Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың
Осы редакция 2009 жылғы 25 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар, Индустрия және сауда министрліктері (келісім бойынша): 1) осы бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзім ішінде мәліметтерді қалыптастыру және беруге жауапты тұлғаларды айқындасын; 2) жауапты тұлғалардың құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер орын алған күннен бастап үш күннен кешіктірмей хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (М.Н. Ысқақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы міндетін атқарушы вице-министр - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы М.Н. Ысқақовқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|