Осы редакция 2008 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару қызметi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады. Комитеттің негiзгi мiндетi қылмыстық жазаны орындау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қылмыстық жазаны орындайтын органдар мен мекемелерде құқық тәртібі мен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады. Комитеттің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындауды және күдiктiлер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн мекемелерi мен органдары, сотталғандарды күзетудi және олардың мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлiмшелерi, оқу орындары және кәсiпорындары болады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады. 5. Комитеттің құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, № 3 шағын аудан, № 32 үй. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлермен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер келтiретін қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгiленген: ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 1) тармақша толықтырылды 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар: сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындауды; соттардың үкiмдерiне, қаулылары на және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде сотталғандардың орналасуын ұйымдастыруды, жазаны өтеудiң заңнамада белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етудi; сотталғандарды тергеу изоляторларынан, сондай-ақ жазалауды орындайтын мекемелер мен органдардан басқаларына ауыстыруды ұйымдастыруды; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн, органдары мен кәсiпорындарын, күзетуді, сотталғандардың, қызметкерлер мен олардың аумағындағы өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды айдауылдауды, iшкi қауiпсiздiкті, қылмыс көрiнiстерiн, соның iшiнде ұйымдасқан қылмысты бейтараптандыруды және оның жолын кесудi қамтамасыз етудi; рақымшылық және кешiрiм жасау кесiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруды; сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау, жазаның осы түрін өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру іс-шараларын уақытылы жүргiзу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруды; қылмыстық жазаны өтеп жүрген адамдар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыруды; сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, атқарушы билiк органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекiтудi, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара iс-қимылын; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды азық-түлiкпен, заттай және интенданттық мүлiкпен материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етудi ұйымдастыруды; мемлекеттік сатып алуларды жүргiзудi ұйымдастыруды; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы арыздарын қарау, оларды есепке алу мен тiркеудi жүзеге асыруды; төтенше жағдайлар кезiнде қызметтік мiндеттердi орындау жөніндегі iс-әрекеттердiң жедел жоспарларын әзiрлеу және iске асыру, қылмыстық-атқару жүйесінің қажетті күштерi мен құралдарын тартуды және олардың құқық қорғау органдарымен және басқа да ведомстволармен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етудi; қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары мен мекемелерiнде, мемлекеттік ұйымдарда немесе өзге де меншiк нысандарындағы ұйымдарда сотталғандардың еңбек етуiн ұйымдастыруды, сотталғандардың жеке еңбек қызметiне жағдайлар жасауды; сотталғандардың жалпы орта, бастауыш кәсiптік білім алуын немесе кәсiби даярлығын ұйымдастыруды; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарға, күдiктiлер мен айыпталушыларға емдеу-алдын алу көмегiн ұйымдастыруды; кадрларды iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегі жұмысты жүзеге асыруды, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастыруды; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру және ұйымдастыру, оны жетілдiру жөнiндегі шараларды қабылдауды, қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда өзге де органдардың тиiстi қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауды; түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында дайындалатын және жасалатын қылмыстарды және жазаны өтеу мен күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін бұзушылықтарды анықтауды, ашуды, жолын кесудi және алдын алуды ұйымдастыруды; тергеу изоляторларында күдiктілердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталуын ұйымдастыруды; анықтауды жүзеге асыруды ұйымдастыруды; қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту және нығайту бағдарламаларын iске асыруды; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қылмыстық жазалауды орындау саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiрудi; сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды; қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды; қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды; басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi; Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгізудi; азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды; ҚР Үкіметінің 2005.02.06. № 549 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) бақылау-қадағалау функциялары: сотталғандарға қатысты сот кесiмдерінің, сондай-ақ рақымшылық және кeшipiм жасау кесiмдерінің орындалуын; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарында режимдiк талаптардың орындалуын; қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтарының, олардың материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормаларының сақталуын; қылмыстық жазаны өтеп жүрген сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді; бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеп жүрген адамдарды; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде режимдi қамтамасыз ету мақсатында сотталғандарды; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететiн санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын; қылмыстық-атқару жүйесi мекемелеріндегі жедел жағдайды; тергеу изоляторларында қамауда ұстау мерзiмдерінің сақталуын; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қамтамасыз ету бөлiгіндегi соттар үкімдерінің уақытылы орындалуын және сотталғандарды ауруына байланысты жазаны өтеуден босату үшiн сотқа материалдардың ұсынылуын жүзеге асырады. 11. Комитеттiң өз құзыретінің шегінде: 1) аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты әкiмшілiк-өкімгерлiк және бақылау функцияларын орындауға; 2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге; 4) сотталғандардың топтасып бағынбау, сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі жаппай тәртiпсiздiк оқиғаларына қызметтік тексерулер жүргізуге, олардың себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiндегі шараларды қабылдауға; 5) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ерекше жағдай режимiн енгізу туралы ұсыныс енгізуге; 6) кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге; 7) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін жүзеге асыратын мекемелердi, органдарды және ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, көшiру және тарату туралы ұсыныстар әзірлеуге; 8) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.
12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны дербес теңгерімде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады. 13. Комитеттiң өзiне бекітілiп берілген мүлікті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
14. Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 15. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады. 16. Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда белгіленген тәртiппен: 1) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің аумақтық органдары мен құрылымдық бөлiмшелерi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгiлейдi; 2) Комитеттің, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) әділет подполковнигіне дейiн қоса алғандағы кезектi арнайы атақтарды береді; 4) Комитеттiң, аумақтық органдардың, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың басшыларын көтермелейдi, оларға тәртіптік жаза қолданады; 5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары туралы ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың Жарғыларын бекiтедi; 6) Комитетті мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдiредi; 7) белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерін ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық көмек көрсету және олардың қызметін тексерудi жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға жiбередi; 8) Комитеттiң, сондай-aқ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын сақтауын ұйымдастырады; 9) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштердi қарайды, олар бойынша шешім қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілерi бойынша қызметтiк тексерулер жүргiзедi; 10) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
17. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң құрылымы Басшылық Жедел басқармасы Кадр басқармасы Медициналық қамтамасыз ету басқармасы Сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру басқармасы Тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма Қылмыстық-атқару инспекцияларын басқару басқармасы Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық басқармасы Режим, қадағалау және қорғау басқармасы Ресурстық қамтамасыз ету басқармасы Тергеу изоляторлары мен арнайы есепке алу басқармасы Қаржы-экономикалық басқарма Штаб-Басқарма Ақпарат және жұртшылықпен байланыс бөлiмi Мемлекеттік құпияны қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлiмi Мемлекеттік тiлдi дамыту бөлiмi Өз қауiпсiздігі бөлiмi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң ТIЗБЕСI 1. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Ақмола облысы бойынша басқармасы 2. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы 3. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасы 4. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы 5. Қылмыстың-атқару жүйесi комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы 6. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы 7. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы 8. Қылмыстық-атқару жүйeci комитетінiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы 9. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы 10. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы 11. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы 12. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы 13. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы 14. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы 15. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы 16. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының қорғау және бақылау бөлiмi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 126 ; 2007.24.01. № 53 (бұр.ред.қара); 2007.10.09. № 783 (бұр.ред.қара); 2008.10.01. № 5 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 335 (бұр.ред.қара) ; 2009.24.04. № 578 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың ТІЗБЕСI 1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар 1. Түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" республикалық мемлекеттік кәсiпорыны 5. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Қарағанды" республикалық мемлекеттік кәсіпорны 8. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9. Түзеу мекемелерінің "Еңбек-Қостанай" республикалық мемлекеттік кәсiпорыны 10. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 18. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 335 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік мекемелер 1. Павлодар заң колледжi 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы 2-1. Оқу орталығы 3. ЕЦ-166/4 мекемесi 4. ЕЦ-166/5 мекемесi 5. ЕЦ-166/10 мекемесi 6. ЕЦ-166/11 мекемесi 7. ҚР Үкіметінің 2007.10.09. № 783 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. ЕЦ-166/18 мекемесi 9. ҚР Үкіметінің 2007.24.01. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10. ЕЦ-166/22 мекемесi 11. ЕЦ-166/24 мекемесі 12. ЕЦ-166/25 мекемесi 13. ЕЦ-166/26 мекемесi 14. КA-168/2 мекемесі 15. КA-168/3 мекемесi 16. КA-168/4 мекемесi 17. КA-168/5 мекемесi 18. ЛА-155/4 мекемесi 19. ЛА-155/6 мекемесi 20. ЛА-155/12 мекемесі 21. ЛА-155/13 мекемесi 22. ЛА-155/14 мекемесi 23. ҚР Үкіметінің 2007.24.01. № 53 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 24. УГ-157/9 мекемесi 25. УГ-157/10 мекемесi 26. ОВ-156/2 мекемесi 27. OB-156/3 мекемесi 28. OB-156/6 мекемесi 29. ОВ-156/13 мекемесi 30. OB-156/14 мекемeci 31. OB-156/15 мекемесi 32. ОВ-156/16 мекемесi 33. OB-156/17 мекемесi 34. OB-156/18 мекемесi 35. OB-156/20 мекемесi 36. OB-156/21 мекемесi 37. OB-156/22 мекемесi 38. ЖД-158/2 мекемесi 39. ЖД-158/5 мекемесi 40. ЖД-158/6 мекемесi 41. РУ-170/2 мекемесi 42. РУ-170/3 мекемесi 43. AК-159/5 мекемесi 44. АК-159/6 мекемесi 45. AК-159/7 мекемесi 46. AК-159/9 мекемесi 47. AК-159/11 мекемесi 48. AК-159/17 мекемесi 49. AК-159/18 мекемесi 50. AК-159/20 мекемесi 51. AК-159/21 мекемесi 52. AК-159/22 мекемесi 53. ЗК-169/4 мекемесi 54. УК-161/2 мекемесi 55. УК-161/3 мекемесi 56. УК-161/4 мекемесi 57. УК-161/11мекемесi 58. УК-161/12 мекемесi 59. ГМ-172/1 мекемесi 60. ГМ-172/6 мекемесi 61. ГМ-172/8 мекемесi 62. AП-162/2 мекемесi 63. АП-162/3 мекемесi 64. AП-162/4 мекемесi 65. AП-162/5 мекемесi 66. AП-162/10 мекемесi 67. ЕС-164/3 мекемесi 68. ЕС-164/4 мекемесi 69. ЕС-164/6 мекемесi 70. ЕС-164/8 мекемесi 71. ЕС-164/9 мекемесi 72. ИЧ-167/2 мекемесi 73. ИЧ-167/3 мекемесi 74. ИЧ-167/9 мекемесi 75. ИЧ-167/10 мекемесi 76. ҚР Үкіметінің 2007.10.09. № 783 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 77. ЛА-155/8 мекемесi 78. ЖД-158/4 мекемесi 79. ЖД-158/7 мекемесi 80. ЗК-169/5 мекемесi 81. АК-159/1 мекемесi 82. AК-159/24 мекемесi 83. АП-162/1 мекемесі 84. ЕЦ-166/1 мекемесi 85. ЕЦ-166/23 мекемесi 86. ЕС-164/1 мекемесi 87. ЖД-158/1 мекемесi 88. ЗК-169/1 мекемесi 89. ҚР Үкіметінің 2009.24.04. № 578 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 90. ИЧ-167/11 мекемесi 91. КА-168/1 мекемесі 92. ЛА-155/1 мекемесi 93. ЛА-155/16 мекемесi 94. ЛА-155/18 мекемесi 95. ОВ-156/1 мекемесi 96. OB-156/19 мекемесi 97. РУ-170/1 мекемесi 98. УГ-157/1 мекемесi 99. УГ-161/1 мекемесi 100. ГМ-172/10 мекемесi 101. Оңалту орталығы 1 102. Оңалту орталығы 2 103. ИЧ-167/4 мекемесі |