|
|
|
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы (2013.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 20) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасының 9-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.30.12. № 1431 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысымен бекітілген
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |