Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорын) осы қаулының қосымшасына сәйкес қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорындарға және «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорындар мен «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғыларына тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорындардың мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|