Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық
«Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) құрылсын. 2. «Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметін құру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 190 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 3. Қызмет екі ай мерзімде «Республикалық жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі туралы» Ережені әзірлесін және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен келіссін және оны заңнамада белгіленген тәртіппен бекітсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі С.С. Хасеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 09-4/79 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|