|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 44, 517-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесінде: 4-тармақта «ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор)» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым)» деген сөздермен ауыстырылсын; 27-тармақтардағы «ұлттық оператор» деген сөздер «уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын; 7, 17, 41, 49, 53-тармақтардағы «Ұлттық оператор» деген сөздер «Уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақтағы «ұлттық операторға» деген сөздер «уәкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын; 24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Уәкілетті орган уәкілетті ұйымға жаңартулар және (немесе) тоқтату туралы ақпаратты жібереді.»; 30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «30. Ақпараттық жүйе, бағдарламалық өнім, бағдарламалық код пен нормативтік-техникалық құжаттама депозитке берілуге жатады. Ақпараттық жүйе мынадай жиынтықта депозитке берілуге жатады: 1) ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын атқарылатын бағдарламалық кодтары: бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей жазған бастапқы бағдарламалық кодтар, сондай-ақ басқа әзірлеушілердің жобада пайдаланылатын кодтары; қолмен немесе автоматты түрде құрастыру үшін қажетті қызметтік файлдар; құрастыру үдерісінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасын ретке келтіру ерекшеліктерінің сипаттамасы; 2) мыналарды қамтитын жүктеме файл: депозитке берілетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері; депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған, құрастырылған модульдері (құрауыштары), сондай-ақ басқа әзірлеушілердің құрастырылған модульдері (құрауыштары), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру, орнату және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ретке келтіру мен жұмыс деректері бар файлдар; 3) қажет болған жағдайда, меншік иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету; 4) ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы; 5) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынау бағдарламасы мен әдістемесі, мыналарды қамтитын пайдалану құжаттамасы: депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігі; техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезендерінің); формуляр (негізі сипаттары, жинақтаулық және депозитке берілетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер); бағдарламалық өнімнің сипаттамасы (жұмыстың және өзара іс-қимылдық схемасы мен диаграммасын коса алғанда, бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер); түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі); қолданылу сипаттамасы (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі кескіні туралы мәліметтер); орнату жөніндегі басшылығы; әкімшінің басшылығы; пайдаланушының басшылығы; техникалық тапсырмамен талап етілетін өзге құжаттар; 6) меншік иесінің және (немесе) иеленушінің қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар.»; «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «өзгерістер болмаған жағдайда, осы Ереженің 30 және 31-тармақтарына сәйкес жиынтықтығы және сандағы депозитке берілетін барлық объектілерді толық жаңартуды (өзекті етуді),» деген сөздермен толықтырылсын; «жыл сайын» деген сөздерден кейін «, 30 сәуірден кешіктірмей,» деген сөздермен толықтырылсын; 35-тармақтағы «белгіленген тәртіппен» деген сөздер алынып тасталсын; 39-тармақтағы «депозитке беруге арналған өтінімді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ депозитке беру объектілерінің жиынтығын тексереді» деген сөздер «үш жұмыс күні ішінде өтінімді уәкілетті ұйымға береді» деген сөздермен ауыстырылсын; 40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «40. Уәкілетті ұйым он бес жұмыс күн ішінде депозитке беруге арналған өтінімнің ресімдеуін, депозитке берілетін объектілерінің жиынтықтылығын, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігін, құрастырылған модулдердің тұтастығын және депозитке берілетін объектілерден қалпына келтірілген, депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің толық жұмысқа қабілеттілігін тексереді және қорытынды дайындайды. Тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, уәкілетті ұйым депозитке беруді, депозитке берілген объектілерді есепке алуды және депозитарийде сақтауды қамтамасыз етуді жүргізеді, бұл туралы уәкілеті органға тиісті хабарлама жібереді.»; 42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «42. Депозитке беруге арналған өтінім тиісінше ресімделмеген не өтінім берілген депозитке берілетін объектілер сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті ұйым осы Ереженің 40-тармағында белгіленген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, депозитке беруге арналған өтінімді және депозитке берілген объектілерді уәкілетті органға қайтарады. Уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінім берушіге тіркеу өтінімдерін қайтарады.»; 47-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Жаңартылған депозитке берілген объектілерге жаңа депозиттік нөмір тағайындалады, ескірген депозитке берілген объектілер жойылмайды.»; 48-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Уәкілетті орган хаттың көшірмесін уәкілетті ұйымға жібереді.». 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |