|
|
|
Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. «Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 469-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi. Ереже Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн (бұдан әрi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер) тiркеу тәртібін және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң мемлекеттік тiркелiмiн (бұдан әрi - Мемлекеттік тiркелiм) жүргiзу тәртібін анықтайды. 2. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Мемлекеттік тiркелiмде тiркеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады: ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы ақпаратты жүйелендiру; Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Мемлекеттік тiркелiмдегi ақпараттар туралы хабардар ету; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету; ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, сондай-ақ, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасындағы деректер алмасуды ұйымдастыру үшiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi әзiрлеушiлерге ақпараттарды ұсыну. 3. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтер мiндеттi түрде Мемлекеттік тіркелімде тіркеуге жатады. 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жетiмдiлiгі шектеулi ақпаратты құрайтын ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сақтау және пайдалану шарттарын сақтай отырып тiркелуi тиiс. 5. Мемлекеттік тiркелiмнiң жүргiзiлуiн техникалық қамтамасыз етудi ақпараттандыру саласындағы Ұлттық оператор (бұдан әрi - Ұлттық оператор) жүзеге асырады. 6. Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетiмдi мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуi үшiн, олардың ақпараттық қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында техникалық жағдайларды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi. 7. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу және тiркеу туралы куәлiктер беру мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 2. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу 8. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. 9. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi иеленушi (бұдан әрi - өтiнiм берушi) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бекiткен нысандар бойынша жiберетiн ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу туралы өтiнiмнiң (бұдан әрi - тiркеу өтiнiмi) негiзiнде жүзеге асырылады. 10. Тiркеуден өту кезiнде өтiнiм берушi уәкiлеттi органға тiркеу өтiнiмiнiң түпнұсқасын және тиiстi көшiрмелерiн қағаз және электронды тасымалдаушылармен ұсынады. Тiркеу өтiнiмiне өтiнiм берушi қол қояды және куәландырады. 11. Уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған күнiнен бастап он бес күн мерзiмде олардың толықтығын және дұрыс толтырылуын тексередi. 12. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресiмделген жағдайда уәкiлетті орган өтiнiм берушiнiң ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiн тiркейдi және тiркеу нөмiрiн бередi. 13. Уәкiлеттi орган Мемлекеттік тiркелiмге мәлiметтердi енгізу үшiн тiркелген сәттен бастап үш күн мерзiмде тiркеу өтiнiмдерiнiң көшiрмелерiн Ұлттық операторға жiбередi. Ұлттық оператор бес күн мерзiмде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы тиiстi мәлiметтердi Мемлекеттік тiркелiмге енгiзедi. 14. Уәкілеттi орган ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Мемлекеттік тiркелiмде тiркеген сәттен бастап он бес күн мерзiмде өтiнiм берушiге тiркеу туралы куәлiк бередi. 15. Тiркеу өтiнiмдерi тиiсiнше ресімделмеген жағдайда, уәкiлеттi орган тiркеу өтiнiмдерiн алған сәттен бастап бес күн мерзiмде осы тiркеу өтiнiмдерiн қайтару себебiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге қайтарады. 16. Өтінiм берушi қайтарылған тiркеу өтiнiмдерiн алған сәттен бастап ескертулердi түзейдi және уәкiлеттi органға тiркеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен оларды енгізуге құқығы бар. 17. Өтiнiм берушінің тiркеу өтiнiмдерiн қайта қарау осы Ереженiң 11, 12, 13, 14-тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 18. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi тiркеу кезiнде уәкiлеттi орган өтiнiм берушiден тiркеу деректерiнiң құрамын немесе мазмұнын анықтауға қажеттi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты сұрата алады. 19. Тіркеуге қажеттi ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сұрау салуды алған кезде, өтiнiм беруші тиiстi сұрау салуды алған сәттен бастап он күн мерзiмде толымды жауап ұсынады. 3. Мемлекеттік тiркелiмдi жүргiзу 20. Мемлекеттік тiркелiмдi жүргiзудi ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 21. Мемлекеттік тiркелiмдi жүргiзуге Мемлекеттік тiркелiмге ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәлiметтердi, Мемлекеттік тiркелiмдегi осы мәлiметтердi кейiннен жаңарта отырып енгізу кiредi. 22. Тiркелген ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердiң иесi жыл сайын 30 наурыздан кешiктiрмей уәкiлеттi органға ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің толық жаңартылған сипаттамасын (тiркеу өтiнiмiнiң бекiтілген нысандары бойынша), не ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдалануды тоқтатқан жағдайда, пайдалануды тоқтату себебiн дәлелдi түрде жаза отырып ресми хабар бередi. 23. Мемлекеттік тiркелiмге ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәлiметтердi енгізу ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады. 24. Белгiленген мерзiмде жаңартылған өтiнiм немесе ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдаланудың тоқтатылғаны туралы хабарлама ұсынылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган оның иесiне мәлiметтердi жаңарту қажеттiгі туралы тиiстi ресми сұрау салуды жiбередi. 25. Уәкiлеттi орган ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi пайдалану тоқтатылғаны туралы хабарламаны алғаннан кейiн бес күн мерзiмде осы ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйенi тiркеу туралы куәлiктi керi қайтарып алуды жүзеге асырады және он күн мерзiмде Ұлттық оператор Мемлекеттік тiркелiмге тиiстi өзгерiстердi енгізудi қамтамасыз етедi. 26. Интернет желiсiнiң "Қазақстан Республикасы Ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерiнiң мемлекеттік тiркелiмi" Web-сайтында орналасқан, қол жетiмдiлiгi шектелген ақпарат жоқ бөлiгiнде, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мемлекеттік тiркелiмнiң мәлiметтерi жалпыға қол жетiмдi болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |