|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму банкі арасындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан Облысының шекарасы-Тараз» жолының учаскесін
агенттік келісім
ҚР 2009 жылғы 11 қарашадағы № 199-IV Заңымен ратификацияланды
ОСЫ КЕЛІСІМ Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Агент» - деп аталатын) мен Ислам Даму Банкі (бұдан әрі «ИДБ» деп аталатын) арасында / / 1430Н (бұл 2009 жылғы / / сәйкес келеді) жасалды. А) ИДБ осы Келісімге II қосымшада сипатталған жоба шеңберінде, осы Келісімге І қосымшада сипатталған «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысы - Тараз шекарасы» жолының (бұдан әрі «Жол» деп аталатын) учаскесін Агент үшін осы күнгі келісімге (бұдан әрі «Истисна`а келісімі» деп аталатын) сәйкес реконструкциялауға келіскенін, В) ИДБ Агенттің Атқарушы агенттік арқылы ИДБ атынан мердігермен келісім-шарт жасасуға және Жолды реконструкциялауды қадағалауды жүзеге асыруға Агентпен келіскенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП, ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДЫ НЕГІЗГЕ АЛА ОТЫРЫП, ИДБ және Агент мыналар туралы келісті:
АНЫҚТАМАЛАР - ТҮСІНДІРМЕ
1.1 Осы Келісімде, егер түпмәтінде өзгеше туындамаса, мынадай терминдер олардың әрқайсысының тұсында төменде келтірілген мағынаға ие болады:
а) Егер түпмәтіннен өзгеше туындамаса, жекеше түрдегі сөздер көпше түрдегі мағынаны да қамтиды және керісінше; тұлғаларды білдіретін сөздер корпорациялар мен әріптестіктерді қамтиды, және нақты қосымшаға, толықтыруға, бапқа немесе тармаққа сілтемелер осы Келісімнің Қосымшасына, Толықтыруына, бабына немесе тармағына сілтемелер болып табылады. b) Истисна,а Келісімінде анықтамасы берілетін және осы Келісімде анықтамасы берілмеген сөздер мен ұғымдар Истисна,а келісіміндегі сол тәрізді мағынаға ие болады. с) Баптар мен тармақтардың атаулары тек сілтеме қолайлылығы үшін ғана көрсетілген және осы ережелерінің кез келгенін анықтау, түсіндіру немесе шектеу үшін пайдаланылмауы тиіс.
КЕЛІСІМНІҢ КІРІСПЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҚОСЫМШАЛАР
Осы Келісімге кіріспе және қосымша Келісімнің ажырамас бөлігін құрайды.
МЕРДІГЕРДІ ТАҢДАУ
3.1. Келісімнің тараптары Агент ИДБ-мен келісім бойынша және ИДБ-ның сатып алу рәсімдеріне сәйкес және оны мақұлдау шартымен, жобаны іске асыру үшін осы Келісім шеңберінде қаржыландырылатын барлық келісім-шарттар былайша жасалады деп келісті: (а) Құрылыс жұмыстары: Жолды реконструкциялау үшін құрылыс жұмыстары ИДБ-ның сатып алу рәсімдеріне сәйкес ИДБ-ға мүше елдермен шектелетін халықаралық конкурстық сауда-саттықты жүргізу арқылы (Атқарушы Агенттік арқылы) сатып алынатын болады. (b) Жобаны басқару жөніндегі консультант және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультант: Жобаны басқару жөніндегі консультант және реконструкциялауды қадағалау жөніндегі консультант ИДБ мен Агент арасында (Атқарушы агенттік арқылы) келісілуі тиіс ИДБ-ға мүше елдердің алдын ала іріктеуінен еткен консалтингтік фирмаларының қатарынан таңдап алынады. (с) Аудиторлық қызметтер: Аудиторлық қызметтерді Агент халықаралық аудит принциптері мен нормаларына сәйкес жобаны іске асыру кезеңінде әрбір қаржы жылы үшін қаржылық есептілік аудитін жүргізу мақсатында, ИДБ-ға үшін қолайлы беделді аудиторлық фирмалардың қатарынан іріктеп алатын болады. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік тиісті кезең аяқталғаннан кейін 9 (тоғыз) айдан кешіктірілмей ИДБ-ға ұсынылуы тиіс. 3.2. Агент Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ атынан келіссөздер жүргізеді және мынадай талаптарды сақтау шартымен Мердігермен келісім-шарт жасасады: (а) Келісім-шарттың талаптары Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ мен Агент арасында келісілетін болады. (b) Келісім-шарт бағасы 170 (бір жүз жетпіс) миллион АҚШ долларынан аспауы тиіс. (с) Келісім-шарт шеңберінде Жолды реконструкциялауды аяқтау кезеңі Алғашқы төлем күнінен бастап қырық сегіз (48) айдан аспауы тиіс. (d) Келісім-шарт бойынша Жолға қойылатын техникалық талаптар осы Келісімге І қосымшада қысқаша сипатталғандай және Келісім- шартта егжей-тегжейлі жазылғанындай болуы тиіс. (е) Аяқталғаннан кейін Жолды Атқарушы Агенттік арқылы Агент тікелей қабылдап алатын болады. (f) жасалатын Келісім-шарттың талаптарын ИДБ-ның жазбаша мақұлдауы Агент Атқарушы Агенттік арқылы Келісім-шартты жасасқанға дейін алуы тиіс. (g) Келісім-шарт сауда-саттықта қабылданғандай, Мердігер барлық тәуекелдерден сақтандыруды сатып алу тиістілігін көздейді және сақтандырудан түскен түсімдерді АҚШ долларында немесе басқа да кез келген қолайлы валютада ИДБ төлейді. 3.3. Мердігердің Келісім-шарт және Келісім-шарт шеңберінде кез келген басқа да жұмыстар бойынша кірістеріне Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес салықтар, алымдар және осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да міндеттемелер салынуға жатады. 3.4. Кез келген күдіктерді болдырмау үшін 3.3-тармақта көрсетілген салықтар, алымдар және осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да міндеттемелерді ИДБ қаржыландырмайды. Оларды Агент осы Келісімге II қосымшада сипатталғандай төлеуге тиіс.
КЕЛІСІМ-ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Агент Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ-ның алдын ала жазбаша келісімінсіз (а) Келісім-шарт бағасының ұлғаюына әкелуі не (b) аяқтау күнін ұзартуға әкелуі не (с) техникалық ерекшеліктердің өзгеруіне әкелуі мүмкін немесе (д) жалпы қабылданған практикаға сәйкес келмейтін Келісім-шартқа түзетулер, өзгерістер немесе түрлендірулер енгізбейді.
КОНСУЛbТАНТТЫ ТАҒАЙЫНДАУ
5.1. ИДБ мен Агент Атқарушы Агенттік арқылы Жобаны басқару жөніндегі консультант (ЖБК) және Қадағалау жөніндегі консультант (жобалауды шолу және реконструкциялау үшін қадағалау жөніндегі) ИДБ-ның рәсімдері мен ережелеріне сәйкес ИДБ-ға мүше елдердің алдын ала іріктеуден өткен консультанттары қатарынан іріктеп алынатын болады деп келісті, олар Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ мен Агент арасында келісіледі. Жобаны басқару жөніндегі консультант Жобаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асыратын және Атқарушы Агенттікке жобаны жалпы басқаруда, құрылыс жұмыстарын, тауарларды сатып алуда және Қадағалау жөніндегі консультантты жалдауды жүргізуде жәрдемдесетін болады. Қадағалау жөніндегі консультант Мердігерге берілетін жолды жобалауды шолу және күнделікті негізде Мердігердің жұмысын қадағалау жөніндегі міндеттемелерді өзіне алады. Қадағалау жөніндегі консультант Мердігер үшін ғана ИДБ төлейтін қаражатты төлеуге арналған барлық өтінімдерді тексеру үшін жауапты болады. Қадағалау жөніндегі консультант, сондай-ақ жолды реконструкциялауға байланысты барлық қызметті үйлестіру үшін жауапты болады, жұмыстың орындалу барысы туралы есептерді жүйелі түрде беруді қамтамасыз етеді, Жолды реконструкциялауды іске асырудың бүкіл уақыты ішінде ИДБ-ның барлық саясаты мен рәсімдерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. 5.2. Консультанттардың келісім-шарттарының техникалық тапсырмалары түпкілікті іріктеу үшін қалған, консультанттардан сауда-саттыққа арналған өтінімдерді шақырғанға дейін Атқарушы Агенттік арқылы Агент пен ИДБ арасында жазбаша нысанда келісіледі. 5.3. Агент Атқарушы Агенттік арқылы іріктелген Консультанттармен келіссөздер жүргізу кезінде ИДБ-мен өзара іс-қимыл жасайды, оның нәтижесі Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ мен Агенттің қорытынды мақұлдауына жатады. 5.4. Агент Атқарушы Агенттік арқылы Келісім-шартты өзі басшылыққа алған кезде ол (осы Келісімнің 5.1, 5.2 және 5.3-тармақтарында ескерілген Консультанттардың жәрдемімен) Мердігердің Жолды техникалық талаптарға сәйкес, Келісім-шартта көзделген мерзімде және құн бойынша реконструкциялауды қамтамасыз ету мақсатында Келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін тиянақты және дұрыс орындау мониторингі кезінде кәсібилік пен зейін қоюдың биік дәрежесімен әрекет өтемін деп міндеттенеді. 5.5. Агент осы Келісімнің 5.4-тармағының жалпы мағынасына залал келтірместен, Атқарушы Агенттік арқылы: (а) Жолды реконструкциялауды аяқтаудағы кез келген кідіріс немесе мүмкін болатын кідіріс туралы оның барлық детальдарын баяндай отырып, ИДБ-ға іс жүзінде мүмкін болатындай жеделдікпен хабарлауға; (b) Қазақстан Республикасының тиісті Заңдарына сәйкес Жолды реконструкциялауга байланысты барлық реттеуші және әкімшілік мэселелерді шешуге; (с) егер ол Жол тиісті кезеңде Келісім-шартқа және техникалық талаптарға сэйкес орындалатынына қанағаттанған болса, Алдын ала қабылдау туралы сертификатқа және Қабылдау туралы қорытынды сертификатқа қол қоюға міндетті. 5.6. Егер Келісімнің V бабын бұза отырып, Агент Мердігерге нәтижесінде Келісім-шарттың бағасы ұлғаятын нұсқау берсе немесе Тараптардың кез келгенінің алдында қандай да бір талаптар, залалдар, зияндар немесе шығыстар бойынша ИДБ-ға қандай да бір жауапкершілік жүктелсе, онда Агент Келісім-шарт бағасын ұлғайтуды өзіне алуға немесе нақты жағдайға байланысты осындай талаптарға, залалдарға, зияндарға немесе шығыстарға байланысты шығындарды ИБР-ға өтеуге келіседі. 5.7. Агент Атқарушы Агенттік арқылы осы Келісімнің шеңберінде және Келісім-шарттың шеңберінде оның міндеттерін орындау үшін қажет болатындай өз персоналының санымен қамтамасыз етеді деп келісілген. 5.8. Агенттің осы Келісімнің шеңберінде Агенттің ИДБ әкімшісі ретінде тағайындалуына байланысты немесе осының нәтижесінде ИДБ Тарапынан қандай болса да сыйақыға немесе өзге төлемге құқығы жоқ. 5.9. Консультациялық қызметтер ұсыну туралы шарттар бойынша кірістерге Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес салықтар, алымдар және осыған ұқсас сипаттағы кез келген басқа да міндеттемелер салынады. 5.10. Кез келген күдіктерді болдырмау үшін ИДБ жоғарыда 5.9-тармақта көрсетілген салықтарды, алымдарды және осыған ұқсас сипаттағы басқа да міндеттемелерді қаржыландырмайды. Агент оларды осы Келісімге II қосымшада сипатталғанындай төлеуге тиіс.
БЕКІТІЛГЕН СОМАНЫ ТӨЛЕУ
6.1. ИДБ Бекітілген соманы төлеуді ИДБ-ның төлем рәсімдеріне сәйкес Келісім-шартта және Консультациялық қызметтерді ұсыну туралы шартта көрсетілген жолмен жүзеге асырады. 6.2. Алғашқы төлемге арналған өтінім күні: Егер күшіне ену күнінен немесе Агент пен Банк арасында келісілетін, неғұрлым кешіктірілген күнінен бастап 180 күн ішінде Агент Банкке алғашқы төлемді жүзеге асыруға өтінім бермесе, онда Банк бұл туралы Агентке тиісінше хабарлай отырып, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. 6.3. Төлемді тоқтату күні: 2013 ж. 28/02/ немесе Агент пен Банк арасында келісілетін неғұрлым кешіктірілген күн осы Келісімнің шеңберінде қаражат алуды тоқтату күні болып табылады. 6.4. Агент осы Келісімнің 6.І-тармағының жалпы мағынасына залал келтірмей: (а) Консультантқа төленетін алғашқы төлемге өтінім беру кезінде қол қойылған Консультациялық қызметтер ұсыну туралы шарттың көшірмесін беруге; (b) Келісім-шарт шеңберінде алғашқы төлемге өтінім беру кезінде Келісім-шарттың қол қойылған көшірмесін және осы Келісімнің 3.2 (§)-тармағында айтылған сақтандыру полисінің көшірмесін беруге міндетті. 6.5. ИДБ, егер Төлемге өтінім осы Келісімге сәйкес келмесе немесе Агент берген құжаттар толық емес немесе өзге де ақаулары бар болып табылса, Келісім шеңберінде қандай да бір төлемдерді жүзеге асыруға міндетті емес. Агент Төлемді жүзеге асырудағы кез келген кідірістерге, егер осындай кідіріс өтінімнің Осы Келісімге сәйкес келмеуіне не талап етілетін құжаттардың жеткіліксіздігінен не дәл келмеуінен болса, жауапты болады.
ЖОЛДЫ ҚАБЫЛДАУ
7.1. Келісім-шарт жұмыстар аяқталғаннан кейін Агенттің тікелей Жолды қабылдап алуын көздеуі тиіс деп келісілген. Сондай-ақ, Жолды қабылдап алуды кешіктіру нәтижесіндегі залалдар үшін Агент алдында ИДБ ешқандай мән-жағдайларда жауап бермейді деп келісілген. 7.2. Түсінбеушіліктерді болдырмау үшін, егер Агент Қабылдау туралы қорытынды сертификатқа қол қойғаннан кейін қандай да болмасын себеппен Жолды Мердігерден қабылдап алудан бас тартса, Агент осының нәтижесінде ИДБ-га келтірілген кез келген шығыстарды, шығындарды немесе залалдарды өтеуге тиіс деп келісілді.
МӘЛІМДЕМЕЛЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Агент: 8.1. оның осы Келісімді жасасу мен Келісімнің шеңберінде өзінің міндеттемелерін орындауға және осы Келісімнің орындалуын және Агент Келісім шеңберіндегі өз міндеттемелерінің орындалуын шешу үшін қажетті барлық іс-қимылдар тиісті түрде қабылданғанын; 8.2. осы Келісімде Агент өзіне қабылдайтын міндеттемелер заңды және Келісімнің талаптарына сәйкес Агент үшін міндетті, күші бар міндеттемелер болып табылатынын; 8.3. осы Келісімді орындау және Агенттің Келісім шеңберіндегі өз міндеттемелерін орындауы бұзушылықты білдірмейді және қандай да бір келісімді, шартты немесе заңды бұзуға әкелмейтінін; 8.4. Қазақстанның заңдарына сәйкес орындалуы талап етілетін барлық рәсімдер мен шарттар (валюталық бақылау рәсімдерін қоса алғанда): (і) Агентке осы Келісімді заңды түрде жасасуға және осы Келісімде оның қабылдаған міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру, (іі) осы Келісімде ол қабылдайтын міндеттемелердің заңды, жарамды және құқықтық санкциямен қамтамасыз етілген болып табылатындығын қамтамасыз ету және (ііі) осы Келісімге одан әрі іс-қимылдар мен немқұрайдылықты жүзеге асырусыз және орындаусыз Қазақстанда дәлел ретінде Қазақстанның заңдары мен Конституциясына қатаң сәйкестікте жол берілуі үшін сақталғанын және орындалғанын мәлімдейді және растайды. 8.5. жобаны жобалау және іске асыру Қазақстан Үкіметінің табиғат қорғау нормаларына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келетін болады. Агент жобаның, сондай-ақ қоса қаржыландырушы ұйымның (яғни: Азия Даму Банкі) табиғатты қорғау және әлеуметтік принциптеріне сәйкес келетініне кепілдік береді.
