Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2273 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 11 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 1-2, 3-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
көрсетілген Ережеге 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2273 қаулысына
қосымша
2009 жылға арналған республикалық
бюджеттен облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне денсаулық сақтауға
бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану
ережесіне 2-қосымша
2009 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
мың теңге
Р/с № | Өңірлердің атауы | Туберкулезге қарсы мекемелерді жарақтандыру | Балалар мен босандыру ұйымдарының медициналық жабдықтармен жарақтандырылу деңгейін жарақтандырудың ең төменгі нормативіне дейін жеткізу | Онкологиялық ұйымдарды рентген сәулелі аппараттармен жарақтандыру | Кардио-хирургиялық орталықтарды (бөлімшелерді) жарақтандыру | Қалалық емханаларды медициналық жабдықтармен жарақтандыру |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | Ақмола облысы | 77 749 | 190 309 | 11 700 | 120 140 | - |
2. | Ақтөбе облысы | 261 000 | 132 952 | 219 743 | - | 123 125 |
3. | Алматы облысы | 84 592 | 221 594 | 193 388 | 71 940 | - |
4. | Атырау облысы | 87 000 | 121 147 | 124 788 | 71 940 | - |
5. | Шығыс Қазақстан облысы | 377 960 | 296 839 | - | 110 558 | - |
6. | Жамбыл облысы | 77 380 | 188 118 | 227 956 | 514 620 | - |
7. | Батыс Қазақстан облысы | - | 128 289 | 103 168 | 71 940 | 111 306 |
8. | Қарағанды облысы | - | 167 872 | - | 909 480 | - |
9. | Қостанай облысы | 115 686 | 224 244 | - | 143 880 | - |
10. | Қызылорда облысы | - | 113 385 | - | 514 620 | - |
11. | Маңғыстау облысы | 147 270 | 118 733 | - | 493 038 | - |
12. | Павлодар облысы | 86 372 | 154 947 | 286 468 | 107 910 | - |
13. | Солтүстік Қазақстан облысы | 53 918 | 106 250 | - | 107 910 | - |
14. | Оңтүстік Қазақстан облысы | - | 337 455 | 27 000 | 143 880 | - |
15. | Алматы қаласы | - | 269 344 | - | - | - |
16. | Астана қаласы | - | 171 971 | - | - | - |
| Жиыны: | 1 368 927 | 2 943 449 | 1 194 211 | 3 381 856 | 234 431 |
кестенің жалғасы
мың теңге
| | Магнитті-резонансты томографпен жарақтандыру | Қан орталықтарын жарақтандыру | Барлығы |
| | 8 | 9 | 10 |
1. | Ақмола облысы | - | - | 399 898 |
2. | Ақтөбе облысы | - | - | 736 820 |
3. | Алматы облысы | - | - | 571 514 |
4. | Атырау облысы | - | - | 404 875 |
5. | Шығыс Қазақстан облысы | - | - | 785 357 |
6. | Жамбыл облысы | - | - | 1 008 074 |
7. | Батыс Қазақстан облысы | - | - | 414 703 |
8. | Қарағанды облысы | 100 144 | - | 1 177 496 |
9. | Қостанай облысы | - | - | 483 810 |
10. | Қызылорда облысы | - | - | 628 005 |
11. | Маңғыстау облысы | - | - | 759 041 |
12. | Павлодар облысы | - | - | 635 697 |
13. | Солтүстік Қазақстан облысы | - | - | 268 078 |
14. | Оңтүстік Қазақстан облысы | - | - | 508 335 |
15. | Алматы қаласы | - | - | 269 344 |
16. | Астана қаласы | - | 49 600 | 221 571 |
| Жиыны: | 100 144 | 49 600 | 9 272 618 |