|
|
|
Көлiкте қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1586 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен кіріспе толықтырылды Көлiк кешенiнiң қауiпсiз жұмысын қамтамасыз етудiң тиiмділігiн арттыру және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды, көлiк қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiнiң алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Қоса берiлiп отырған Көлiкте қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже бекітілсiн. 2. "Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 391 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 13, 109-құжат) 1, 2-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 16 сәуірдегi № 440 қаулысымен бекітілген Көлiкте қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi туралы ЕРЕЖЕ ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді Осы Ереже Көлiкте қауіпсiздiктi және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi қызметiнің мiндеттерiн, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негiздерiн анықтайды. 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Көлiкте қауiпсiздiктi және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету жөніндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Үйлестiру кеңесi) Қазақстан Республикасының көлiк қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiн тиiмдi алдын алу, жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және терроризмге қарсы іс-қимыл жасауды ұйымдастыруды, көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды үйлестіру және олардың өзара iс-қимылдарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. <*> 2. Үйлестiру кеңесi Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылады. 3. Үйлестiру кеңесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Үйлестiру кеңесінің негiзгi мiндетi, функциялары және құқықтары ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және терроризмді болдырмау мәселелерi бойынша ұсынымдар мен шешiмдердi дайындау Үйлестiру кеңесiнің негiзгi мiндетi болып табылады. ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 5-тармақ толықтырылды 5. Үйлестiру кеңесiнің функциялары: 1) көлiктегi қауiпсiздiктiң жай-күйiн талдау және көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар мен iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу; 2) жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз ету, көлiк қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiнің алдын алу, оларды анықтау және тыю жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу. 3) көлiктегi қауiпсiздiк және терроризмге қарсы iс-қимыл жасау саласындағы ахуалды және проблемаларды талдау, оларды тиiмдi шешу жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу; 4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесімдерінің, халықаралық шарттар мен келісімдердің негiзінде көлiкте террористiк актiлердi болдырмау және олардың алдын алу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; 5) қару-жарақ, оқ-дәрi, радиоактивтi, жарылғыш, есiрткi және психотроптық заттарды, жалпы алғанда қауiптi жүктердi көліктің барлық түрлерiмен тасымалдау кезінде, оның iшінде олардың заңсыз жылжу жағдайлары бойынша заңнамамен қауiпсiздiктің талап етiлетін деңгейiн қамтамасыз ететiн құқықтық және экономикалық тетiктер бойынша ұсынымдарды әзiрлеу. ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды 6. Үйлестiру кеңесiнiң мынаған құқығы бар: 1) көлiкте қауіпсiздiктiң жай-күйiн арттыру жөніндегі жұмыстар жоспарлары мен шараларды бекіту және түзету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 2) белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және терроризмнің алдын алу мәселелерi бойынша олардың қызметiн көрсететiн қажеттi ақпарат сұрату; 3) көлiкте қауiпсiздiктi арттыру мәселелерi бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын, сондай-ақ ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды әзiрлеуге заңнамада белгiленген тәртіппен қатысу; 4) өзiнiң мәжілістерiнде Yйлестiру кеңесi мүшелерiнiң және қызметтерi көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етумен байланысты ұйымдардың жауапты өкiлдерiнің баяндамалары мен есептерiн тыңдау; 5) көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша материалдарды дайындауға қатысу үшiн мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылармен келiсе отырып, біліктi мамандарды тарту; 6) Үйлестiру кеңесiнiң қарауына жатқызылған мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту. 3. Үйлестiру кеңесiнiң қызметiн ұйымдастыру 7. Үйлестiру кеңесiнiң құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен мүдделi ұйымдарының өкiлдерiнен құралады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Yйлестiру кеңесiнiң қызметiн Yйлестiру кеңесiнің мәжілiстерiнде төрағалық ететiн, оның жұмыс жоспарын бекiтетiн және Yйлестiру кеңесi қызметiнің нәтижелеріне жауапты болатын оның төрағасы басқарады. Yйлестiру кеңесiнің жұмысы екi бағыт бойынша жүргiзiледi: 1) көлiктегi пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 2) көлiктегi терроризмге қарсы iс-қимыл жасау және оның алдын алу. Yйлестiру кеңесінің мәжілістерiне сұрақтар дайындау, жұмыс бағыттары бойынша ұйымдық мәселелердi шешу Үйлестiру кеңесінің жұмысына жауапты жұмыс органдарына, тиiсiнше: Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне (келісім бойынша) жүктеледi. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады. 9. Үйлестiру кеңесi өзiнiң жұмысын Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерiмен келісілген және төрағасы бекiткен жоспарға сәйкес жүргiзедi. 10. Үйлестiру кеңесiнiң мәжілістерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оған Үйлестiру кеңесi мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады. 11. Үйлестiру кеңесiнің шешiмдерi Үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшілiк даусымен қабылданады. Үйлестiру кеңесi мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiмдер хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. ҚР Үкіметінің 23.07.03 ж. № 728 қаулысымен 12-тармақ толықтырылды 12. Үйлестiру кеңесiнiң жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады. 4. Үйлестіру кеңесінің қызметін тоқтату 13. Үйлестіру кеңесі қызметінің тоқтатылуына мыналар негіз болып табылады: 1) Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттердің орындалуы; 2) бұрын Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге консультативтік-кеңесші органның құрылуы; 3) Үйлестіру кеңесі міндетінің орындалуы мүмкін болмайтын не оның орындалуы орынсыз болатын өзге де жағдайлар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |