Электрондық ақпараттық ресурстарды Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-сайттарына орналастыру ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстарды Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру ережесі бекітілсін. 2. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі Электрондық ақпараттық ресурстарды Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру бойынша жауапты құрылымдық бөлімше болып белгіленсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Доспановқа жүктелсін.
2010 жылғы 26 тамыздағы № 3/532 қаулысымен бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстарды Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Электрондық ақпараттық ресурстарды Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыру тәртібін белгілейді. 2. Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсы: 1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік кәсіпорындардың қала тұрғындарымен өзара іс-қимыл жасауының тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады; 2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру түрінің бірі болып табылады. 3. Интернет-ресурс қаланың қоғамдық саяси дамуы мен экономикалық, әлеуметтік маңызды міндеттерін шешуге бейімдеуі және қамтамасыз етуі тиіс: 1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметі туралы ақпаратқа азаматтардың кіру құқығын жүзеге асыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|