Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияға (910.00-нысан) қосымша ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен 910.00 нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны - салық есептігін жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен) 1. Жалпы ережелер 1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпорациялық) табыс және әлеуметтік салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған Осы Ереженің қосымшасына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны - салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларация оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерімен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (910.00 нысаны) және оған салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшадан (910.01 нысан) тұрады. 3. Көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда Декларацияға қосымша жасалмайды. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Осы Ережеде келесі арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|