, Банк он күндік мерзімде осы жағдайлар туралы және осы жағдайларды жою бойынша Банктің қабылдайтын шаралары және осы Келісімде көзделген міндеттемелер туралы Қор Кеңесін хабардар етеді. 3. Банк Қор операцияларын жүзеге асыру аясында Қорға қатысушылардың атынан қабылданған міндеттемелер бойынша, осындай міндеттемелерді қабылдау кезінде Банк Қор құжаттарының ережесін бұзған жағдайларды қоспағанда, өз мүлкімен жауап бермейді.
2015 ж. 15 маусымдағы Хаттамамен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап Қорытынды ережелер
1. Осы Келісім Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын Депозитарий құрылтайшы мемлекеттер мен Банктің оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді және барлық төлемдер мен өзара есептерді реттеуді қоса алғанда, Тараптардың осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанына дейін қолданыста болады. 2. Осы Келісімге өзгерістер Тараптардың келісімі бойынша енгізіледі және Депозитарий Қорға Қатысушылар мен Банктің олардың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді, олар Депозитарий Қорға қатысушылардан және Банктен олардың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді. Өзгерістер енгізу туралы хаттамалар күшіне енгеннен кейін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 3. Осы Келісімге басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қорға қатысушылар ретінде олардың көрсетілген Шартта көзделген тәртіппен олардың Қор құру туралы шартқа қосылуы шартымен қосыла алады. Осы Келісім оған қосылған мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар үшін Қор құру туралы шартқа және осы Келісімге қосылғаны туралы құжаттарды Депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді. 4. Осы Келісімге ескертулерге жол берілмейді. 5. Осы Келісімді орындауға байланысты туындайтын Тараптардың дауларын Тараптар мүмкіндігінше келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді. Егер осындай даулар келіссөздер мен консультациялар арқылы шешілмеген жағдайда, оларды тараптардың кез келгені үш төрешіден тұратын төрелік соттың қарауына береді, олардың бірін Қор Кеңесі, екіншісін - Банк тағайындайды, ал үшіншісі төрешілердің келісімі бойынша тағайындалады не төрешілер бір келісімге келмесе, оның Мәртебесіне сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық Сотының Төрағасы тағайындайды. Төрешілер көпшілік дауыспен шешім қабылдайды және олар қабылдаған шешім дау тараптары үшін түпкілікті және міндетті шешім болып табылады. 6. Кез келген Қорға қатысушы Қор құру туралы шарттан бір уақытта шығу шартымен осы Келісімнен шыға алады. Қорға қатысушы Қор құру туралы шарттан шыққан кезде оның осы Келісімге қатысуы ұқсас түрде тоқтатылады. 7. Кез келген Тарап Келісімнің әрекетін болжанатын тоқтатуға дейін 6 (алты) айдан кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша түрде осы Келісімнің әрекетін тоқтату ниеті туралы хабарламаны басқа Тарапқа жіберу жолымен осы Келісімді бұзуға құқылы. Бұл жағдайда осы Келісім Қор қаражаты мен активтерін Банк осы Келісімнің 2-бабының 3-тармағының л) тармақшасында көзделген тәртіппен бергеннен және беру рәсімі аяқталғанға дейін Қор қаражатын басқарушының функцияларын орындау бойынша келтірілген шығыстарды Банкке өтеуден кейін
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |