|
|
|
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2010.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2311 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің миссиясы мен пайымдауы 3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері 4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің функционалды мүмкіндіктерін дамыту 6. Басқа мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеті 7. Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) миссиясы пайдаланушылардың (халық, бизнес, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар) сапалы статистикалық ақпаратқа қажеттілігін барынша қанағаттандыру жолымен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің дамуына жәрдемдесу болып табылады. Пайымдауы - Агенттік статистикалық қызмет саласында БҰҰ-ның ресми статистикасының басты қағидаттарын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті елдер қатарына кіруіне ықпал ететін мемлекеттік орган.
Мемлекеттік статистиканы дамыту Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға арналған жағдайлар жасауға бағытталған және бағдарламалық құжаттарды әрі Президенттің Қазақстан Республикасының халқына жыл сайынғы жолдауларын ақпараттық-статистикалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады. Негізгі проблемалардың бірі статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін әкімшілік дереккөздің деректерін жеткіліксіз пайдалану болып табылады. 2009 жылы мемлекеттік статистика жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді, «Мемлекеттік статистика туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленді. 2010 жылға заң жобаларын қабылдау жоспарланды. Жаңа заңдар статистикалық және статистикалық емес қызметтің шектеуін нақты анықтауға, статистиканың сапасын арттыруға, әкімшілік дереккөздердің деректерін пайдалану арқылы респонденттерге түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен негізгі заң жобасының терминологиясына және тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыретін қозғайтын анықтамаларды нақтылау, нормаларды келтіру, әкімшілік дереккөздердің деректеріне уәкілетті органның қол жеткізуін қамтамасыз ету бөлігінде 104 заңнамалық актілерге (Азаматтық, Жер, Орман, Экологиялық, Еңбек, Бюджет кодекстері, ӘҚБК, салалық заңдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлік мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріге) өзгерістер енгізілетін болады. Заң жобаларын қабылдау пайдаланушыларды толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тиісті саладағы заңнама нормаларын сақтауда жеке жауапкершіліктерін арттырады Дүниежүзілік Банкімен өзара іс-қимылы бойынша («Doing Business») Қазақстан Республикасында бизнесті жүргізу қолайлылығының деңгейі бойынша рейтингті меншіктеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар шеңберінде 2009 жылы бизнеске жүктемені төмендету және әкімшілік бөгеттерді қысқарту жөнінде жұмыс жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша заңнамаға мемлекеттік статистика саласында уәкілетті органдағы тіркеудің құжатсыз нысанын көздейтін өзгерістер енгізілуде (жылына 25 мыңнан астам заңды тұлғаларды тіркеген кезде статистикалық карточка жойылады). Басты міндеттердің бірі халықаралық стандарттарға сәйкес статистикалық байқауларды жүргізудің әдіснамасын одан әрі дамыту болып табылады. 2009 жылы пайдаланушылардың талаптарын ескере отырып, статистикалық көрсеткіштердің тізбесі мен пішімі өңделді. Статистикалық көрсеткіштерді жариялау мерзімдері мен нақтылау дәрежесі әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Статистикалық ақпараттың толық жинағы Агенттіктің www.stat.kz интернет-ресурсында, Халықтың ұлттық санағы жөніндегі статистикалық ақпарат - www.kz2009.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Халқының ұлттық санағы өткізілді, оның қорытындысы бойынша халық санағының алдын-ала қорытындылары ұсынылды. Қазақстан Республикасы тұрғындарының демографиялық, әлеуметтік-экономикалық белгілері бойынша көкейтесті етілген деректер алынды. Егжей-тегжейлі деректер 2010 - 2011 жылдары жарияланатын болады. 2009 жылы Агенттік 204 (2008 жылы - 213), басқа мемлекеттік органдар 80 (2008 жылы - 84) статистикалық байқау өткізді, сондай-ақ әкімшілік деректерді есепке алу жүйесі жүргізілуде (деректердің мемлекеттік қорлары мен тіркелімдік жүйелері). Басты міндеттердің бірі респонденттерге түбегейлі жүктеме болып табылады. Сондықтан, кәсіпорындарға түсетін орташа жүктеме айына 8 статистикалық есепті құрайды (кәсіпорынның мөлшеріне, өңірге және байқау жүргізу тәсіліне байланысты 4-тен 50-ге дейін нысан), мұның өзінде, респонденттің есептілікті толтыруға жұмсайтын орташа уақыты кәсіпорынның мөлшеріне байланысты жылына 2-ден 18 адам-күн аралығында түрленіп отырады. 2009 жылы «респонденттерге түсетін жүктемені төмендету» көрсеткішіне қол жеткізу үшін мынадай шаралар толық көлемде іске асырылды: статистикалық есептіліктің 131 нысаны жаңғыртылды. статистикалық есептіліктің нысандарына 127 нұсқаулық өңделді, 18 әдіснамалық нұсқаулық жаңадан әзірленді және өңделді. 2009 жылы жергілікті кешендермен қатар режимде жүргізілетін «Электронды статистикалық есеп» Ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - ЭСЕ АЖ) деректер жиналатын 30 статистикалық нысаны тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Оның ішінде 2009 жылы ЭСЕ АЖ-ға деректерді нақты жинау және өңдеу орындалған 8 статистикалық нысан өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. 