Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет (2008.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi құрылсын. 5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 9-66-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмнiң реттік нөмiрi 33-жолы алынып тасталсын. 8. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi туралы ереже ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің құрылымы ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.11.07. № 684 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1327 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті. 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті. 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті. 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті. 10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті. 11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті. 12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Қызылорда облыстық департаменті. 13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті. 14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті. 15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті. 16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.
|