|
Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы (2012.28.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына, 174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесі бекітілсін. 2. «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесі бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/140 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6252 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрі м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, 174-бабына сәйкес әзірленді және жеке орындауда іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді. 2. Заңның 8-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді. Атқарушылық іс-қимылдар жасаған кезде атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмейтін болса, өзінің бастамасымен немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашыны шақыра алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|