Паллиативтік және оңалту көмегін көрсететін ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығын қараңыз
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 47-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес паллиативтік және оңалту көмегін көрсететін ұйымдардың қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша): 1) осы Ережеге сәйкес паллиативтік және оңалту көмегін көрсетуді қамтамасыз етсін; 2) жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі департаментіне ақпарат ұсына отырып, паллиативтік және оңалту көмегін көрсету қызметінің ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) 2007 жылғы 1 шілдеге жоғары және орта медициналық білімі бар мамандардың паллиативтік көмек мәселесі бойынша біліктіліктерін арттыру бағдарламасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|