ҚР Үкіметінің 2014.12.02. № 78 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысымен бекітілген
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар), Астана және Алматы қалаларының аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - аумақтық инспекция) ұсынады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 13-бабының 4-тармағы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереженің 32-тармағы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекциялардың стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан. 5. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты қағаз тасығышта немесе жазбаша түрде оны беруден дәлелді бас тартуды беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|