2009 жылғы 10 ай ішінде электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдаланусыз электронды түрде облыстық Статистика департаменттері арқылы 5 423 есеп қабылданды, ЭЦҚ енгізілгеннен кейін интернет-ресурс арқылы есеп берген кәсіпорындардың саны 276-ны құрады, облыстық Статистика департаменттері арқылы есеп берген кәсіпорындардың саны - 241. Агенттіктің ақпараттық жүйелерін олардың «Электрондық үкімет» инфрақұрылымымен біріктірілуін есепке ала отырып, 2009 жылдан бастап құру және дамыту жөніндегі тұжырымдама іске асырылуда. Осы тұжырымдама мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің біріктірілуін және статистикалық ақпаратты өңдеу, сақтау, талдау және тарату жөніндегі жаңа бағдарламалық құралдар кешенінің енгізілуін көздейді. Е-статистикасын дамыту шеңберінде 3 ақпараттық жүйе бойынша жұмыс жүргізілуде -«СЫНЫП» АЖ, ЭСЕ АЖ, ӘСТ. Басты проблемалардың бірі ресми статистика деректеріне сенімнің және пайдаланушылардың қанағаттанушылық дәрежесінің жеткіліксіз деңгейі болып табылады. Басқа елдермен салыстырғанда, мемлекеттік статистикаға сенім деңгейі және сапалы деректерге қанағаттанушылық дәрежесі Қазақстан Республикасында салыстырмалы тұрғыдан алғанда төмен. 2009 жылы статистикалық ақпаратты пайдаланушылар арасында жүргізген сұраулардың нәтижелері бойынша пайдаланушылардың 74 %-нан астамы ресми статистикалық деректердің 75 %-дан астамын шынайы деп бағалады; ал оның ішінде 33,2% толық сенеді. Пайдаланушылардың көпшілігі - сұралғандардың 85,7%-ы жарияланған ақпараттың көлемімен қанағаттанады. Мысалы, дамыған елдерде (Канада, Австралия, Финляндия, Норвегия және басқалары) бұл көрсеткіш 85 %-дан астамды құрайды. Агенттіктің техникалық құралдармен жабдықталу дәрежесі 70 %-ды құрайды. Статистикалық көрсеткіштердің жоспарланған көлемінің сапалы және тиімді әзірлемесін қамтамасыз ету үшін көлікпен және жиһазбен қамтамасыз етуді қоса алғанда, қызметкерлердің жұмыс орындарын қайта жабдықтау талап етіледі. Жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында қызметкерлерді тұрақты оқыту жүйесі құрылған. 2009 жылы Агенттіктің 2000 қызметкері, 3000 статистикалық ақпаратты пайдаланушылар, 10000-нан астам респонденттер оқытылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде «Статистика» мамандығы қайта ашылды. Халықаралық статистика кеңістігіне нашар біріктірілген статистика маңызды проблема болып табылады. Бұл проблеманы шешу үшін Агенттікпен көптараптық және екітараптық деңгейде түрлі статистикалық ұйымдармен (БҰҰ Статистикалық Комиссиясы, БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясы, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы, Еуростат, Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігі, ТМД Статистикалық комитеті және т.б.) және ұлттық статистикалық офистермен өзара халықаралық іс-қимылы жүзеге асырылуда. 2009 жылы Агенттік 3 халықаралық семинар өткізді (БҰҰ ЕЭК, АТМЭК, ОАЭАБ өкілдерінің қатысуымен). Агенттіктің және аумақтық статистика органдарының 64 қызметкері статистика салалары бойынша 53 әр түрлі конференцияларға, семинарларға және кездесулерге қатысты. 2009 жылы Қазақстан Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭК) Статистика комитеті бюросындағы Вице-Төрағасы лауазымына 2011 жылға дейін, сонымен қатар 2012 жылға дейін статистика жөніндегі БҰҰ-ның Орталық Азия және Әзірбайжан экономикасы үшін арнайы бағдарламасының (ОАЭАБ) Жұмыс тобының Төрағасы болып тағайындалды. ТМД елдерінің статистикалық қызметтері басшылары кеңесінің 42 отырысында Агенттігінің төрағасы Ә.А. Смайылов Кеңестің бірлескен төрағасы ретінде сайланды. Норвегия, Германия елдерімен өзара тиімді ынтымақтастық жалғастырылуда. Қазақстан АТМЭК-тің экономикалық статистиканы жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының құрамына қосылды, Вашингтондық жұмыс тобының жұмысқа қабілетсіздік статистикасы бойынша пилоттық мемлекеті болып табылады. 2009 жылы Қазақстан Канаданың Оттава қаласында «Экономикалық үрдістерді дер кезіндегі бағалау» жөніндегі кездесуге қатысты. Қазақстан АТМЭК министрліктері деңгейіндегі 65-сессиясының Азия тынық мұхиты өңірі бойынша статистика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі резолюция жобасына Жапониямен бірге авторлас ретінде шықты. 2009 жылы Агенттік 140 сауалды өңдеді және халықаралық ұйымдарға және шетелдік институттарға жіберді. Агенттік қызметінің проблемалық (қолданыстағы мемлекеттік статистика жүйесінің әлсіз жақтары және кемшіліктері) салалары: 1) халықаралық стандарттарға сәйкес статистикалық байқауларды жүргізудің әдіснамасын одан әрі дамыту; 2) респонденттерге түбегейлі жүктеме; 3) ресми статистика деректеріне сенімнің және пайдаланушылардың қанағаттанушылық дәрежесінің жеткіліксіз деңгейі; 4) статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін әкімшілік дереккөздің деректерін жеткіліксіз пайдалану (ведомствоаралық өзара іс-қимыл); 5) халықаралық статистикалық кеңістікке нашар біріктірілген статистика. Осылайша, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі мәселелерді шешу неғұрлым маңызды болып табылады: - статистикалық әдіснаманы одан әрі жетілдіру; - әкімшілік дереккөздерінің деректер қорына талдау жүргізу; - деректер қорын қалыптастыру тәртібі мен жүргізу және статистикалық жіктелімдерді пайдалану жөніндегі әкімшілік дереккөздерді Агенттік талаптарын міндетті түрде сақтауы; - мемлекеттік органдар мен Агенттіктің ақпараттық жүйелерін дамыту және біріктіру; - статистикалық байқаулар нысандарын одан әрі жаңарту.
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Агенттік қызметінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары: 1) статистикалық әдіснаманы және статистикалық құралды жетілдіру (1 проблемалық сала); 2) респонденттермен жұмысты жетілдіру (2 проблемалық сала); 3) статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмысты жетілдіру (3 проблемалық сала); 4) мемлекеттік статистика органдары жүйесінің тиімділігін арттыру (4 проблемалық сала); 5) статистикалық қызмет саласында халықаралық тәжірибені алу (5 проблемалық сала).
Агенттік қызметінде қоғам қажеттіліктері көрініс табатын стратегиялық жоспардың негізгі мақсаттары ұсынылатын статистикалық ақпараттың сапасын арттыру, респонденттерге түсетін жүктемені төмендету және мемлекеттік статистиканың деректеріне деген сенімнің жоғары деңгейі болып табылады. 2014 жылға қарай 1 мыңнан кем түспейтін негізгі статистикалық көрсеткіштер әзірлемесін қамтамасыз ету, респонденттерге түсетін жүктемені кем дегенде 10 %-ға төмендету, 80 %-дан кем түспейтін мемлекеттік статистика сапасына деген қанағаттанушылық деңгейін қамтамасыз ету талап етіледі. Көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу әрбір стратегиялық бағыттар бойынша міндеттерді шешу жолымен қамтамасыз етілетін болады. 2014 жылға қарай негізгі статистикалық бағыттар бойынша серпінді қолдауды қамтамасыз ету талап етіледі.
4. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іске асырылуына ықпал ететін Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері мыналар болып табылады: 1. Агенттік қызметкерлерін, статистикалық ақпаратты пайдаланушылар мен респонденттерді оқыту жүйесін дамыту. Тілдер және сала курстары бойынша ұдайы оқуды өткізу қажет 2. Бюджеттік заңнаманы сақтау және ішкі аудит жүйесін жетілдіру жөнінде іс-шаралар өткізу. СМЖ талаптарына сәйкес ұдайы бақылау өткізу 3. Статистиканың негізгі салалары бойынша халықаралық семинарларға қатысу және Қазақстан Республикасында халықаралық семинарларды өткізу есебінен халықаралық озық тәжірибемен алмасу. Халықаралық семинарларға қатысу арқылы тұрақты түрде тәжірибемен алмасу. 4. Басқа мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдармен өзара ықпалдасу - жұмыс тиімділігі кеңейту, одан да жетілген нысандарды, қойылған міндеттерге қол жеткізу бағыттарын енгізу. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқа мемлекеттік органдардың деректер қорларымен алмасу. 5. Мерзімді және нақты статистикалық деректермен қамтамасыз ету шеңберінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы. Халықаралық экономикалық форумның халықаралық ұйымдар тізімі бойынша (ЮНЕСКО статистикалық институты, Халықаралық Валюта Қоры, Economic Intelligence Unit) статистикалық ақпаратты қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспардың барлық бағыттарына қол жеткізу ықтимал тәуекелдерді болдырмау дәрежесіне тәуелді
6. Басқа мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеті
Агенттік барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен әрекет етеді. Халықаралық ұйымдармен мемлекеттік статистика саласындағы қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзара мүдделілік және теңдік қағидаттарына негізделген, Қазақстан Республикасы мүшесі болып отырған екі жақты және көп жақты халықаралық келісімдер негізінде анықталады. 2009 жылы Агенттік шетелдегі 53 халықаралық іс-шараларына қатысты, 3 халықаралық семинар (БҰҰ ЕЭК, АТМЭК, ОАЭАБ өкілдерінің қатысуымен) өткізілді.
7. Стратегиялық жоспар әзірлеуге негіз болған нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттардың тізбесі
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексі; 2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |