Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік (2009.16.01. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне кезең-кезеңімен көшу арқылы қоршаған ортаға зиянды шығарындылар бойынша автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер министрліктері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарына қолданылады және атмосфераға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бойынша олар пайдаланатын отынға және экологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Техникалық регламенттің объектілері: Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес жіктелетін М1, М2, М3, N1, N2 және N3 санаттарындағы және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, рұқсат етілген ең үлкен массасы 400 кг-дан астам болатын және (немесе) ең жоғары жылдамдығы 50 км/сағ-дан асатын автокөлік құралдары; зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бөлігінде автокөлік құралдарына орнатылған іштен жану қозғалтқыштары; іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын болып табылады. 3. Автомобиль бензині, дизельдік және газды отын автокөлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылатын отын болып табылады. 4. Техникалық регламентте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады: 1) шығарындылар - іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар; 2) іштен жану қозғалтқышы - отын тікелей жұмыс қуыстарында жанатын (мысалы, цилиндрде) немесе жанған отын жұмыс қуысына өтетін жылу қозғалтқышы; 3) газды қозғалтқыш - сұйытылған мұнаймен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш; 4) күшпен от алатын қозғалтқыш - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы энергияның қосымша көзі (мысалы, электрлік ұшқын) есебінен болатын қозғалтқыш; 5) дизель - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы оның қысымнан термодинамикалық қызуы салдарынан болатын қозғалтқыш; 6) шығарындылардың үлестік нормативтері - автокөлік құралдарына қатысты белгіленетін шығарындылар нормативтері, олар автокөлік құралының жасаған жұмысы немесе жүрісі бірлігіне есептелген атмосфераға шығаруға жол берілетін шығарындылардың ең үлкен көлемін көрсетеді; 7) экологиялық кезең - шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды; 8) БҰҰ ЕЭК № ережесі - Техникалық регламентке 2-қосымшаның тізбесіне сәйкес осы Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының ережесі.
2. Автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар
5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері Техникалық регламенттің 6-8-тармақтарына сәйкес экологиялық кезеңдер бойынша белгіленеді. 6. Еуро-2 экологиялық кезеңінде: 1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен және газбен) және дизель қозғалтқышы бар N1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 83-04 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-02 ережесінде (В шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1 бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-03 ережесінде көзделген сынақтар кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді. 7. Еуро-3 экологиялық кезеңінде: 1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензин, газ және дизель қозғалтқышы бар N1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1-3-түзетулері, 1-5-толықтырулары (А шығарындылар деңгейі), бар № 83-05 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-04 ережесінде (А шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 4) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, өткіштігі жоғары дизельдері бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1, 2-толықтырулары бар № 96-01 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді. 8. Еуро-4 экологиялық кезеңінде: 1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен, газ) және дизель қозғалтқышы бар М1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері 1-3-түзетулері бар, 1-5-толықтырулары (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК № 83-05 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-04 ережесінде (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді; 3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді. 9. Техникалық регламенттің 6-8-тармақтарында көрсетілген автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтерінің орындалуын қамтамасыз ететін отынның сипаттамасына Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес экологиялық кезеңдер бойынша негізгі техникалық талаптар қойылады.
10. Автокөлік құралдарының Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі сәйкестік декларациясымен немесе Техникалық регламентке саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестікті растау саласындағы құжатпен куәландырылады. 11. Отынның Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификатымен куәландырылады.
12. Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген үйлестірілген стандарттардың талаптарын ескере отырып дайындалған автокөлік құралдары мен оларға отын осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі. 13. Автокөлік құралдары мен оларға отын олардың осы Техникалық регламентке сәйкес болуы шартымен стандарттау жөніндегі өзге де нормативтік құжаттар бойынша дайындалуы мүмкін.
5. Қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімі
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1269 қаулысымен 14 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері Техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде: Еуро-2 экологиялық кезеңі - 2009 жылғы 15 шілдеден; Еуро-3 экологиялық кезеңі - 2011 жылғы 1 қаңтардан; Еуро-4 экологиялық кезеңі - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1269 қаулысымен 15 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Техникалық регламентке 3-қосымшаға сәйкес мынадай мерзімдерде: Еуро-2 экологиялық кезеңі - 2010 жылғы 1 қаңтардан; Еуро-3 экологиялық кезеңі - 2011 жылғы 1 қаңтардан; Еуро-4 экологиялық кезеңі - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1269 қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.16.01. № 13 қаулысымен (бұр.ред.қара) 16 тармақ өзгертілді 16. Автокөлік құралдары мен двигательдерді Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберген кезде олардың 4-қосымшаға сәйкес осы Техникалық регламентке сәйкестігін растауды жүргізуге 2011 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде рұқсат етіледі.
1-қосымша
Санаттары бойынша автокөлік құралдарын жіктеу
Ескертпе: * арнайы автокөлік құралдарында орнатылатын арнайы жабдық, жүк баламасы ретінде қарастырылады; ** екі немесе одан да көп бөлінбейтін, бірақ біріктірілген секциялардан тұратын біріктірілген автобус бір көлік құралы ретінде қарастырылады. Біріктірілген автобус жолаушылардың еркін орын ауыстыруы үшін бір-бірімен өзара өтпе дәліз арқылы байланысқан, жолаушы салоны орналастырылған екі немесе одан да көп ажырамай бекітілген секциялардан тұрады; ажырамайтын секциялар бір-бірімен тұрақты бекітілген және тек шеберханада ғана бар арнайы жабдықтың көмегімен ажыратылады; *** жартылай тіркемені сүйретуге арналған ершікті тартқыштар үшін рұқсат етілген ең үлкен масса ретінде тартқыштың жабдықталған жағдайдағы массасының және тартқышқа жартылай тіркемеден ершікті-ілінісу құрылғысы арқылы берілетін, ең үлкен статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін массаның, сондай-ақ қажет болғанда тартқыш жүгінің ең үлкен массасының қосындысын қарастырады.
2-қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын және автокөлік құралдарының сәйкестігін растау үшін ұсынылатын ережелерінің тізбесі
1. БҰҰ ЕЭК № 24 (24-03*) ережесі «Мыналарға қатысы бар: І. түтінге қатысты қысыммен от алатын қозғалтқышты сертификаттауға; II. автокөлік құралдарын оларға конструкция үлгісі бойынша қысыммен от алатын сертификатталған қозғалтқышты орнатуға қатысты сертификаттауға; III. түтінге қатысты қысыммен от алатын қозғалтқышы бар автокөлік құралдарын сертификаттауға; IV. қозғалтқыштың қуатын өлшеуге қатысы бар бірыңғай ұйғарымдар«. 2. БҰҰ ЕЭК № 49 (49-02*, 49-03, 49-04*) ережесі «Қысыммен от алатын қозғалтқыштарды және табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды, сондай-ақ күшпен от алатын, сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштарды және қысыммен от алатын қозғалтқыштармен, табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен және күшпен от алатын, сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен жабдықталған көлік құралдары ластаушы заттарға қатысты сертификаттауға қатысы бар бірыңғай ұйғарымдар". 3. БҰҰ ЕЭК № 83 (83-02, 83-03, 83-04, 83-05*) ережесі «Қозғалтқыштарға қажетті отынға байланысты ластаушы заттар шығарындыларына қатысты көлік құралдарын сертификаттауға қатысы бар бірыңғай ұйғарымдар». 4. БҰҰ ЕЭК № 96 (96-01*) ережесі «Ауыл шаруашылығы және орман тракторлары мен жолдан тысқары техникаға орнатуға арналған, осы қозғалтқыштардың ластаушы заттар шығарындыларына қатысты қысыммен от алатын қозғалтқыштарға қатысы бар бірыңғай ұйғарымдар». Ескертпе: *БҰҰ ЕЭК ережелеріне өзгерістер енгізілетін түзетулердің нөмірлері.
ҚР Үкіметінің 2009.16.01. № 13 қаулысымен 3 қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-қосымша
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар
* өндірісті дайындау кезеңінде анықталады.
4-қосымша
Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты Еуро-2 экологиялық кезеңі бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі
Ескертпе: * Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді.
|