|
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 бұйрығымен бекітілген
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (2011.06.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.10.02. № 72 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) денсаулық сақтау объектілерінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, салуға, реконструкциялауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, жабдықтауға, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге, еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтандыру жағдайларына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға стерилизациялау және дезинфекциялау жүргізу жағдайларына, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.10.02. № 72 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Осы ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды: 1) антисептик - жарадағы микробтарды өлтіру мақсатында теріге немесе тінге қолдануға арналған химиялық микробқа қарсы агент; 2) антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процесстің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы; 3) бокс - сырттан науқас келіп түсуіне арналған жеке есігі бар үй-жай. Оның құрамына мыналар енеді: палата, санитариялық торап, ванна және шлюз. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|