ӨТЕУ
9.1. Осымен Агент ИДБ-ға аударымдарды салықтарды (қолданылатын жергілікті және шетелдік салық ставкаларына сәйкес) ұстағаннан кейінгі таза негізде өтеуге міндеттенеді және ИДБ-ны кез келген және барлық: (а) Келісім-шарттың немесе Консультациялық қызметтер ұсыну туралы шарттың шеңберінде, оның ішінде: (і) кез келген мүліктің жоғалуы немесе бүлінуі не кез келген тұлғаның қазасы не дене жарақаты; (іі) Жолдағы анық немесе жасырын ақаулардың; (ііі) азаматтық құқық бұзушылық салдарынан немесе өзге түрдегі қатаң жауапкершілік принципіне негізделген қандай да.бір талаптардың; (іv) патент, сауда маркасы немесе авторлық құқықтың бұзылуына негізделген кез келген талаптардың; (v) қолданылатын табиғат қорғау заңдарының немесе экологиялық рұқсат беру құжаттарының шеңберінде туындайтын жауапкершілікке негізделген кез келген талаптардың; (vі) Жол немесе ол салынатын жер меншігіне қатысты кез келген қуынымдардың; (vіі) Келісім-шартқа немесе оған сәйкес ашылған аккредитивке байланысты немесе Консультациялық қызметтерді ұсыну туралы шартқа байланысты кез келген талаптардан немесе даулы мәселелердің нәтижесінде туындауы мүмкін Келісім-шарт немесе Консультациялық қызметтерді ұсыну туралы шарт шеңберіндегі меншіктің, иеліктің, пайдаланудың, құжаттаманың, жойылудың, қайтарудың немесе басқа да қолданымдардың немесе өкімдердің, оның ішінде осындайлардың; (b) Агент немесе Мердігер тарапынан міндеттемені қандай-да бір орындамау немесе осы Келісімнің немесе осы Келісімге қатысты немесе Жолға қатысты жасалған құжаттың, шарттың немесе келісім-шарттың талаптарын орындаудағы немесе сақтаудағы кез келген басқа да қабілетсіздік, бірақ ИДБ тарапынан осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін немесе осы Келісімге қатысты немесе Жолға қатысты ИДБ жасасқан шартты немесе келісім-шартты орындауын бұзушылықтарға негізделген қандай-да бір талаптар туындау; (с) Жолға немесе сол жол салынатын жерге құқығына немесе қатысуына қатысты кез келген талаптардың, ауыртпалықтардың, кепілдік мүдденің, кепілдік құқықтың немесе заңдық процестің салдары болып табылатын салық салынатынына, шеккен залалына немесе ИДБ-га қарсы қойылғанына қарамастан, кез келген және барлық міндеттемелерден, алымдардан, борыштардан, залалдардан, шығындардан, айыппұлдардан, талаптардан, қуынымдардан, сот шешімдерінен және негізделген соттық шығындар мен шығыстарды қоса алғандағы (осы Келісімді жүзеге асырумен байланысты келтірілген соттық шығындар мен шығыстарды қоса алғандағы) шығыстардың әрбір түрі немесе сипатынан қорғауға және қауіпсіздендіруге келіседі. 9.2 Агент ИДБ-ны Агентке белгілі, солардың салдарынан залалдарды өтеуге құқығы бар немесе негізделген түрде бар болуы мүмкін кез келген оқиғалар немесе жағдайлар туралы жедел хабардар етуі тиіс. 9.1-тармақта сипатталған залалды өтеу Агент тарапынан немесе Агенттің қызметкерлері атынан талаптар немесе талап-арыздар нақты қолданады және енгізеді және осымен Агент ИДБ-дан айырмашылығы кез келген қолданылатын заңдарға сәйкес құқығы болуы мүмкін болған кез келген иммунитеттен тікелей бас тартады. Агент ИДБ-ның өтініші бойынша кідіртпестен (бірақ кез келген жағдайда осындай сұрау салу сәтінен бастап он бес күн ішінде) ИДБ-ға жоғарыда аталғандарға байланысты ол жұмсаған соманы өтеуі немесе мұндай соманы дереу төлеуі тиіс. Агент олар жұмсаған соманы ИДБ-ға іс жүзінде өтеуіне немесе 9.1-тармаққа сәйкес осы соманы дереу іс жүзінде төлеуіне қатысты кез келген мәселеде ИДБ құқықтарына салыстырма жүргізуі тиіс. Қандай да бір өтем туралы талап-арызға байланысты ИДБ-ға қарсы қозғалған қандай болмасын талап-арыздар немесе соттық тексеру жағдайында ИДБ мұндай талап-арыздар немесе соттық тексеру басталғаны туралы хабарлама алғаннан кейін ИДБ-ға табыс етілген барлық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы Агентті хабардар етеді. Агент ИДБ талап етуі бойынша Агент есебінен қуынымды жоққа шығара алады және сотқа тартылудан қорғана алады немесе Агент іріктеген және ИДБ-ны негізді түрде қанағаттандыратын адвокаттың қуынымды жоққа шығаруы және сотқа тартылудан қорғауы туралы шешім шығаруы мүмкін. Агент бұлай істеуге қабілетсіз болған жағдайда, осындай қуынымға немесе сотқа тартылуға байланысты ИДБ-ның шеккен шығындары мен шығыстарының барлығын (адвокаттың орынды қаламақысы мен шығыстарын қоса алғанда) Агент төлеуі тиіс.
ЕСЕПТЕР
Агент Атқарушы Агенттік арқылы ИДБ-ға мынадай есептерді беруге міндеттенеді: а) Келісім күшіне енген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде және осыдан кейінгі әрбір үш ай сайын істелген жұмыс және Келісім-шарттың орындалуы туралы ИДБ-ға әлсін-әлсін анықтап отыруы мүмкін болғандай етіп дайындалған есеп; b) Қабылдау туралы қорытынды сертификат бергеннен кейін жедел түрде, бірақ осындай Сертификат бергеннен кейін алты айдан кешіктірмей, ИДБ негізді түрде талап етуі мүмкін болғандай көлемде және сондай егжей-тегжейлі Жолдың құрылысы мен жобаның бастапқы жұмысы жөніндегі қорытынды есепті береді; с) ИДБ әлсін-әлсін негізді түрде сұратылуы мүмкін кез келген басқа есеп немесе мәліметтер.
ҚҰҚЫҚТАН БАС ТАРТУ
ИДБ-ның осы Келісім шеңберінде өзінің құқығын жүзеге асыруға немесе қорғауға қабілетсіздігі, не осыған оның Тарапынан жол берілген кідіріс немесе Агентке қарсы оның қолында бар құқықтық қорғану құралын жүзеге асыру немесе қорғауға қабілетсіздігі не оның тарапынан жол берілген кідіріс осындай құқыққа немесе құқықтық қорғану құралына зиян келтірмейді және осындай құқықтан немесе құқықтық қорғану құралынан бас тарту ретінде қаралмайды.
КЕЛІСІМНІҢ КҮШІНЕ ЕНУІ
Осы Келісім Истисна,А келісімі күшіне енген күнінен бастап күшіне енеді.
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА. ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ РЕТТЕУ
13.1. Осы Келісім Ислам Шариғатының қағидаттарына (Ислам қаржы институттарының Есептілік және аудит ұйымы жариялаған Shari,аh стандарттарында айтылғандай және Ислам конференциясы ұйымы жанындағы Фикх Ислам академиясы немесе ИДБ Shari,аh комитеті берген түсініктемеге) сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. 13.2. Бір тараптың екінші Тарапқа хабарлама берген күнінен бастап 60 (алпыс) күн ішінде Тараптар келісім жолымен шешуі мүмкін болмаған, осы Келісім Тараптарының арасындағы кез келген даулы мәселе және осы Келісімнің шеңберінде туындайтын, бір тараптың екінші Тарапқа кез келген талап Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласындағы Бітімге келу және төрелік жөніндегі Халықаралық Ислам Орталығының (БТХИО) ережелері мен рәсімдеріне сәйкес түпкілікті және міндетті түрде шешу үшін төрелік комиссияның қарауына берілетін болады. Төрелік регламент пен БТХИО рәсімдері осы Келісімнің тараптары арасындағы кез келген даулы мәселелерді немесе осы Келісімнің шеңберінде бір Тараптың екінші Тарапқа қарсы қойған талаптарын шешу рәсімдерінің орнына қолданылатын болады. 13.3. Егер Тараптарға төрелік сот шешімінің телнұсқалары берілгеннен кейін 30 (отыз) күн ішінде ол орындалмаған болса, Тараптардың кез келгені құзырлы юрисдикцияның кез келген сотында екінші Тарапқа қарсы төрелік сот шешімін орындауға қол жеткізу мақсатында сот процесін бастауы немесе талап-арыз қозғауы мүмкін, сот шешімін орындауға қол жеткізу жолымен осындай шешімнің орындалуына әкеп соғуы мүмкін немесе құқық қорғаудың кез келген басқа тиісті тәсілдерімен екінші Тарапқа қарсы төрелік сот шешімін немесе осы Келісімнің ережелерін мәжбүрлеп орындату үшін қуынуды жүзеге асыра алады. 13.4. Осы Келісімнің әрбір Тарапы осы Келісім шеңберінде қаражатқа (активтерге) қатысты оған қарсы шығарылған соттың кез келген шешімі кез келген юрисдикцияда орындалатынын қабылдайды. Осымен осы Келісімнің Тараптары олардың қаражаттары (активтері) бар немесе жоқ екендігіне байланысты юрисдикцияда шешім шығарылғанына қарамастан, осы Келісімнің шеңберінде төрелік шешімнің орындалуынан немесе соған байланысты туындайтын кез келген сот талабы, сот ісі немесе сот өндірісі бойынша оларда туындауы мүмкін болған қандай болмасын талаптардан сөзсіз бас тартады және одан әрі қандай да бір юрисдикцияның қарауында шығарылған мұндай сот талабы, сот ісі немесе сот қарауы қолайсыз орында өткізілген деген кез келген талаптан сөзсіз бас тартады. 13.5. Осы Келісімнің Тарапы кез келген юрисдикцияда өзі немесе өзінің активтері үшін талап-арыз иммунитетін талап етуге немесе тыйым салынуын (не ықпал ету түрімен немесе сот шешімі немесе қаулысы шығарылғанға дейін не басқаша орындалуын) немесе өзге бір заң процесін талап етуі мүмкін болған дәрежеде, оған немесе оның активтеріне осыған ұқсас иммунитеттің берілуі мүмкін (қажеті бар немесе жоқ) болған мұндай юрисдикцияда кез келген дәрежеде осымен, мұндай Тарап талап етпеуді міндетіне алады және мұндай иммунитеттен сөзсіз бас тартады.
ХАБАРЛАМАЛАР
14.1. Осы Келісім шеңберінде немесе соған байланысты бір Тараптан екінші Тараптың атына берілетін кез келген хабарлама немесе сұрату жазбаша түрде орындалуы тиіс және телекспен немесе хатпен жіберілуі мүмкін,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |