Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 Қаулысымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысымен бекітілген
Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда олардың лицензияда айқындалатын қызметінің бағытына сәйкес тегін көрсетіледі. 3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне: 1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; 2) мыналарды: медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК); медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|