Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы (2010.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі бекітілсін. 2. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде: 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «белгіленген тәртіппен республика меншігіне өтеусіз өткен» деген сөздер «заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 124 Қаулысымен 3 және 7-тармақтарды қоспағанда, барлық мәтін бойынша, «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органның», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе әкімдік», «немесе әкімдікке», «немесе әкімдіктің», «немесе әкімдік» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысымен бекітілген
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылатын мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беруді ретке келтіру мақсатында әзірленді және тиісті тәртіпті айқындайды. 2. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделуі тиіс.
2. Мүлікті мемлекеттік меншікке беру мен қабылдау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 124 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі мүлікті мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру туралы ұсыныспен республикалық меншік объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) не оның аумақтық органына не облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігіне (бұдан әрі - әкімдік) өтініш жасайды. Аумақтық орган мүліктің меншік иесінің өтінішін үш күн мерзімде уәкілетті органға жібереді. ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 124 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Уәкілетті орган немесе әкімдік мүліктің меншік иесінің өтінішін алған күннен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың қажеттігі туралы қорытындыны ұсыну үшін орталық атқарушы органдарды немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) мүлікті мемлекеттік меншікке беру жөніндегі ұсыныс бар екендігі туралы хабардар етеді. 5. Мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі (қажет еместігі) туралы қорытындыны дайындайды және уәкілетті органға немесе әкімдікке жібереді. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі туралы қорытындыны дайындау кезінде мемлекеттік органдар мүлікті тексеру үшін тиісті мемлекеттік орган қызметкерлерінен тұратын комиссия құруы мүмкін. ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 124 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттігі мәселесін қарау кезінде негізгі өлшемдер мыналар болып табылады: 1) мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық орындылығы; 2) мүліктің мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы. Мемлекеттік органның қорытындысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүлік тиістілігінің белгіленген нормативтері мен лимиттерін ескере отырып, көрсетілген мүлікті бекітіп беру болжанатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - мемлекеттік заңды тұлға), сондай-ақ қабылданатын мүлікті ұстау және пайдалану бойынша қаржы шығындары көрсетілуі тиіс; Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесінің аталған мүлікті беру үшін нақты мемлекеттік заңды тұлғаны айқындауы Уәкілетті органның немесе әкімдіктің орындауы үшін міндетті болып табылмайды. ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 124 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Орынды болған жағдайда республикалық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді: 1) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен астам болған кезде - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) заңды және жеке тұлғалар мүлкінің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерінен кем болған кезде - уәкілетті орган қабылдайды; Коммуналдық меншікке мүлікті қабылдау туралы шешімді әкімдік қабылдайды. 8. Бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жеке тұлғалардың мүлкін бағалау жүзеге асырылады. Ақша мен бағалы қағаздар бағалаушыны тартпастан номинал бойынша бағаланады. 9. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады. 10. Осы Ереженің 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін мүліктің меншік иесі мен қабылданатын мүлік бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ уәкілетті орган немесе әкімдік 20 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде мүлікті қабылдап алу-беру актісін (табыстау актісін) ресімдейді. 11. Қабылдап алу-беру актісі (табыстау актісі) қабылдап алу-беру актісін (беру актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада жасалады. 12. Жылжымайтын мүлікті тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 13. Уәкілетті орган немесе әкімдік жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз берілген мүлікті есепке алуды жүргізеді. 14. ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 124 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15. Бағалы қағаздар нарығының объектілерін беру мен тіркеу осы Ереженің 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. 16. Ақша түріндегі мүлік республикалық бюджеттің кірісіне есепке алынады. Шетел валютасы осы Ереженің 7-тармағында көзделген шешім қабылданған күні белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша республикалық бюджеттің кірісіне есепке алынады. Меншік иесі республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылатын көрсетілген ақшалай қаражатты осы Ереженің 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін 20 күнтізбелік күннің ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына мемлекеттік бюджетке аударады. 17. Жер учаскелерін жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 82-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 18. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қайырмалдықтар түрінде, сондай-ақ мұраға қалдыру тәртібімен беру азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 19. Мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың қажет еместігі туралы қорытындыларды ұсынған жағдайда, уәкілетті орган немесе әкімдік осы Ережеде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесіне сәйкес одан әрі іске асыру үшін мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдай алады.
|