|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1586 қаулысына қосымша
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің тізбесі
1. «Көлікте қауіпсіздікті және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 116-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 440 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 76 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі № 728 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 295-құжат). 3. «Көліктегі қауіпсіздікті және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 76-ө өкімі. 4. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 76 өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 19 наурыздағы № 16-ө өкімі. 5. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 76 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 23 мамырдағы № 59-ө өкімі. 6. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 27 қыркүйектегі № 76 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 42-ә өкімі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |