Жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу ережесін бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 1-тармағы 8-тармақшасына, 9-бабының 2-тармағына және 11-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған, жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігінің есебін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органының осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Баймұратов Ә.Е.) заңнама тәртібінде белгіленген: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|