|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат): 1) 282-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерде тараптар келіскен шарттарда төлемдi индекстеу көзделуi мүмкiн.»; 2) 307-бап мынадай редакцияда жазылсын: «307-бап. Кепiл туралы шарттың мазмұны мен нысаны 1. Кепiл туралы шартта кепiлдiң нысанасы мен оны бағалау, кепiлмен қамтамасыз етiлетiн мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi және орындалу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Сондай-ақ онда кепiлге қойылған мүлiк тараптардың қайсысында екендiгi және оны пайдалануға болатындығы көрсетiлуге тиiс. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, кепіл нысанасын бағалау теңгемен көрсетіледі және тараптардың келісімімен айқындалуы мүмкін. Міндеттемені шетел валютасында қамтамасыз ететін кепіл нысанасын бағалау теңгемен және кепіл туралы шарт жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша міндеттеме валютасымен көрсетіледі. 2. Кепiл туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы қағидаларды сақтамау кепiл туралы шарттың жарамсыз болуына әкеп соғады.»; 3) 318-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп соттан тыс өткізуге жол берілмейді.»; 4) 370-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы «туындайтын болса,» деген сөздерден кейін «лицензиядан айрылған не» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат): 1) 718 және 728-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «718-бап. Қарыз шарты бойынша сыйақы 1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, қарыз нысанасын пайдаланғаны үшiн қарыз алушы шартта айқындалған мөлшерде қарыз берушiге сыйақы төлейдi. 2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттік ұйымдардың және кредиттік серіктестіктердің қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз беруші алатын сыйақыны, комиссиялық және өзге де төлемдердің барлық түрлерін қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептелетін жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшерін белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшері қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады. 3. Егер қарыз шарты бойынша қарыз алушыға заттар берiлсе, сыйақы төлеу оның көлемi мен нысаны (ақшалай немесе заттай) шартта көзделген жағдайда жүргiзiледi. 4. Сыйақы төлеудiң тәртібі мен мерзiмдерi қарыз шартында белгiленедi. Егер сыйақы төлеу тәртібі мен мерзiмдерi шартта белгiленбесе, ол ай сайын төленедi. 5. Егер қарыз алушы қарыз нысанасын мерзiмiнде қайтармаса, сыйақы қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi.»; «728-бап. Банктік қарыз шартының ерекшелiктерi Банктік қарыз шартының мынадай ерекшелiктерi бар: 1) уәкiлеттi мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға қарыз берушi ретінде әрекет етеді; 2) шарттың нысанасы алдағы уақытта берiлуi мүмкiн ақша болып табылады. Соңғы жағдайда, егер осы шартта өзгеше көзделмесе, шарт жасалған кезiнен бастап (осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағы) күшiне енген болып есептеледi; 3) шарт жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанды сақтамау банктік қарыз шартының жарамсыздығына әкеп соғады; 4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта банктің немесе уәкілетті мемлекеттік органның ақшалай нысанда қарыз беруге лицензиясы бар өзге де заңды тұлғаның шарт талаптарын біржақты өзгерту құқығын көздейтін талап қамтылмайды; 5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiк қарыз шартына осы Кодекстiң 722-бабы 2-тармағының ережелерi қолданылмайды; 6) осы Кодекстің 722-бабы 3 және 4-тармақтарының ережелері қарыз алушы қарыз нысанасының кезекті бөлігін қайтару және (немесе) сыйақы төлеу үшін белгіленген мерзімді күнтізбелік қырық күн мерзімнен асырып бұзған кезде банктік қарыз шартына қолданылады. Банктерге осы банк эмитентi болып табылатын акциялармен қамтамасыз етiлген қарыздар беруге не осы акцияларды сатып алуға арналған қарыздар беруге тыйым салынады.»; 2) 740-баптың 1-тармағындағы «Заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «(уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату үдерісінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 760-баптың 2-тармағындағы «Егер банк салымы шартында өзгеше көзделмесе,» деген сөздер «Банк салымы шартында көзделген салым мерзімін ұзарту жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне биоотын өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 11 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы): тақырып «Жеке» деген сөзден кейін «немесе заңды» деген сөздермен толықтырылсын; бірінші абзацтағы «адамға» деген сөз «жеке немесе заңды тұлғаға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 14-тарау мынадай мазмұндағы 158-5-баппен толықтырылсын: «158-5-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу 1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін ірі кәсіпкерлік субъектісінің бұзуы, - лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсіздік), - лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 541-баптың бірінші бөлігі «158-4,» деген цифрлардан кейін «158-5,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) 637-баптың бірінші бөлігі «151,» деген цифрлардан кейін «158-5,» деген цифрлармен толықтырылсын. 4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат): 1) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесi бекітуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер: 1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердің шектi сомалары мен мерзiмдерi; 2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шектi шамасы; 3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары; 4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар; 5) банк операцияларын жүргiзуге арналған ставкалар мен тарифтер; 6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері; 7) банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібі; 8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi; 9) ислам банкінің және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкінің банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер; 10) клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ереже; 11) банктің директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгізу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс. Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидалар банктік қызметтерді көрсету және банктердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.»; 2) 34, 35, 36 және 39-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «34-бап. Банктік қарыз операциясы 1. Қарыз алушының (клиенттiң) өзi және жасалатын мәмiле туралы мәлiметтердi, сондай-ақ тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауына байланысты ақпаратты кредиттiк бюролардың деректер базасына беруiне жазбаша келісімiнiң болуы банктiң, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен брокердiң және (немесе) дилердiң немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарының банктiк қарыз шартын жасасуының, лизингтік, факторингтiк, форфейтингтiк операцияларды жүзеге асыруының, вексельдердi есепке алуының, кепiлдiктер, кепiлдемелер, аккредитивтер шығаруының мiндеттi талабы болып табылады. 2. Банктік қарыз шартының міндетті талаптарының тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады. 3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банктік қарыз шартының талаптарын оларды қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. 4. Кез келген валютаның баламасына таңылып, теңгемен берілген банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. Бұл шектеулер банктердің арасында жасалатын шарттарға қолданылмайды. 5. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген тұлғаларға банктік қарыздар беруге тыйым салынады. 6. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның мынадай: 1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның жаңа қарыздар беруді жүзеге асырмау құқығы туындайтын, банктік қарыз шартында көзделген; 2) қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы өз міндеттемелерін бұзған; 3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша анықталған қарыз алушының қаржылық жағдайы нашарлаған; 4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның банктік қарыз шартын тиісінше орындауына әсер ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, жасалған банктік қарыз шартының (шарттарының) шеңберінде жаңа қарыздар беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқығы жоқ. 7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алған қарыз алушы - жеке тұлға, қарыз берілген күннен бастап банк есептеген сыйақыларды төлей отырып, банктік қарыз шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қарызды қайтаруға құқылы. Осы тармақта көзделген жағдайда, қарызды қайтарғаны үшін тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері алынбайды. 8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 9. Банктiң кредит комитетi ішкi кредиттік саясатты жүзеге асыратын орган болып табылады. 10. Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалады және мыналарды: 1) жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын; 2) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне кредит беру шарттарын; 3) кредиттік комитеттiң ұйымдық құрылымын, функциясын және өкiлеттiгiн; 4) кредиттік комитет мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн; 5) кредит берудiң лимиттерін; 6) кредиттік шарттарды бекіту рәсiмiн; 7) кредит беру туралы өтініштерді қараудың, кредит беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдаудың, кредит беру шарттарын өзгертудің шекті мерзімдерін айқындайды. 11. Егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ. Қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді. 12. Осы баптың 4, 5, 8 - 11-тармақтарында белгiленген нормалар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларына, сондай-ақ осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген ислам банктерiнiң операцияларына қолданылады. 13. Ислам банкінің банктiк қарыз және өзге де операцияларды жүргiзу ерекшелiктерi мен шектеулерi осы Заңның 4-1-тарауында белгiленедi. 35-бап. Кредиттердің қайтарымдылығын қамтамасыз ету 1. Кредиттердің қайтарымдылығы тұрақсыздық айыбымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 2. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты, оның ішінде ипотекалық қарыз шарты бойынша қарыз сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері әрбір мерзімі өткен күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,5 пайызынан аспауға, бірақ банктік қарыз шарты қолданылатын әрбір жылға берілген қарыз сомасының он пайызынан артық болмауға тиіс. 3. Клиент кредитті өтеуге жоғары қабiлеттi және сенiмдi болған жағдайда, банк қамтамасыз етпестен кредит (бланкілік кредит) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы. Банк бiр қарыз алушыға осы қарыз алушының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған қарыз қаражатының көлемiн шегере отырып, осы қарыз алушы активтерінiң орташа жылдық құнынан асатын жалпы сомаға бланкілік кредит беруге немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға құқылы емес. Қарыз алушы активтерiнiң орташа жылдық құны есептi жылдың басынан бастап осы кредиттi алған күнге дейiнгi кезеңге есептеледi. 4. Егер кредиттің қайтарымдылығын қамтамасыз ету үшін бірнеше кепіл нысанасы берілсе, онда қарыз алушы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда және қарыз алушы, кепіл беруші кепілдік қамтамасыз етуді азайту туралы талаппен өтініш жасаған кезде бағалаушы айқындаған кепіл нысаналарының нарықтық құны банктің (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның) кепілдік саясатының талаптарын ескергенде, қарыз алушы міндеттемелерінің орындалмаған бөлігінің сомасынан асып кеткен жағдайда, банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушы, кепіл беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарыз алушы міндеттемелерінің мөлшерінен асып кеткен бөлігінде бір немесе бірнеше кепіл нысанасының кепілі туралы шартты (шарттарды) бұзу (өзгерту) жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 5. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, банк кепiлдегі мүлiктi сот тәртiбінен тыс сауда-саттық (аукцион) өткiзу арқылы мәжбүрлі түрде сот тәртібінен тыс дербес өткiзуге құқылы. 6. Осы баптың 1 - 5-тармақтарында белгiленген нормалар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады. 36-бап. Төлем қабілеті жоқ қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің өтуі басталған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым) қарыз алушыны банктік қарыз шартында көзделген әдіспен банктік қарыз шарты бойынша төлемдерді төлеу қажеттігі туралы және қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауының салдарлары туралы хабардар етуге міндетті. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыртын ұйым) қарыз алушыға мынадай шаралар қолдануға: 1) қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органының қарауына шығаруға құқылы. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Ішкі кредиттік саясат туралы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады; 2) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банктік шоттардағы, қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса); 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) банктік қарыз шартында көзделген кез келген шараларды қолдануға, оның ішінде банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті соттан тыс тәртіппен (Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда) не сот тәртібімен өндіріп алуға;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |