Сауда қызметін реттеу туралы (2009.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу (5 - 9 баптар) 3-тарау. Iшкі сауда (10 - 14 баптар) 4-тарау. Сыртқы сауда қызметі (15 - 22 баптар) 5-тарау. Сауданың өзге түрлері (23 - 30 баптар) 6-тарау. Сауда қызметінің субъектілеріне және (31 - 32 баптар) тауарларға қойылатын талаптар 7-тарау. Қорытынды ережелер (33 - 36 баптар)
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы органдардың», «жергілікті атқарушы органдар», «жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттік реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметi; 2) iшкi сауда (iшкi сауда қызметi) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi; 3) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген құқық беру түрiнде немесе конкурстық негiзде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметiн реттеудiң тарифтiк емес шарасы; 4) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет; 5) көтерме сауда - жеке, отбасылық, үй-елшiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет; 6) бөлшек сауда - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшiн сату жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет; 7) сауда қызметiнiң субъектici - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға; 8) тарифтiк квота - импорттың белгiлi бiр мөлшерiне кедендiк баждың неғұрлым төмен ставкасын және импорттың осы шамасынан жоғары мөлшерiне кедендiк баждың неғұрлым жоғары ставкасын белгiлеу арқылы нақ сол тауар импортына кедендiк баждар ставкаларының әртүрлi екi деңгейiн қолдануды көздейтiн сыртқы сауда қызметiн реттеудiң құралы; 9) тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнiмi; 10) сауда қызметi - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметi; 11) сауда объектiсi - сауда қызметiнiң субъектiлерi сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдаланатын мүлiктiк кешен; 12) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi іске асыру үшiн мемлекеттік органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығы; 13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласында мемлекеттік реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi 1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау болып табылады. 2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi: 1) сауда қызметiне қатысушылар құқықтарының теңдiгi; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы; 3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi; 8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және меншiк нысанына қарамастан, сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады. 2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының арнаулы заң актілерімен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актілерімен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi. 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу 5-бап. Сауда қызметiн мемлекеттік реттеудiң нысандары мен әдiстерi 1. Сауда қызметiн мемлекеттік реттеудiң нысандары: 1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртібін айқындау; 2) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өту шарттарын айқындау; 3) сауда қызметiн дамытуға ынталандыру; 4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау; 5) сертификаттау болып табылады. 2. Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу әдiстерi: 1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу; 2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу; 3) тарифтiк квоталарды қолдану; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тауарлар сатуды тоқтата түру және (немесе) оларды сатуға тыйым салу; 5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар қолдану; 6) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады. 6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бiрыңғай мемлекеттік сауда саясатын жүргiзедi; 2) мемлекеттік сауда саясатының бағдарламасын бекiтедi; 3) Қазақстан Республикасының iшкi рыногын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды; 4) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кедендiк баж ставкаларын бекiтедi; 5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану тәртібін, сондай-ақ оларға қатысты қолданылатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi; 6) iшкi сауда ережелерiн бекiтедi; 7) шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен сауда қызметi саласындағы ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және Қазақстан Республикасының шетелдердегi сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады; 8) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келісімдерге қол қою туралы шешiм қабылдайды; 9) уәкiлеттi органды айқындайды; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 3) сауда қызметiн дамыту, сондай-ақ тауарлар өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 4) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi; 5) орталық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметi саласындағы қызметiн үйлестiредi; 6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауда қызметiнiң мониторингiн жүргiзедi; 7) сауда қатынастарын жетiлдiру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерттейдi; 8) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады; 9) халықаралық сауда ұйымдарымен келiссөздерде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан өкiлдiк етедi; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен мазмұн 10-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 10-1) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары тауардың шығарылуы туралы берілген сертификаттар бойынша тоқсан сайын табыс ететін ақпаратты талдау арқылы мониторингті жүзеге асырады; 11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. 8-бап. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыретi Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары: 1) мемлекеттік сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметін реттеуді жүзеге асырады; 3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) жергілікті көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу Тауарларға бағаны, тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін, тауар берушінің талап етуі бойынша азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметінің субъектілері дербес белгілейді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беру шарттарын жасасқан кезде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талап бұзылып жасалған мәміле жарамсыз болады.
10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi 1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 1) сауда автоматы - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы; 4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс; 5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс; 6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi; 7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс; 8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен. Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды. 5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады. 6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 1. Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады. 2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi. 1. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар және автомат-нүктелер, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс. 3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады. 4. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен реттеледi. 1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткізудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады. 3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды уәкiлеттi орган айқындайды. 14-бап. Сауда қызметіндегі сатып алу-сату шарты 1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртібі мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актілеріне сәйкес айқындалады. 2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi. 3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда сауда қызметiнiң субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады. 15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөніндегі шаралар Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөніндегі мемлекеттік шаралар: 1) экспорттық кредиттер кепiлдемелерi және оларды сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 2) сыртқы сауда қызметiн дамытуға ықпал ететiн сауда көрмелерiн, жәрмеңкелер және өзге де iс-шараларды ұйымдастыру; 3) сыртқы сауда ақпараты мен ақпараттық-консультациялық қызмет жүйесiн құруды қамтамасыз ету; 4) сыртқы сауда қызметiн ынталандыру мен көтермелеудiң өзге де нысандарын iске асыру болып табылады. 16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу Тауарларды әкелу мен әкету жөніндегі операцияларды реттеу, соның iшiнде Қазақстан Республикасының iшкi рыногын қорғау және Қазақстан Республикасының экономикасындағы озық құрылымдық өзгерiстердi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес кедендiк әкелу және (немесе) әкету баждары белгiленедi. 17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу 1. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларына: 1) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге, соның iшiнде сандық тыйым салу немесе шектеу; 2) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу; 3) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия; 4) техникалық, фармацевтикалық, санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады. 2. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолданудың шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасының мүдделерiн бұзатын шаралар қабылдаған жағдайда, сондай-ақ олар халықаралық шарттарға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы алдындағы мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген консультациялар мен рәсiмдер жүргiзiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының мүдделерiн тиiмдi қорғауға қажеттi шекте, жауап шаралар ретiнде сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдануға құқылы. 18-бап. Тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге, соның iшiнде сандық тыйым салу немесе шектеу 1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды немесе шектеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) құқық тәртібін сақтау; 2) адамдардың өмiрi мен денсаулығын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және тұтастай қоршаған ортаны қорғау; 3) Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың мәдени мұраларын сақтау; 4) мәдени құндылықтарды заңсыз әкетуден, әкелуден және оларға меншiк құқығын беруден қорғау; 5) орны толмас табиғи ресурстардың бiр мезгiлде iшкi өндiрiлуi мен тұтынылуын шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау; 6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 7) халықаралық мiндеттемелердi орындау қажеттілігiн негiзге ала отырып енгiзе алады. 2. Жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес енгiзiледi және лицензиялау немесе басқа да рұқсат ететiн құжаттар беру арқылы жүзеге асырылады. 3. Жекелеген тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi сандық шектеу: 1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 2) халықаралық мiндеттемелердi орындау; 3) iшкi рынокты қорғау; 4) басқа мемлекеттердiң отандық тауарларға қатысты кемсiтушiлiк шектеулерiн қолдануына жауап шараларды енгізу қажеттiгiне байланысты енгiзiлуi мүмкiн. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі квоталарды бөледi, сондай-ақ, әкетiлуiне және (немесе) әкелiнуiне қатысты, соның iшiнде мөлшерi жағынан тыйым салу немесе шектеу енгiзiлетiн жекелеген тауарлардың тiзбесiн бекiтедi. 19-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталарды қолдану 1. Экономиканың перспективалы салаларын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі тауарлардың жекелеген түрлерiн әкелуге тарифтiк квоталар белгiлей алады. 2. Тарифтiк квоталардың қолданылуы, қолданылу мақсатына қарай: рынокқа шетел тауарының мейлінше аз түсуiн қамтамасыз етуге; тиiстi қажетсiнудi және рынок сыйымдылығын ескере отырып шетел тауарының рынокқа түсуiнiң бұрыннан бар мүмкiндiгiн сақтауға жағдай жасайды. 3. Импорттық кеден баждарының квота ішiлiк және квотадан тыс ставкаларын енгізудi (олардың мерзiмiнен бұрын күшiн жоюды), олардың көлемiн, қолданылу мерзiмiн, мөлшерлерiн, деңгейлерiн өзгертудi, тарифтiк квотаны бөлу әдiсiн уәкiлеттi органның тарифтiк квоталарды қолданудың мақсатқа сай екендiгi туралы қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 20-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрқатар мемлекетке қатысты халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы, осы санкцияларды қолданысқа енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 21-бап. Тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия 1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополия тауарларды әкетудi және (немесе) әкелудi лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қауiпсiздiк, мемлекеттік монополияны iске асыру, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, меншiктi, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан лицензиялануға жататын тауарлардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 3. Мемлекеттік монополия енгiзiлетiн жекелеген тауарларға қатысты оларды әкетудi және (немесе) әкелудi жүзеге асыруға лицензияны Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған мемлекеттік кәсiпорындарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бередi немесе конкурстық негiзде берiледi, олар тауарларды әкету және (немесе) әкелу операцияларын кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика принциптерi негiзiнде жасауға мiндеттi. 22-бап. Тауарлардың импорты кезiнде қорғау шараларын, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдану Қорғау шараларын, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды қолдану шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 5-тарау. Сауданың өзге түрлері 23-бап. Аукциондық сауда 1. Тауарларды сату жөніндегі аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезіндегі тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды. 2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi. Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 25-бап. Тапсырыс бойынша сауда 1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн. |