Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды, сақтандыру резервтері жөніндегі есептілікті беру нысандарын және мерзімін бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 76 Қаулысымен күші жойылды
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Мыналар бекітілсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар); 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтері жөніндегі есептіліктің нысандары. 2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін есепті айдан кейін келетін айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей, ұсынылған деректердің түзетілмеуін қамтамасыз ететін Microsoft Office Excel форматында электронды тасымалдауышта ақпаратты Агенттікке: тоқсан сайын осы қаулының 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес; ай сайын осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ұсыну белгіленсін. 3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 4. Осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын. 5. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш.Қарақұлова): 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|