ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 464 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2012.07.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - ЖАО) бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі - ветдәрігер) ұсынады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесінің 4-бөлімі негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызметті көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интериет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ЖАО үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан. ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ветеринариялық анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады: 1) мемлекеттік қызмет жүгінген күннің ішінде көрсетіледі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|