Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы (2011.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi. Жалпы ережелер 24.12.01 ж. № 276-11 ; 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: автомагистраль - бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, теміржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол. жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу өңірлері болған жағдайда - соларды қамтиды; жол жүрісі - адамдар мен жүктің жолдармен көлік құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргіншілер) жүрісі кезінде, сондай-ақ осы жүріс ережелерін реттеу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы; жол жүрісі қауіпсіздігі - жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрісіне қатысушылар мен мемлекеттің қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жол-көлік оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет; жол жүрісіне қатысушы - жүргізуші, жүргінші, көлік құралының жолаушысы, мал айдаушы ретінде жүріс процесіне тікелей қатысатын адам; жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары - жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегіш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар; жол жүрісін ұйымдастыру - жолдардағы жүрісті басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар мен өкім жүргізетін іс-қимылдар кешені; жол-көлік оқиғасы - көлік құралдарының жол бойында жүрісі процесінде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары, ғимараттар, жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірген оқиға; көлік құралы - адамдарды, жүкті немесе үстіне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы; механикалық көлік құралы - мопедтен басқа, двигатель арқылы жүретін көлік құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады; тіркеме - двигательмен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Бұл ұғым жартылай тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: - жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттік саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік басқару жүйесi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) 5-бап өзгертілді; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi: - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу; - жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру; - автомобиль, қалалық жер үстi электр көлiгiнде және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi реттеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекіту; - жол жүрiсiн ұйымдастыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету; - көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу; - көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара); 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына мыналар жатады: - Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат әзiрлеу және жүргiзу; - техникалық регламенттерді бекіту; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бағдарламалар әзiрлеу және оларды қаржымен қамтамасыз ету; - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін орындауына бақылау жасау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекіту; - ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.04.07. № 55-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөніндегі орталық атқарушы органның өкiлеттiктерi Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органның өкiлеттiктерiне мыналар жатады: - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты iске асыру; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру; - көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау тәртібін белгiлеу; - алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртібін белгiлеу; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттік маңызы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру; жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау; - Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру; жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу; автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу. техникалық регламенттерді әзірлеу.
ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен 7-1 баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 7-1-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне: халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қызметін басқару; халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құзыреті 1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың қарауына мыналар жатады: - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жоспарларын, аймақтық бағдарламаларын бекіту; - облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөніндегі есептерiн қарау. 2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: - тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру, олардың орындалуын үйлестiру және бақылау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу; - облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгізу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөніндегі жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау; - тиiстi аумақ мүдделерiне орай жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру; облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару.
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 9-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттік жүйесi 1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ, жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөніндегі қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттік жүйесi жүзеге асырылады. 2. 2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламалары 1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында жол-көлiк оқиғаларының, одан зардап шеккен азаматтардың санын қысқартуға және осы оқиғалардан болатын материалдық залалды азайтуға бағытталған жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары әзiрленедi. 2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары осындай бағдарламаларға қойылатын талаптарға сәйкес әзiрленедi, белгiленген тәртiппен бекітіледi және бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс көздер есебiнен қаржыландырылады.
Жол жүрiсiн ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар
12-бап. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі 1. Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртібі, жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Жол жүрiсi ережелерiмен, Автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртібімен белгiленедi. 2. Қазақстан Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген.
13-бап. Көлiк құралдарының пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi талаптар 1. Көлiк құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар: - жол жүрiсi процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң жұмысын ұйымдастыруға; - жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарының жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру үшiн жағдай жасауға; - жол-көлiк оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап, оларды жоюға; - көлiк құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге; - жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөніндегі шараларды ұйымдастыруға мiндеттi. 2. Автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарымен тасымалдау қызметiн жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы ережелер белгiлеп, жүктiң түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және қолданылып жүрген заңдар шегiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жүргiзушiлерге қосымша талаптар қоя алады.
14-бап. Жол жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Азаматтардың жолдармен жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары құқықтарына, мемлекет кепiлдiк бередi және ол құқықтар Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдарының, Республика бекiткен халықаралық шарттардың орындалуы арқылы қамтамасыз етіледi. 2. Жол жүрiсiне қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруы жол жүрiсiне басқа қатысушылардың құқықтарын шектемеуге немесе бұзбауға тиiс. 3. Жол жүрiсiне қатысушылардың: - заңдармен белгiленген ережелер мен ресiмдерге сәйкес және солардың негiзiнде жолмен еркiн, кедергiсiз жүруге; - лауазымды адамдардан және жол жүрiсiн қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттік органнан жолмен жүруге тыйым салыну немесе шектелу себептерi туралы түсiнiктеме алуға; - қозғалыстың қауiпсiз жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы толық және анық ақпарат алуға; - қызметi жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен лауазымды адамдардан жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық көмектiң, құтқару жұмыстарының кепiлдi көлемi мен басқа да қажеттi көмектi тегiн алуға; - жол-көлiк оқиғасы салдарынан өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген жағдайларда, сондай-ақ көлiк құралы мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiп бойынша залалды өтеттiруге; - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға құқығы бар. 4. Жол жүрiсiне қатысушылар осы Заңның және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын орындауға мiндеттi.
ҚР 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу 1. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн: - он алты жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк құралдарын («А» санаты) жүргiзуге; - он сегiз жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден аспайтын автомобильдердi («В» санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi («С» санаты) жүргiзуге, бұған «Д» санатына жататындары кiрмейдi; кемінде үш жыл жүргізушілік стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бір жасқа толған адамдарға - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге; - «В», «С» немесе «Д» санаттарына жататын көлiк құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының құрамдарын («Е» санаты) жүргiзуге. 2. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады. 3. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған, медициналық жағынан кiнараты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi білім мен дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi. 4. Көлiк құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын және рұқсат беру тәртібін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе отырып әзiрлейдi. 5. Көлiк құралдарының «А» және «В» санаттарын жүргiзу құқығына куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше даярлануына жол берiледi. 6. Адамдарды көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу емтихандарына жiберу, оларды тапсыру, көлiк құралдарын жүргiзу құқығына куәлiктер беру тәртібін және адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салатын медициналық кiнараттарының тiзбесiн жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгiлейдi.
2008.04.07. № 55-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді 16-бап. Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi 1. Көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуына: 1) жүргізуші куәлігінің белгіленген қолданылу мерзімінің бітуі; 2) жүргізуші денсаулығының көлік құралдарын қауіпсіз жүргізуге кедергі келтіретіндей нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы негіздемелер болып табылады. Көрінеу психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы, көру органы дамуының кемістігі, көру функциясын бұзатын жаңадан пайда болған қатерсіз ісіктер, органның туа біткен кемістігі немесе органнан не бүлінген органның қызметін бұзатын оның бір бөлігінен жүре келе айырылу, олардың көлік құралдарын толыққанды жүргізуге кедергі келтіруі көлік құралдарын жүргізуге жарамдылықты растау үшін медициналық куәландыруға жіберуге негіздемелер болып табылады; 3) жүргізушінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмауы; 4) көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру негіздеме болып табылады. Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша көлік құралдарын жүргізу құқығының тоқтатылуы уәкілетті органның (лауазымды адамның) талап арызы бойынша, азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Көлік құралын жүргізу құқығы тоқтатылған кезде осы құқық: осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтихан тапсырғаннан және медициналық тексеруден өткеннен кейін; осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - егер көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатудың себептері жойылатын болса, сот шешімі бойынша; осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен; осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша - емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі аяқталғаннан кейін қайта қалпына келтіріледі. 2. Жауапкершiлiк шаралары ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға не сондай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. |