|
|
|
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы (2013.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілсін. 2. «Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. Ереже Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) және ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийін (бұдан әрі - депозитарий) жүргізу тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады: 1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жүйелендіру; 2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Мемлекеттік тіркелімде қамтылған мәліметтер туралы хабардар ету; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету; 4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді интеграциялауды, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасуды ұйымдастыру үшін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге ақпарат ұсыну. 3. Депозитарийді жүргізу сатып алған бағдарламалық өнімді есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленуші оны жоғалтқан жағдайда алмастыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік тіркелімді жүргізуді (бұдан әрі - уәкілетті орган) қамтамасыз етеді және мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Депозитарийді жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және мемлекеттік техникалық қызмет жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Мемлекеттік техникалық қызмет жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін, олардың ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік техникалық қызметтің депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ. 8. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың есепке алынуын және тіркелуін, сондай-ақ депозитке берілуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу тәртібі
9. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу Мемлекеттік тіркелімге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, осы мәліметтерді кейіннен жаңарта отырып енгізуді қамтиды. 10. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша жіберетін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімнің (бұдан әрі - тіркеу өтінімі) негізінде жүргізіледі. 11. Жеке мемлекеттік емес қаражаттың есебінен әзірленген және құрылған электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер осы ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелерінің бастамасы бойынша Мемлекеттік тіркелімге тіркеледі. Мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді жаңалау (өзекті ету) көрсетілген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелерінің бастамасы бойынша жүргізіледі. 12. Қол жетімділігі шектелген ақпаратты құрайтын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтау және пайдалану шарттарын сақтай отырып, Мемлекеттік тіркелімде тіркелуге жатады. 13. Тіркеуден өту кезінде электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісінің қолы қойылған және куәландырылған тіркеу өтінімінің түпнұсқасын әрі қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тиісті көшірмелерін уәкілетті органға жібереді. 14. Уәкілетті орган тіркеу өтінімдерін алған сәтінен бастап он бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен толтырылу дұрыстығын тексереді. 15. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеуді жүргізеді және тіркеу нөмірін меншіктеп береді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Уәкілетті орган Мемлекеттік тіркелімге мәліметтерді енгізу үшін тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін мемлекеттік техникалық қызметке жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Мемлекеттік техникалық қызмет бес жұмыс күні ішінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы тиісті мәліметтерді Мемлекеттік тіркелімге енгізеді. 18. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Мемлекеттік тіркелімде тіркеген сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде тіркеу туралы куәлік береді. 19. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда уәкілетті орган оларды алған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде қайтару себебін көрсете отырып, электрондық ақпараттық ресурстардың және(немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесіне немесе иеленушісіне тіркеу өтінімдерін қайтарады. 20. Электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қайтарылған тіркеу өтінімдерін алған сәттен бастап ескертулерді түзейді және оларды тіркеу үшін уәкілетті органға қайтадан енгізеді. 21. Электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің тіркеу өтінімдерін қайтадан қарау осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 22. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу кезінде уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінен немесе иеленушісінен тіркеу деректерінің құрамын немесе мазмұнын нақтылауға қажетті электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты сұрата алады. 23. Тіркеуге қажетті электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сұрау салуды алған кезде электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі тиісті сұрау салуды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде толымды жауап ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24. Тіркелген электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі жыл сайын, 30 наурыздан кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы не пайдаланудың тоқтатылу себебін дәлелді түрде жаза отырып пайдаланудың тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға хабарлама береді. Уәкілетті орган мемлекеттік техникалық қызметке жаңартулар және (немесе) тоқтату туралы ақпаратты жібереді. 25. Мемлекеттік тіркелімге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәліметтерді енгізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу үшін белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. 26. Жаңартылған өтінім немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабарлама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган оның меншік иесіне немесе иеленушісіне мәліметтерді жаңарту қажеттігі туралы тиісті ресми сұрау салуды жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 27. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені тіркеу туралы куәлікті кері қайтарып алуды жүзеге асырады және мемлекеттік техникалық қызмет Мемлекеттік тіркелімге тиісті өзгерістер енгізуді он күн мерзімде қамтамасыз етеді. 28. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мемлекеттік тіркелімдегі мәліметтер қол жетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстары жоқ бөлігінде Интернет желісінде орналасқан» Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік тіркелімі веб-сайтында жалпыға бірдей қол жетімді болып табылады.
3. Депозитарийді жүргізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 29. Депозитарийді жүргізу Мемлекеттік тіркелімде тіркелген электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер бойынша ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозиттеуді, оларды жүйелеуді, жинақтауды, жаңарту мен сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бағдарламалық өнімдерінің тізілімін жүргізуді қамтиды. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.08.11. № 1169 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 30. Ақпараттық жүйе, бағдарламалық өнім, бағдарламалық код пен нормативтік-техникалық құжаттама депозитке берілуге жатады. Ақпараттық жүйе мынадай жиынтықта депозитке берілуге жатады: 1) ақпараттық жүйенің мыналарды қамтитын атқарылатын бағдарламалық кодтары: авторлық кұқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтары; қолмен немесе автоматты түрде құрастыру үшін қажетті қызметтік файлдар; құрастыру үдерісінің (әзірлеу ортасы мен оның нұсқасын көрсете отырып), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру үшін қажетті әзірлеу ортасын ретке келтіру ерекшеліктерінің сипаттамасы; 2) ақпараттық жүйелердің мыналарды қамтитын инсталляциялау пакеті: депозитке берілетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттері; депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің бағдарламалық өнімді әзірлеушілер тікелей құрған, құрастырылған модульдері (құрауыштары), сондай-ақ басқа әзірлеушілердің құрастырылған модульдері (құрауыштары), депозитке берілетін бағдарламалық өнімді құрастыру, орнату және оның толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті ретке келтіру мен жұмыс деректері бар файлдар; 3) қажет болған жағдайда, меншік иесі немесе иеленуші айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету; 4) ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы; 5) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынау бағдарламасы мен әдістемесі, мыналарды қамтитын пайдалану құжаттамасы: депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігі; техникалық тапсырма (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезендерінің); формуляр (негізі сипаттары, жинақтаулық және депозитке берілетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер); бағдарламалық өнімнің сипаттамасы (жұмыстың және өзара іс-қимылдық схемасы мен диаграммасын коса алғанда, бағдарламалық өнімнің логикалық құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер); түсіндірме жазба (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі); қолданылу сипаттамасы (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі кескіні туралы мәліметтер); орнату жөніндегі басшылығы; әкімшінің басшылығы; пайдаланушының басшылығы; техникалық тапсырмамен талап етілетін өзге құжаттар; 6) меншік иесінің және (немесе) иеленушінің қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар. 31. Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер және бағдарламалық кодтар екі данада (нұсқасы мен көшірмесі) компакт-дискілерде ұсынылады. Нормативтік-техникалық құжаттама қағаз жүзінде екі нұсқада (түпнұсқасы мен көшірмесі), сондай-ақ электронды түрде компакт-дискілерде (түпнұсқасы мен көшірмесі) екі нұсқада ұсынылады. 32. Депозитарийге депозитке беру үшін ұсынылатын нормативтік-техникалық құжаттама тығыз қағаздан жасалған конверттерде (пакеттерде) алдын ала түптелген және оралған болуы тиіс. Электрондық тасымалдағыштағы материалдар (компакт-дискілерде) ілеспе құжаттардан бөлек оралады және бір конвертке (пакетке) сыйғызылады. 33. Депозитарийге депозитке беру үшін ұсынылатын нормативтік-техникалық құжаттама, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттарға сәйкес құжаттардың мазмұны мен ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 34. Мемлекеттік бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың меншік иелері немесе иеленушісі жыл сайын, 30 сәуірден кешіктірмей, уәкілетті органға өзгерістер болмаған жағдайда, осы Ереженің 30 және 31-тармақтарына сәйкес жиынтықтығы және сандағы депозитке берілетін барлық объектілерді толық жаңартуды (өзекті етуді), депозитке беру объектілерінің толық жаңартылған (өзекті етілген) сипаттамасын немесе өнімді пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабарламаны қысқаша мазмұндалған себебімен ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 35. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті органға бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған ресми хат пен өтінім жібереді. 36. Бағдарламалық өнімдер мен бағдарламалық кодтарды депозитарийге депозитке беруге арналған өтінімді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері оларды пайдалануға берген сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде береді. Ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер және бағдарламалық кодтар бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке беруге арналған өтінімді оларды бекіткен сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері ұсынады. 37. Депозитке беруге арналған өтінім депозитке беру объектілерінің меншік иесінің немесе иеленушісінің қолымен куәландырылады. Меншік иесінің немесе иеленушінің қойған қолына мемлекеттік органның немесе ұйымның мөрі басылады. 38. Депозитке беруге арналған өтінімге осы Ереженің 30 және 31-тармақтарына сәйкес жиынтықта және санда депозитке беру объектілері қоса беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 39-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 39. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтінімді мемлекеттік техникалық қызметке береді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.03.08. № 1021 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 40. Мемлекеттік техникалық қызмет жеті жұмыс күні ішінде депозитке беруге арналған өтінімнің ресімдеуін, депозитке берілетін объектілерінің жиынтықтылығын, бағдарламалық кодтардың жеткіліктілігін, құрастырылған модулдердің тұтастығын және депозитке берілетін объектілерден қалпына келтірілген, депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің толық жұмысқа қабілеттілігін тексереді және қорытынды дайындайды. Тексерудің нәтижесі оң болған жағдайда, мемлекеттік техникалық қызмет депозитке беруді, депозитке берілген объектілерді есепке алуды және депозитарийде сақтауды қамтамасыз етуді жүргізеді, бұл туралы уәкілеті органға тиісті хабарлама жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 41. Мемлекеттік техникалық қызмет бес жұмыс күні ішінде бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру туралы тиісті мәліметтерді Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне енгізеді және ұсынылған депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлерін береді. ҚР Үкіметінің 2012.03.08. № 1021 Қаулысымен 41-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 41-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 41-1. Мемлекеттік техникалық қызмет депозитке беру объектілеріне депозитарлық нөмірлер берілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде депозитке беру объектісінің ақпараттық жүйелер, бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийінде тіркелгені туралы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама береді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.28.01. № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 42-тармақ жаңа редакцияда 42. Депозитке беруге арналған өтінім тиісінше ресімделмеген не өтінім берілген депозитке берілетін объектілер сәйкес болмаған жағдайда мемлекеттік техникалық қызмет осы Ереженің 40-тармағында белгіленген мерзімде қайтару себептерін көрсете отырып, депозитке беруге арналған өтінімді және депозитке берілген объектілерді уәкілетті органға қайтарады. Уәкілетті орган үш жұмыс күн ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінім берушіге тіркеу өтінімдерін қайтарады. 43. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі кері қайтарылған депозитке беру объектілері мен депозитке беруге арналған өтінімдерді алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ескертулерді түзетіп және оларды депозитке беру үшін уәкілетті органға қайтадан енгізеді. 44. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісінің өтінішін қайта қарау осы Ереженің 36, 39, 40, 41-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 45. Уәкілетті орган бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру кезінде құрамын немесе деректердің мазмұнын нақтылау үшін электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінен немесе иеленушіден депозитке беру объектілері туралы қажетті қосымша ақпаратты сұратуы мүмкін. 46. Депозитке берілген бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы қосымша ақпаратты беруі туралы сұрауды алған кезде электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі тиісті сұрауды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде толық қамтылған жауапты ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 47. Депозитке беру объектілерінің жаңа болжамы шығарылған (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген) жағдайда олардың меншік иесі немесе иеленушісі өзгерістерді және/немесе толықтыруларды енгізгеннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде құрамды анықтау және/немесе өзгерту не болмаса осы объектілер бойынша тіркеу мәліметтері мазмұнының қажеттілігі туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, ол депозитарийге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады. Жаңартылған депозитке берілген объектілерге жаңа депозиттік нөмір тағайындалады, ескірген депозитке берілген объектілер жойылмайды. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 48. Бағдарламалық өнім пайдаланудан алып тасталған немесе депозитарийде тіркелген нормативтік-техникалық құжаттаманың күші жойылған жағдайда меншік иесі немесе иеленушісі бағдарламалық өнім пайдаланудан алып тасталған немесе нормативтік-техникалық құжаттаманың күші жойылған сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға бұл туралы жазбаша хабарлайды. Уәкілетті орган хаттың көшірмесін мемлекеттік техникалық қызметке жібереді. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 49-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 49-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 49. Мемлекеттік техникалық қызмет осындай хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне тиісті өзгерістерді енгізеді. 50. Бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың жаңартылған (өзекті етілген) сипаттамасын белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган оның иесіне депозитарийдің мәліметтерін жаңарту қажеттілігі туралы жазбаша ескертуді жібереді. 51. Депозитке беру объектілерін сақтау депозитке беру объектісінің меншік иесінің немесе иеленушінің атауын арнайы жәшіктерде көрсете отырып, оларды орналастыру жолымен жүргізіледі. 52. Бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама қағаз түрінде және компакт-дискілерде оларға рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етумен, материалдар мен компакт-дискілердің есепке алынуына және сақталуына байланысты әр түрлі операцияларды орындаған кезде тиісінше жұмысты қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған үй-жайда сақталады. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1742 Қаулысымен 53-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.28.01. № 49 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 53. Мемлекеттік техникалық қызмет мемлекеттік емес бағдарламалық өнімнің меншік иесі немесе иеленушісі оны көшіруге құқық бермеген жағдайды қоспағанда, компакт-дискілердің мерзімді тексерілуін қамтамасыз етеді және оларды сақталу мерзіміне сәйкес олардың қайта жазылуын жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |